В.В.Радловтың қазақ тілі фонетикасына қатысты шық-қан еңбектері
П.М.Мелиоранскийдің фонетикаға қатысты зерттеулері
Кеңес дәуіріне дейінгі зерттеулер
А.Байтұрсынұлының қазақ тілі фонетикасына қатысты ой-пікірлері
Профессор Қ.Жұбановтың фонема теориясы
Қазақ тілін зерттеуші фонетист ғалымдар
Фонетиканы зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер
Дыбыс және фонема. Әріп.
Дыбыс - сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырата-тын ең кіші тілдік бірлік. Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы. Оны фонема (грек. phonema – дыбыс, үн деген сөзден шыққан) деп те атайды.
Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің қызме-тінің жемісі. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы: дыбыстала-ды, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белігілі бір тілде қалып-тасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, ды-быстар – тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар қызметін атқарады.
Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыстар тип-терін пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас, көз, жер, су, адам, үй, қоян, сиыр, ауыл, қала сияқты сөздерді бір-бі-рімен шатастырмай, мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар сөзді тануға қызмет етеді.
Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал, мал, қал, жал, сал, тал; жай, жақ, жап, жар, жас, жат; бар, бер, бор, бүр, бұр, бір сияқты әр түрлі сөздерді екпін бірден ажыратады. өйткені бұларда біріне-бірі ұқсамайтын дыбыстар бар. Егер бір ғана сөзді тіліміздің заңына сәйкес түрлендіретін болсақ, дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады (малдың, малға, малды, малы, малда, т.б.). Қысқасы, тіл дыбыстары сөз-дер мен морфемаларды құрастыруға (жасауға), тануға (түсіну-ге), ажыратуға қызмет етеді. Бұл дұрысы, фонемалардың негізгі функциясы (қызметі). Фонема - сөздер мен морфемаларды құ-растырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі. Ол сөз мағы-насы мен тұлғасын түрлендіреді. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Фонема - тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі. Қазіргі кездегі қалыптасқан көзқарас бойынша ал, ол, ұл, іл сөз-деріндегі а, о, ұ, і дауыстылары сөз мағынасын түрлендіріп тұр. Сондықтан да оларды дауысты фонема деп атайды. Ал ас, ат, аң, ақ сөздеріндегі с, т, ң, қ дыбыстары дауыссыз фонемалар қатарына жатады. Фонемаларды бір-бірімен алмастырғанда сөз-дің мағынасы өзгеріп шыға келеді және ол дауыстылар жасалым тұрғысынан әрі қарай бөлшектеуге келмейді. Фонеманың айты-лым белгілері оның сөздегі орнына, көрші дыбыстардың әсері-не, сөйлеу қарқынына, т.б. фонетикалық шарттарға байланысты түрлі-түрлі болады. Мысалы, түс, тыс, тіс, тұс деген сөздердегі т және с дыбыстары жуан еріндік, жіңішке еріндік, жуан езулік, жіңішке езулік болып төрт түрлі дыбысталады. Дыбыстардың осындай түрлерін тіл білімінде аллофондар деп атайды. Яғни олар бір фонеманың әр түрлі аллофондары болып табылады.
Соңғы кезде қазақ тілі фонетикасында сингармонизм тео-риясының нәтижесінде фонема жоқ деген ғалым Ә.Жүнісбектің пікірі пайда болды. Ғалым фонеманың орнына буын көлеміндегі «сингема» деген терминді қолдануды ұсынады. Ал бұл қайшы-лықтан шығудың өзге жолдарын ұсынып жүрген М.Жүсіпов бастаған ғалымдар қазақ тілі үшін «сингармофонема, сингармо-аллофон» деген терминдерді фонеманың баламасы ретінде қол-данады.
Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен алмасым (чередования) тән. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон деп атайды.
Әріп - дыбысқа берілген шартты таңба. Әріпті жазамыз, көреміз. Бір ғана дыбысты әр түрлі өрнектей беруге болады. өзі-мізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады. Сонымен әріп дегеніміз тілдегі дыбысты жазуда белгілейтін графикалық таңба болып табылады екен. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасын-да табиғи байланыс жоқ. өйткені ол – шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді. Мысалы, қазіргі әліпбиіміздегі е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ- қатаңдықты, ь – жіңішкелікті белгілейді. Қазіргі қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылғы орыс графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілген. Әріптің баспахана ісіне бейім-делген баспа түрі және қолмен жазу түрі болады. Әріптің жазба түрін жазу деп атаймыз. Ол қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңбалар қатарына жатады. Әріпте құ-былмалылық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ адамдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады.
Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о,ө, ұ, ү), кейде бір әріп (мәселен, ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, иа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жоқ. Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық туды-рады. Мәселен, адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл, кел, ескер, мен т.б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегенде айтуда оқұ, ойламба, тоңға, башшы, көссүз түрінде болады. Әңгіме дыбыс туралы болған кезде әр кез сөздің айтылуы ескеріледі.