Фонетика жєне оныњ салалары



бет47/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
Байланысты:
Фонетика дарис (3)

Эллипсис (грек.ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құры-лымдық жағынан толымсыздығы.

Эпентеза (грек.epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қо-сымша бір дыбыстың пайда болуы. Бұл кірме сөздерді қабыл-дағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Бұл көбінесе эпентеза нормаға түс-пеген ауызекі тілде жиі айтылады.

Аккомадация – морфемалар жігінде қатар келген дауыс-ты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейім-деліп айтылуы.

Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады. Дыбыстық өзгерістердің бәрі тілімізді икемді етеді, айты-луы қиын дыбыстар мен дыбыстар тіркесімін оңайлатады. Сөй-тіп, тіліміздің икемділігі мен қолданылуын жеңілдетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Дыбыстық құбылыстар деген не?

2. Протеза деген не, оған қандай дыбыстар қатысады?

3. Эпентеза деген не?

4. Эпитеза деген не?

5. Элизия дауысты дыбыста бола ма, дауыссызда бола ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет