Фонетика жєне оныњ салалары


Екпін түспейтін (қабылдамайтын) қосымшалар



бет33/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Екпін түспейтін (қабылдамайтын) қосымшалар:



  1. жіктік жалғауы,

  2. Етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы;

  3. Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалға-нып, теңеу, ұқсату, мәнін білдіретін -дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей және -ша, -ше жұрнақтары

  4. Етістік тұлғаларына жалғанып тілек, өтініш мәнін білді-ретін -шы, -ші қосымшасы.



Бақылау сұрақтары:

1. Екпін деген не?


2. Екпіннің қандай түрлері бар?
3. Екпін түспейтін қосымшалар қайсы?
4. Лебізді-динамикалық екпін деген не?
5. Тоникалық екпін деген не?
6. Екпін категориясын зерттеген ғалымдар кімдер?
Дыбыстық құбылыстар

Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары – сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі – десек, сол тіл өз-ге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Ондай сөздер азды-көпті дыбыстық өзгерістерге ұшырап, игеріледі. Дыбыстың яғни фонетикалық өзгерістері әр түрлі болуы мүмкін. Кірме сөздің құра-мындағы кей алмастырылып, кейбір дыбыстар ара-тұра буындар аласталып, керісінше, енді бір дыбыстар мен буындар жаңаланып айтылуы заңды. Сөйтіп, сөз сапалық та, сандық та өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер төл сөздерде де болып жатады.


Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндай өзгерістер-дің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, эпентеза, редукция, абсарбция, синкопа, гаплология, эпитеза, метатеза, апокопа, эли-зия т.б. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік:
Протеза (грек.prothesis - алдында тұру) сөздің алдынан ба-сы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын же-ңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бо-луы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң да-уыстылар. Олар р,л дыбыстарынан басталатын кірме сөздің ал-дына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атаушы сөздер бұл дыбыстардан басталмайды. Ы: лаж, лай, лас, лашын, лау, рас, рақмет, разы, рай, рахат, ранг, распадия, рация.
І: леген, легер, леп, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регресс, ремс, редукция, республика, Ресей.
¦: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.
Ү: Рүстем, рөл.
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі өз алдына буын бо-лып тұратындықтан, жазуда да жағаласып жүреді. Шынында, қазіргі көзі қарақты көкірегі ояу білімді қауымның айтуынша, р әсіресе л дыбысынан басталатын орыс сөздерінде протезаның күші әлсіреп барады. Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөз-дері протезамен айтылады. Араб-парсы тілдерінде де қос дауыс-сыздан сөз басталмайды. Парсы сөзі, бізде қосымша, -стан жазу-дың жұмысы. Дыбысталуы: ыстан (қазағыстан-бағ-ыстан) –істан (тәжіг-істан), үстан (Түрк-үс-тан, гүл-стан), ұстан (башқұрт-стан).
Эпентеза (гректің epenhesis – қыстырылу) сөз ішінде да-уыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Қазақ сөзде-рінің буын құрамында біртектес екі фонема дауысты мен дауыс-ты немесе дауыссыз бен дауыссыз тіркесі қатар қолданылмайды. Ал орыс тілі арқылы келген халықаралық және арабтан енген сөздердің көпшілігі осындай фонемалардың тіркесінен құрыл-ған. Ауызекі сөйлеу тілінің әдетінде осындай сөздер ішіндегі дыбыс тіркесінің арасында артық дыбысты қосып айту кездесе-ді. Мысалы: класс-кылас, аброй-абырой, наурыз-науырыз, пэма-пойэма, теория – тейория, театр –тейатр, Днепр – Дінепр т.б. осындай біртектес фонемалардың арасында артық дыбысты сыналап қосып айту эпентезиялық құбылыс болып табылады.
Редукция (лат.reducatian – қайырылу, кері қайтару) – ай-қын естілмей көмескілену немесе созылыңқылығының қысқа-руы нәтижесінде дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Негізінен редукция дауыстыларға қатысты, бірақ буындар мен сөздердің де түсуі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет