Тілдік акустика
Тілдік акустика (грек. akustikos – естілім) дыбыстардың жасалуы мен естілуін, дыбыстық белгілерді қарастырып, дыбыс құрылымы мен оларды танып-білетін қондырғыларды жасайтын жалпы акустиканың бөлімі болып табылады. Сөйлеу үрдісін акустикалық тұрғыдан екіге бөлуге болады: 1) дыбыстың ауыз қуысында жасалуы; 2) дыбыстың ауыз және мұрын қуысы арқылы кеңістікке таралуы.
Дыбыстың ауыз қуысында жасалуының үш жолы бар:
– дауыс жарғағының бірыңғай тербелісі арқылы пайда болатын дыбыстар;
– сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысуы арқылы пайда болатын дыбыстар;
– сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен тоғысуы арқыл пайда болатын дыбыстар.
Дыбыс көзі немесе дыбыстың пайда болу жолына қарай дыбыстар төмендегідей жіктеледі:
1) дауыс арқылы – дауыстылар мен үнділер;
2) салдыр арқылы – қатаң жуысыңқы дауыссыздар мен қатаң аффрикаттар;
3) леп арқылы – қатаң тоғысыңқы дауыссыздар;
4) дауыс пен салдыр арқылы – ұяң жуысыңқы дауыссыз-дар мен ұяң аффрикаттар;
5) дауыс пен леп арқылы – ұяң тоғысыңқы дауыссыздар.
Дауыс арқылы жасалған дыбыстардың спектрі бірыңғай тербелмелі болады. Дауыс желбезегінің (жарғағының) серпілісі-не тән ең төменгі жиілікті негізгі тон деп атайды. Оны FO бел-гісімен белгілейді. Ал осы негізгі тонға еселеніп қосылып оты-ратын үстеме жиіліктерді гармоника деп атайды. Тербеліс жиі-леген сайын гармониялардың қарқыны азая түсетіндігі белгілі. Салдыр және леп арқылы жасалған дауыссыздардың спектрі бір-тұтас болады. Ауыз және мұрын қуыстарын дыбыс тербелісте-рінің белгілі бір бөлігін күшейтіп не әлсіретіп отыратын резо-наторлар деп қарастыру қажет. Соның нәтижесінде әр дыбыс-тың өзіне ғана тән спектрі пайда болып, қалыптасады. Осындай әр дыбыстың өзіне ғана тән тербеліс жиіліктерін сол дыбыстың форманттары деп атайды. Форманттар төмендегі жиіліктен жо-ғарғы жиілігіне қарай нөмірленеді: F1, F2, F3. Әдетте формант-тардың саны үштен аспайды. Дыбыстарды қондырғы аппараттар арқылы талдағанда спектрдің ең көрнекі тұстарын формант деп белгілейді. Дауысты дыбыстар мен үнді дыбыстар біркелкі жа-салады. Бірақ та дауыстылардың тербелісі үнділердің тербелісі-не қарағанда ауқымдырақ келеді. Сол сияқты дауыстылардың спектрінде жоғары жиіліктер молынан кездессе, үнділер де ол жоқтың қасы. Дауыстылардың да, дауыссыздардың да спектрін-де форманттар бір-біріне жақын не алшақ орналасуы мүмкін. Егер жақын орналасса, жинақы дыбыстар деп, ал алшақ орна-ласса, шашыраңқы дыбыстар болып жіктеледі.
Дыбыстарды акустикалық тұрғыдан қарастырғанда олар-дың спектрден басқа тағы да созылым белгісі бар екендігін атап өткен дұрыс. Тоғысыңқы дауыссыздар айтылу ретіне қарай екі бөліктен тұрады. Бірінші – сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен то-ғысу сәті, екінші – сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен кілт ажырау сәті, ал аффрикат дыбыстар үшін – сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен ажырау сәті.
Сөйлеу кезінде сөз құрамындағы дыбыстар бір-бірімен үз-діксіз байланысып, бір-біріне әсер етіп, біріне-бірі икемделіп жататындығы белгілі дүние. Осымен байланысты олардың акус-тикалық көрінісі де үздіксіз құбылып отырады. Сол себепті де дыбыстардың орнықты және өтпелі бөліктерін шамамен табуға ғана мүмкіндік бар. Кейбір тұстарда дыбыстың орнықты, негізгі бөлігі жоғалып кетеді. өйткені дыбыстың негізгі тоны, созылы-мы, қарқыны сөйлеумен тығыз байланысты және олар белгілі бір ретпен өзгеріп отырады.
Тіл білімінде тілдік акустиканың негізін салған Ф.Гельмгольц болып табылады. Ол резонаторлар теориясын ал-ғаш рет ұсынып, оны фонетикаға қатысты қолданған болатын. Кейіннен бұл теорияны ары қарай Ц.Тибла, М.Кадзияма секілді ғалымдар одан әрі дамытты. Ал сөйлеу теориясына қатысты ғы-лыми ой-тұжырымдарды қалыптастыруға нақты үлесін тигізген ғалымдар ретінде Г.Фант, В.Бондарко, Л.Зиндерлерді атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |