Фонетика жєне оныњ салалары



бет30/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Бақылау сұрақтары:

1. Буын деп нені айтамыз?


2. Буынның қандай түрлері бар?
3. Буын жігін қалай табуға болады?
4. Қ.Жұбановтың буынға байланысты мақаласы қалай аталады?
Тасымал

Тасымал – жазып келе жатып, жолға сыймай қалған сөз-дің бір немесе бірнеше буынын екінші жолға көшіру. Сөздің соңғы буындары дефис (-) арқылы тасымалданады. Буынның қалай пайда болатыны, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алды-мен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса ма-ңызды ұғым – сөздің буын жігін табу, немесе сөзді буынға бөлу.


Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны анық. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыз-дардың қай жағына қарап кететініне байланысты.
Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан да А.Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын тәптіштеп түсін-діреді. Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін, ережесін ұсын-байды.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас,ант, ұлт, ас-қа, ат-қа, ант-ты, ұлт-тық. Сондықтан бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан бастал-майды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыс-сыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұста-ған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. «Осы қоры-тындыға сүйене отырып,-деп жазды Қ.Жұбанов отызыншы жыл-дары, - буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шола-мыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып, әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз. Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады».
Қазақ сөзінің буын жігін тап басып, дәл анықтайтын бұл қарапайым қағиданы меңгеруге көп білімнің керегі жоқ. Осыны ұстанып небір көп буынды сөздерді де оп-оңай буынға бөлуге болады: қа-на-ғат-тан-дыр-ма-ды. «Қазақ тілінің орфогра-фиясының негізгі ережелерінде» (52-бап): «и, у әріптері бар сөз-дер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, ти-ын, жи-ын», - дейтін ереже бар. Қазақ сөзінің буын жігін тап басып, дәл анықтайтын бұл қарапайым қағиданы меңгеруге көп білімнің керегі жоқ. Осыны ұстанып небір көп буынды сөздерді де оп-оңай буынға бөлуге болады: қа-на-ғат-тан-дыр-ма-ды. «Қазақ тілінің орфографиясының негізгі ережелерінде» (52-бап): «и, у әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, ти-ын, жи-ын», - дейтін ереже бар. Жасанды и,у әріптерінің алдындағы дәрменсіздіктен туған бұл ереже және сөз қос дауыссыздан да басталады дейтін пікір буын жүйесіне, дыбыстық заңға мүлде қайшы, кереғар екенін түсінуге тиіспіз. Тілміздің тарихи даму нәтижесінде қалыптас-қан заңдылықтар өз күшін сақтағандықтан, қазақ тілінде дауыс-тыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: ас, ант, ат-қа, ұлт-тық. Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағи-даны берік ұстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын бол-майды. Сонда, сөздің тасымалдануы осы буынға байланысты. Демек, сөз буын жігімен тасымалданады. Мысалы: қа-лалық, қала-лық, Отаны-мыз, баян-дауыш, баянда-уыш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет