Фонетика жєне оныњ салалары


Қазақ тіліндегі буын жайы



бет26/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Қазақ тіліндегі буын жайы

Қазақ тілінің буын жігіне байланысты проф. Ә.Жүнісбек төмендегідей пікір ұсынады: «Қазақ тіліндегі буын құрылымы-ның талданым нәтижесі буын жігінің неге оңай табылатын се-бебін көрсетті, оның белгілі бір фонологиялық негізі бар екен. Түркі тілдеріндегі буын жігінің оңай табылатын себебі буын төрт үндесім әуездің бірімен айтылады, сондай-ақ түркі тілде-рінде (дәстүрлі фонетикада қалыптасқан көзқарасқа керісінше) буыннан кіші морфема жоқ». Сонымен ғалым пікірі бойынша қазақ тіліндегі буынның басты өзгешелік белгісі оның үндесім тұрқында болып табылады. Басқаша айтқанда буын құрамында-ғы дыбыстар өзара белгілі бір әуез арқылы кірігеді, сөйтіп барып бір буын құрайды. Буын құрап тұрған дыбыстардың ара-сындағы өзара әуез бірлік қазақ (түркі) тілдерін өзге тілдерден бөлектеп тұратын ерекше белгі. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ тіліндегі буынның әуез белгісі туыстас тілдерді (түркі тілдерін) өзара біріктіріп тұратын типологиялық ортақ, ал туыс емес тіл-дерді өзара ажыратып тұратын типологиялық айырым белгі болып шығып отыр.


І.Кеңесбаевтың пікірінше қазақ тіліндегі буынның негізі дауысты дыбыс болып табылады, ал дауыссыздар сол дауысты-ларға икемделіп тұрады. Ғалым орыс тіл біліміндегі «қарқын теориясын» қолдайтынын білдіреді .
Түркі және қазақ тіліндегі буын құрылымын қарастыра ке-ліп акад. А.Қайдаров оның алты түрін атайды және олардың не-гізінен барлық түркі тілдеріне тән екеніне тоқталады .
Проф. М.Исаев қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-лық ерекшеліктерін өзара салыстыра келіп, қазақ тілінің өзіндік іргелі белгісі жайлы: «Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сө-зінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады» деген пікірге тоқтайды. Ғалым еңбегінің бас-ты ерекшелігі зерттеу нысаны ретінде жазба мәтінді емес, сөй-ленім мәтінді алғандығында. Сондықтан зерттеу нәтижелері қа-зақ тілінің шынайы айтылым тұрқын, жазу ықпалынан бөліп алып, дәл көрсетеді.
Қазақ тіліндегі буын мәселесін сингармонизм тұрғысынан арнайы қарастырған Ж.Нәзбиев болды: «…сингармонизмнен туынайтын буын сапасының сипаттамасына, яғни бірыңғай әуездің физиологиялық және акустикалық көрінісіне көңіл аударамыз. Басқаша айтқанда, біз буын түрлеріне (ашық, тұйық, бітеу) немесе буын құрамындағы дыбыстардың ассимилятив түрленіміне (қатаңдау, ұяңдау …) емес, буынның артикуляция-лық, акустикалық және перцепциялық жалпы сипатына көңіл бөлеміз». Бұдан байқайтынымыз автор буынның фонологиялық бірлік ретіндегі сипаттамаларына баса назар аударады. Автор зерттеуі буынның үндестік белгілерін талдауға арналған.
Қазақ тілінің буын категориясына алғаш арнайы көңіл бөліп, оны зерттеу объектісіне айналдырған З.өтебаева бола-тын. З.өтебаева проблеманың зерттелу тарихын өте тәптіштеп және тиянақты саралап шыққан, мол теориялық материалды қамтыған. Ғалым буын мәселесін шешудің жолын акустикалық тұрғыдан қарастырады да негізінен экспериментті-фонетика-лық әдісті пайдаланады. Буын құрамындағы дыбыстардың созы-лымдылығын, қарқынын және спектрін жан-жақты қарастыра-ды. Буын табиғатын осы акустикалық параметрлердің сандық-сапалық өзгерістерінен іздейді. Дыбыс акустикасын басты белгі ретінде қарастырады.
Соның нәтижесінде З.өтебаева буын теориясының тари-хын талдай келіп, оның ішіндегі «артикуляциялық теорияға» сын көзімен қарайды. Ғалымның ойынша буын табиғатын арти-куляциялық тұрғыдан шешу мүмкін емес, буынға қатысты көп-теген фонетикалық құбылыстар көзге ілінбей қалады. З.өтебаева негізінен сол кездегі буын табиғатына деген басым көзқарасты қолдайды және эксперментті-фонетика бәрін шешіп береді деген бағытты ұстанады.
Алайда ол кезде қазақ фоникасында әлі де болса басы ашылмай жатқан мәселелердің басы баршылық еді. Бертін келе қазақ тілінің артикуляциялық базасы жайлы соңғы мәліметтер буын табиғатына деген көзқарасты түбегейлі өзгертті және оны зерттеудің артикуляциялық әдістемесін тауып берді. Оның ең бастысы қазақ тіліндегі үстеме артикуляция теориясы болды. Шындығында, егер біз тек дыбыстардың негізгі артикуляциясын ғана ескеретін болсақ, онда буын ғана емес, өзге де фонетика-лық құбылыстардың басын аша алмаған болар едік. Дыбыстар-дың негізгі артикуляциясы олардың жалаң сипаттамасы ғана бо-лып қала беретін еді. Негізгі артикуляцияға үстеме артикуляция-ның қосылу арқасында қазақ фонетиксындағы көптеген мәселе-лердің басын ашуға мүмкіндік туды. Мысалы, дыбыстың жасалу орнына қатысты мәлімет (айталық, тіл ұшы немесе тіл ортасы) дыбыстың тек жасалу орнын ғана көрсетеді де қояды. Ал оған үстеме артикуляция қосылса, онда біздің естілім тұрғыснан түй-сінетін дыбыс реңтерінің саны мен мөлшері бірнеше есе көбейіп кетеді екен. Міне, осы соңғы үстеме артикуляциядан туындай-тын фонетикалық мәліметтер дыбыс, буын, сөз табиғатына қа-тысты көптеген беймәлім жаңалықтарды табуға көмектеседі.
Қазақ тілінің буын құрылымын талдағанда евроцентристік бағыт ұстанады, соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстары дауысты (гласный), үнді (сонант) және салдыр (шумный) болып үшке бөлінеді. Дыбыстардың бұлай жіктелім реті үнді-европа тіл біліміне тән екенін білеміз. Бұл олардың тіліне тән белгі бо-лып табылады. Ал қазақ тілі үшін мұндай жіктелім әдісі жара-майды. Себебі қазақ тілінің морфологиялық құрылысы дауыс-сыздардың үнді, ұяң және қатаң болып үш топқа жіктелуін қатаң талап етеді.
Жалпы буын мәселесіне келгенде ғалымдар арасында алшақ пікір жоқ, алайда буын шегін анықтауға келгенде ортақ пікір таба қою қиын. өйткені әр тілдің өз заңдылығы бар. Соңғы кезде түркі тілдерінде сөз соңына түсетін тұрақты екпін бар деген қағида о бастан қалыптасып қалған. Сондықтан да сөздің шегін сөз соңындағы екпін көрсетеді деп есептеледі. Осы пікір түркі, оның ішінде қазақ тіл білімінде, әбден орнығып алған.
Жалпы тіл білімінде буын күрделі тілдік құбылыстардың қатарына жатқызылады да оған зерттеушілер арнайы көңіл бө-ліп отырады. Буынның табиғатына қатысты да бірнеше теория бар. Буын теориясына арналған зерттеулерден екі нәрсені бай-қауға болады. Бірінші, буын тарихы өте әріден басталады екен. Екінші, буын табиғаты жайлы зертеушілер әзірге бір тоқтамға келе қойған жоқ. Алайда, сол теориялардың ішінен ең көп тара-ғаны қарқын (экспираторная теория), дауыс (сонорлық) және айтылым қуаты (теория мускульного напряжения) теориялары болып отыр. Қарқын теориясын ұстанған зерттеушілер сөйлеу үстіндегі ауа бір қалыпты шықпайды, керісінше, ауа қарқыны бір күшейіп, бір басылып дүркін-дүркін шығады. Бір дүркін шыққан ауа толқыны бір буын болып табылады деп түсіндіреді. Сонда ауаның қарқыны бәсеңдеген сәт буын мен буынның арасындағы шегара болмақшы. Ал дауыс теориясы бойынша сөйлеу үстіндегі дыбыстарға үн қатысы бірдей болмайды. Бір дыбыс басым дауыспен айтылса, екінші дыбыс, керісінше, бәсең үнмен айтылады. Сөйтіп басым үнмен айтылған дыбыс қасын-дағы бәсең дауыспен айтылған дыбысты өзіне бағындырып оты-рады. Басым дыбыс пен бәсең дыбыс өзара тіркесіп бір буын құ-рап отырады. Соңғы буынның айтылым қуатына байланысты теория бойынша бір дыбысты айтқанда сөйлеу мүшелеріне күш көп түседі, ал енді бір дыбыстарды айтқанда, керісінше, сөйлеу мүшелері босаң қатысады. Ендеше сөйлеу мүшелеріне көп күш түсіп жасалған дыбыс босаң айтылған дыбысты өзіне тартып, буын қүрап отырады. Сонымен бір ғана буын құбылысын үш теория үш түрлі анықтап отыр.
Қазақ тілі білімінде бұл теориялар арнайы сөз болмаған. Сөйтіп қазақ тіліндегі буынның тілдік және физиологиялық та-биғатының әзірге басы ашылмаған. Лингвистикалық анықтама-лар тек буынның дыбыс құрылымы мен оның түрлерін ғана анықтап беріп отыр.
Жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қара-са буынның тілдік табиғаты аса күрделі құбылыстардың бірі болып табылады екен. Ендеше қазақ тіліндегі буын құбылысы-ның артикуляциялық және акустикалық табиғатын ашу, ең бас-тысы қазақ тіліндегі буынды буын етіп тұрған лингвистикалық пәрмен не деген сұраққа жауап беру керек сықылды. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі буынның дыбыс құрамы мен оның ше-гарасының фонетикалық сипаты мен көрінісінің басын ашып алу керек.
Түркі лингвистикасындағы буынға көзқарасты проф. Н.А.Баскаков былай деп баяндайды: «Түркі тілдеріндегі фраза, сөйлем, сөз тіркесі және жеке сөздің құрылымы буынның қар-қынды (экспираторлық) жасалымын дәлелдейді. Түркі буыны-ның өзінің дыбыс құрамы мен буын жігіне қатысты өзіндік ерек-шеліктері болумен қатар, өзге тілдермен үйлесіп жататын ортақ белгілері де жоқ емес».
А.Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, "Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға "бітеу" деп ат қойындар; буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға "ашық" деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға "тұйық" деп ат қойыңдар" деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы "буын-шы" әріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын кұрау-дағы дауысты әріптердің мәнін "әлгі әріптер кіріспейтін буын" болмайды деп көрсетеді. "Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріпті-лерін бір бөлек шығарып жазындар" деген тапсырма жаттығуы-нан А.Байтұрсыновтың буынның дыбыс кұрамын да анықтап кеткенін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек да-уыстылардың ғана буын құрай алатындығы, буын түрлері, олар-дың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс құрамы мен буын ат-тары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.
Буын мәселесіне арналған келесі лингвистикалық еңбектер осы А.Байтұрсынов ережелерін негізге алып отырады. Айырмашы-лық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болып келеді. Проф. Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына қарай алты түрін көрсеткен. "Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқы-лы) жасалады" дей келіп, осы үрдісті проф. І.Кеңесбаев та ұста-нады, буын түрлерін ашық, түйық және бітеу деп бөліп, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді. Буын сипатын, түрлерін, жігін, дыбыс құрамын кеңінен талдаған С.Мырзабеков "Буын - ... ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы" деген анықтама береді. Ал буын түрлерін "Құ-рамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәрті-біне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы" деп көрсетеді. Буын түрлері мен оның дыбыс құрамының осы іспеттес анықтамасы қазақ тілі оқулықтарында ең кең тараған сипаттамасы болып табылады. Сонымен буын түрлерінің жікте-лімі мен дыбыс құрамына қатысты пікірдің қазақ лингвистика-сында бірыңғай екенін байқауға болады.
Қазақ тіліндегі буын қондырғы (инструменталь) әдісімен де зерттелген. Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сан-дық-сапалық нәтижелері буын жігін ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дәлелденген. Буын құбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып, проф. Ә.Жүнісбеков: «Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сөзінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын бо-лып табылады» деп, теориялық қорытынды жасайды. Қазақ ті-ліндегі буын орфоэпиясын (айтылымын) сөз еткенде осы тео-риялық қисынды басшылыққа алынады. Буын құрамындағы ды-быстар белгілі бір қатаң жүйеге бағынып барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі болу керек. Арти-куляциялық негіздің акустикалық (естілім) нәтижесі болады. Қа-зіргі кездегі қондырғы құралдар мен компьютерлік программа-лар буын және оның құрамындағы дыбыстар тіркесінің акусти-касын көрнекі суреттеп бере алады. Ендеше буынның басынан аяғына дейінгі яғни өне бойындағы дыбыстар тізбегінің суретін алып, буын орфоэпиясының артикуляциялық және акустикалық көрінісін байқап-бақылауға болады деп болжам жасауға болады.
Қазақ тіліндегі буын түрлерінің, әсіресе, олардың дауысты немесе дауыссыз дыбысқа бітуінің морфологиялық деңгейге ті-келей қатысы бар екендігі белгілі. Себебі келесі жалғанар қо-сымша дауыстыға басталады ма, әлде, дауыссызға басталады ма, ол — алдыңғы буынның соңғы дыбысына тікелей байланысты кездері болады. Сонымен қатар алдыңғы буынның соңғы дыбы-сы мен соңғы буынның бастапқы дыбысының арасында да да-уыс қатысына тікелей байланысты тұстары бар: буынның дауыс-ты, қатаң, ұяң немесе үнді дыбысқа бітуіне қарай қосымшаның бастапқы дыбысы құбылып отырады. Осы зандылықтар қазақ тілі үшін аса актуал болып табылады. Ендеше қазақ тілінің буын жүйесін буын түрлері мен оның дыбыс құрамын дауысты-да-уыссыз тұрғысынан ғана жіктеп қойған жеткіліксіз болады екен. Мұндай жіктелім тасымал талабына сай келіп, тасымал ереже-лерін ғана құрастыруға ғана жарайды. Лексика (сөз) деңгейінде кемістігі жоқ талдау морфология (қосымша) деңгейінде жарамай қалып жатыр. Лексикалық деңгейде буын түрлері мен оның ды-быс құрамы үшін түбір сөздің де, туынды сөздің де мәртебесі бірдей: бақ та бір сөз, бақташы да бір сөз. Екі жағдайда да бақ - бітеу буын, ал та — ашық буын. Осы жіктелім тасымал үшін жеткілікті. Ал морфологиялық деңгей үшін: бақ бірлігінің бітеу буын екендігі жеткіліксіз, оның қатаң дауыссызға аяқталып отырғанын қоса ескеру керек. Ендеше та ашық буыны, бірінші-ден, дауысты дыбыстан бастала алмайды, егер дауысты дыбыс-тан басталатын болса, онда бақ бірлігі бітеу буын бола алмайды. Екіншіден, ол тек дауыссыз дыбыстан басталады, оның үстіне бастапқы дыбыс тек қатаң дыбыс болу керек. Бастапқы дыбыс қатаң дауыссыз болмаса, бақ пен та тіркесе алмайды. Сондық-тан буын құбылысының өзін екі деңгей түрғысынан қарастырған жөн сықылды. Ол үшін буынның дыбыс құрамын іштей тағы жіктей түсуге тура келеді.
Буынның дыбыс құрамы іштей екі салаға жіктеледі: бірін-ші, буын құрамындағы дыбыстың дауыс қатысына қарай, мыса-лы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың дауыс қаты-сына қарай жіктеледі: жаз - үнді дауыссызға аяқталып тұр, жас - қатаң дауыссызға аяқталып түр; жан - үнді дауыссызға аяқта-лып тұр. Сонда, мысалы, ілік септік жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: жаздың - ұяң з дауыссызынан кейін тек ұяң д дауыссызы, жастың - қатаң с да-уыссызынан кейін тек қатаң т дауыссызы, жанның - үнді н дауыссызынан кейін тек үнді н дауыссызы.
Екінші, буын құрамындағы дыбыстың әуез қатысына қа-рай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың әуез қатысына қарай жіктеледі: қаз — жуан езулік дауысызға аяқта-лып тұр; кез жіңішке езулік дауыссызға аяқталып тұр, құз — жуан еріндік дауыссызға аяқталып түр; күз — жіңішке еріндік дауыссызға аяқталып түр. Сонда, мысалы, тағы да ілік септігінің жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: қаздың - жуан езулік з дауыссызынан кейін тек жуан езулік д дауыссызы, кездің - жіңішке езулік з дауыссызынан ке-йін тек жіңішке езулік д дауыссызы, құздұң - жуан еріндік з да-уыссызынан кейін тек жуан еріндік з дауыссызы, күздүң – жі-ңішке еріндік з дауыссызынан кейін тек жіңішке еріндік д дауыссызы.
Әрине, бұл зандылықтардың реті бір түбірден бір қосым-шаға қарай бірдей бола бермейді: соңғы ұяң дыбыстан кейін келесі буынның бастапқы дыбысы ұяң бола бермей, үнді де бола береді. Алайда басты заңдылық яғни дыбыс талғампаздық әр уа-қытта сақталып отырады. Сонда қазақ тіліндегі буынның басқы және аяққы дыбыстарының артикуляциялық және акустикалық белгілерінің лингвистикалық мәні бар болып шықгы. Лингвис-тикалық мәні бар фонетикалық құбылыстың әрқашан да артику-ляциялық және акустикалық тірегі болады. Бұл — іргелес ды-быстардың арасындағы фонетикалық шарт.
Ал буын құрамындағы дыбыстардың бір-біріне икемделуі сингармонизм заңына байланысты екендігі жайлы деректер жеткілікті. Қазақ лингвистикасындағы сингармонизм теориясы көп мәселенің басын ашып берді. Сингармонизмді теориялық тұрғыдан зерттеу жеткілікті. Енді болса буын артикуляциясы мен акустикасын кешенді инструментал зерттеудің нысанына айналдыру кезекте тұр. Мысалы, қи (қый), ки (кій), құй (құй), күй (күй) немесе қиын (қыйын), киін (кійін), құйын (құйұн), күйін (күйүн) деген т.б. сөдердің буын құрамын сингармонизм тұрғы-сынан сипаттап шығу тек дауысты дыбыстарға байланысты бол-мау керек. Сингармонизмнің артикуляциялық белгісі ауыз куы-сындағы тілдің көлденең және еріннің езулік-еріндік қалпына қатысты десек, онда буынды бөліп-жармай, бүтін буынның тіл мен ерін артикуляциясын яғни "буын артикуляциясын" сипаттап шығу керек.
Жалпы лингвистикалық, сондай-ақ түркологиялық ғылы-ми әдебиеттерге сүйенетін болсақ қазақ тіліндегі буын құбылы-сын сингармонизмнен тыс зерттеуге болмайды деп жорамал жа-саймыз. Себебі буын, оның дыбыс құрамы, дыбыстардың үнде-сім құрамы, ең бастысы буын жігін табудың әдісі сингармонизм арқылы шешілуге тиіс.
Тіл құрамындағы басты бірліктердің бірі ретінде буынның тіл құрылымында алатын орны ерекше. Сондықтан да қазақ ті-лінің граммматикаларында (оқулықтар, оқу-әдістемеліктер мен оқу-құралдары) міндетті түрде буынға арналған бөлім беріліп отырса, буын жайына арналған зерттеулер де жоқ емес, өзге ұлт мектептеріне арналған оқулықтарда буын жайлы мәліметтер бар. Алайда қазақ тілі грамматикалары мен өзге де сол саладағы еңбектерде буынның құрылымы мен дыбыс құрамы ғана сөз болып келді. Ал зерттеу еңбектері болса, негізінен буынның акустикалық белгілерін сипаттауға арналды. Сөйтіп буынның артикуляциялық сипаты назардан тыс қалып келді. Егер кез-келген тілдік бірліктің (оның ішінде буын да бар) негізінде ал-дымен артикуляция жататынын ескерсек, онда буын мәселесінің шешімін артикуляциядан іздеуіміз керек болады. Ал оның акустикасы мен естілім белгілері сол артикуляциядан барып туындайтын қасиеттер екені лингвистикада даусыз дәлелденген.
Қазақ тіл біліміндегі буын проблемасы негізінен буынның құрылым түрлері мен олардың дыбыс құрамын, фонетика-фоно-логиялық табиғаты, тілдегі қызметі мен буын жігі мәселелеріне арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет