Фонетика жєне оныњ салалары



бет6/55
Дата23.09.2023
өлшемі10,64 Mb.
#109963
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Лекция Фонетика

Бақылау сұрақтары:



  1. Фонетика нені зерттейді?

  2. Фонема туралы ілімнің негізін салған кім?

  3. Дыбысқа берілген шартты таңба қалай аталады?

  4. Фонетиканың қандай салалары бар?

  5. Тілдегі ең кіші дыбыстық бөлшек қалай аталады?

  6. Қазақ тілі фонетикасын зерттеген ғалымдар кімдер?

  7. Тарихи фонетика нені зерттейді?

  8. Физиологиялық фонетика нені зерттейді?

  9. Эксперименттік фонетика нені зерттейді?

  10. Фонология нені зерттейді?

Фонетиканың зерттелу тарихы

Қазақ тілі фонетикасын зерттеуші ғалымдар тілдің дыбыс-тық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму тари-хындағы өзгерістерді айқындауды ХІХ ғасырдың екінші жарты-сындағы зерттеулерден бастайды. Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасал-ған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойын-ша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбек-терінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді, оны төмендегі шолуымыздан бай-қауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.


Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И.Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Ма-териалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-д, е, ы, і, о-ц, у-я), дауыссыздар-дың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; kЁ, ғ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық д (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.
Дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен ћ спиранты кездеспейді. Шамасы, Н.И.Ильминскийдің еңбегі батыс қазақтарының тіл материалдары негізінде жазылса керек. Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы, комбина-торлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. Одан соң М.Терентьев жазған «Грамматикада» қазақ фонетикасы жө-нінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыс-тардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы (ч-ш, ш-с, м-б, л-д, к-г) жайында, сөздің екінші буынында келетін ы қысаң дауыстысының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет береді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В.Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. В.Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті. Түркі тілдері фонети-касының сан алуан мәселелері, лингвистиканың сол кездегі ком-паративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В.Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтқанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану ерекшелігі, дыбыс-тардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған. Қа-зақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, д, е, о, ц, у, і, и, ь), кон-сонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, да-уыссыздарды қатаң (q, k, t, р, s, љ), ұяң (г, g, d, b, z, ћ), үнді (n, m, з, r, l, Й) және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсын-ған мына екі мәселені мақұлдай алмаймыз: оның бірі — w, j дыбыстарын аралық дыбыстар деп сонор дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз ма-ғынасын ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі тәжі-рибе фонетикасының берген мәліметіне қарағанда түркі тілде-рінде оның ішінде қазақ тілінде w (у), j (й) дыбыстары акусти-ка-артикуляциялық табиғаты бойынша сонор немесе үнді ды-быстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылар-дың ыңғайына қарай әр түрлі вариантта айтыла береді. Мәселен, ал, ел, ол сөздерін алайық, мұнда «л» соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан (ал), бірде жіңішке (ел), бірде ерінмен (ол) айтылып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай бір ғана фо-неманы құрай алады. Фонема сөзде әлденеше фонетикалық-комбинаторлық вариантта кездесе береді. Демек, В.Радлов л сонорының фонематикалық қасиетін теріс түсінген. В.Радлов «Фонетикасын» сөз еткенімізде мына үш мәселе есте болуы қажет: оның бірі — екпін мәселесі, екінші мәселе — дыбыстар-дың дистрибуциясы, үшіншісі — түркі тілдерінің үндестік за-ңы. В.Радлов көп буынды сөздерде сөз аяғына түсетін негізгі екпінін басқа көмекші екпіндердің болатынын, көмекші екпін-нің фонетикалық табиғаты үнді (музыкалық) екпін екенін айта-ды. Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстар-дың, дистрибуциялық ережелеріне едәуір көңіл аударып, дыбыс тіркесімдері жайында біраз мәлімет берген. В.Радлов түркі тіл-дерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап (палаталды — езу, лабиалды — ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр деп қорытады. П.М.Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тара-уында дыбыстардың артикуляциясы (жасалуы), дыбыстардың комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану жайы, үн-дестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Да-уыстылардың протеза, элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ мәлімет береді.
П.М.Мелиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, д, е, ы, і, о, ц, у, я), консонантизм саласы жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, p, л, к, г, ч, 1, қ, ғ, ң, й, ǐ-дж) құралатынын атап өтеді. Дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң деп жіктеп, графикаға қатысын да анықтайды. «Қу, ту, би» сөздерінде айтылатын «у, и» дыбыстарын естілуіне қарай созылыңқы ды-быстар деп таниды. П.М.Мелиоранский, В.Радлов айтқан пікірді қуаттай отырып «л» сонорының жуанды-жіңішкелі түрде айты-латын вариантын дербес фонема деп түсінеді. Тіл ортасы «к, г» және тіл арты «қ, ғ» дыбыстарын көмей дыбыстары деп, олар-дың артикуляциялық жасалу орнын теріс көрсеткен.Қазан төң-керісіне дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И.Лаптевтың «Мате-риалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) және Н.Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді. Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады. Ал Н.Ф.Катанов «Опыт исследования урянхайского языка» (Казань, 1903) атты еңбегінде қазақ тілі дыбыстарын өзге түркі тілдердің материалдарымен салыстыра, қазақ тіліне тән кейбір заңдылық-тарды көрсетеді. Г.В.Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алма-суы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редук-циясы), үндестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз бо-лады. Бұл ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз деп үш топқа жіктеп көрсетеді. Ауыздың ашылу түріне қарап дауыссыздарды ашық (а, ә), жарты ашық (е, о, ө), қысаң (ы, і) және жарты қысаң (ұ, ү) деп төрт топқа жіктеп өтеді.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілі жайында жазылған ша-ғын еңбектерде фонетика мәселелері грамматиканың құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді. Қазақ тілінің дыбыс құбылысы белгілі жүйеге салынып әржақты талданған емес. Фонетика құбылыстары жай ғана артикуляциялық фонетика тұрғысынан қаралды да, зерттеу әдістері анықталмай қалды. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы қазақ даласын отарлауды аяқтап, орыс шаруаларын жаппай қоныстандыруды қолға алды. Мұның өзі қазақ халқының тілін, дінін, тұрмыс-тір-шілігін, салт-санасын білуді бұрынғыдан да жандандыра түсуге мәжбүр етті. Осы мақсатпен орыс оқығандары бірсыпыра зерт-теу жұмыстарын жариялады. Олардың ішінде күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоймаған құнды еңбектер де бар. Алғашқы қазақ газеттері дүниеге келіп, қазақ тілінде кітап шығару жан-дана бастады. Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш пікір, зерттеулер, қа-зақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктер де осы тұста дү-ниеге келе бастады. Бұларда қазақ сөздері орыс графикасымен жазылды. Тілдің дыбыстық құрылымын, айту, жазу нормаларын зерделеу үшін, араб жазуымен салыстырғанда, мұның маңызы зор. Қазақ сөздерін алғаш орыс графикасымен жазған миссио-нер Николай Иванович Ильминский (1822-1891) еді. Ол 1860 жылы Қазанда «Материалы к изучению киргизского наречия» деген 162 беттік еңбегін жариялады. Оның 140 беті – қазақша-орысша сөздік. Сөздіктің бас жағында автордың қазақ тілі, оның дыбыстық, грамматикалық жүйесі жөніндегі пайымдаулары баяндалған. Араб жазуын орыс жазуымен алмастыру жайында алғашқы пікір айтылған. Н.И.Ильминский қазақ тілінің шешен-дік, сұлулығына сұқтанады, көне түркілік сөздер көп кездесеті-ніне, өзіндік дыбыстық жүйесімен ерекшеленетініне назар ауда-рады. Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш еңбек болғандықтан Н.И.Ильминскийдің әрбір пікірін сараптап қараған жөн. Н.И.Ильминскийдің сөздігі – тұңғыш қазақша-орысша сөздік. Бұл-фонетика үшін де құнды еңбек. Біз бұдан қазіргі орыс гра-фикасына негізделген жазуымыздың тәй-тәй басқан алғашқы адымын көреміз, орфоэпия, орфографиямыздың даму жолын зерделейміз. Қазіргі қазақ емлесі еріндік дауыстыларды тек бас буында ғана жазып, айтуымыз да сонымен шектеліп жүр. Тіпті қазақ тілінде ерін үндестігі жоқ деудің алдында тұрмыз. Араб жазуымен жазылған текстен айтудың жай-күйін парықтау қиын. Ал орыс графикасымен жазылған сөздерде айтудың ізі бар. Мәселен, Н.И.Ильминский сөздігінен: ауұтқу, бүгөлөк, бүлдүр-гө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдрөуүш, мұрұндұқ, өмүлдүрүк, өтү-рүк, сүңгүуүр, түгөндө, үйүрүм, үрүптөс деген сияқты қазіргі-лерге өрескел көрінетін жазуды көреміз.
Лазарь Захарович Будаговтың (1812-1878) «Сравнитель-ный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі том-дық көлемді сөздігінде де қазақ сөздері мол қамтылған. Қазақ лексикографиясы тарихы үшін маңызы бар бұл еңбекте сөздер араб әрпімен жазылған. Тек екінші томында ғана сөздердің орыс тіліндегі транскрипциясы берілген. Дегенмен, қазақ сөздерінде орфографиялық ақаулар көп кездеседі.
1875 жылы әскери қызметкер, тарихшы М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» деп аталатын кітабы шықты. 209 беттік кітаптың 45 беті қазақ тіліне арналған және оны жазуда Н.Ильминскийдің өзімізге таныс ең-бегін пайдаланған. Сондықтан да мұнда ауыз толтырып айтар-лық фонетикалық жаңалық жоқ.
А.Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі жүйелі түр-де зерттелмеді, жоғарыда аталған орыс ғалымдарының еңбекте-ріндегі зерттеулердің ғылыми дәрежесі төмен болды, қазақ тілі-нің өзіндік табиғи қасиеті көп жағдайда ескерілмеді, бір жақты байымдаулар мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді. Мысалы, Санкт-Петербургте 1875 жылы жарық көрген М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская» деп аталатын кітабында қазақ тілі, оның дыбыс жүйесі мен грамматикалық құ-рылысы жайында азды-көпті ғана, қазақ тілінің қасиетін, мәнін т.б. ерекшеліктерін аша алиайтын мағлұмат берілген.
Ы.Алтынсариннің 1871 жылы Орынборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қызмет атқарды. Қазақ тіл білімі-нің іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы.Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі бол-ған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орында-рында профессор қызметін атқару қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған.
ХХ ғасыр басында қазақ тіл білімі қазақ топырағында қаз-қаз басып, қанатын қомдап, бірте-бірте ғылым айдынына шық-ты. Мұның көш басында қазақ халқының «рухани көсемі» (М.Әуезов), қазақ тіл білімінің атасы, қазақтың ұлы перзентте-рінің бірегейі А.Байтұрсынұлы (1873-1937) тұрды. «1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең ал-дымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құ-рылсын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және ем-лесін ретке салып жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшінші-ден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арыл-туға, синтаксистік құрылсын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды, кітаби си-паттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгі-лерін көрсетумен шұғылдандым», - деп жазады. Ол бұл мақсат-тың үдесінен шықты. Қазақ тіл білімінің терминдерін жасады, анықтама, түсінігін қалыптастырады, алғашқы оқулықтарды жазды. Араб графикасына негізделген қазақ жазуын жетілдірді. Тіл дыбыстарының зерттелуіне үлкен үлес қосқан ғалым-ның бірі – Халел Досмұхамедұлы. «Алаш» қозғалысының көш-басшыларының бірі, қоғам қайраткері, белгілі ағартушы, таби-ғаттану, анатомия, физиология, зоология пәндерінен қазақ тілін-де төл оқулықтар, ғылыми зерттеулер ман мақалалар жазған, ма-мандығы дәрігер Халел Досмұхамедұлы «Қазақ-қырғыз тілінде-гі сингорманизм заңы», «Қазақ тіліне латын хәрфін алу мәселе-сі» атты ғылыми мақалаларында, 1924 жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының съезінде сөйлеген сөздерінде тіліміздегі дыбыстардың ішкі табиғатына қатысты іргелі ғылыми ойлары мен тұжырымдарын айтады. «Мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады», -деп тілдің маңыздылығын жоғары бағалай келіп, жалғамалы тілдегі сөздердің түбірі өзгермейтіндігін, түбірге бірыңғай жуан, не бір-ыңғай жіңішке дыбыстар жалғанатынын ерекше атап көрсетеді.
Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — кеңес дәуірі тұсынан басталды. Кеңес дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грам-матика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.
Қазақ фонетикасы мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, ды-быстардың өзгеру құбылысы, үндестік заңы, сөздің буын құры-лысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді. Ғалым бірнеше негізі зерттеуін осы мәселе арнаған: 1933 жылы «Қазақ тілінің фонетикасы» ат-ты лекциясы жазылса, 1936 жылы «Қазақ тілінің грамматикасы» орта мектептің Ү класына арналған оқулығының ІҮ бөлімі «Сөз-дің дыбыс құрылысы» деп аталған. Екі еңбекте қазақ тіліндегі дыбыстық жүйе бірінші рет ғылыми негізге салынып, жүйеленіп, сол кездегі ғылыми деңгейге сәйкестендіріліп, тілдік деректермен әрлендіріп берілген. өз зерттеулерінде ол А.Байтұрсыновтың тұ-жырымды талдауларын дамыта түсті.
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаевтың авторлығымен жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика)» оқулығы 1975), С.Мырзабековтің «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі» (1993,2006 т.б.) атты оқу құралда-рында қазақ тілінің дыбыстық жүйесі толық әрі жүйелі түрде си-патталып берілді. Біршама өзгеріс, ерекшеліктеріне қарамастан екі зерттеу де қазақ тіліндегі дыбыстық жүйені жаңа ғылыми қырынан таныта алатын іргелі зерттеулер ретінде бағаланды.
Алғашқы зерттеулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қа-зақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйе-сінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілген-діктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практика-лық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, на-ғыз ғылыми зерттеу А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектері-нен басталады деп білеміз.
Фонетикалық зерттеулердің мақсаты тілдегі дыбыстар-дың құрамын (санын) анықтап, олардың өзіндік белгілерін табу болып табылатындығы шындық. Қазақ тіл білімінің жан-жақты зерттелген салаларының бірі оның «Фонетика» бөлімі болып табылады. Профессор Ш.Сарыбаевтың мәліметіне қарағанда қа-зақ фонетикасын зерттеуге арналған еңбектер мол. Фонетикаға қатысты еңбектер қазақ тілінің дыбыстары, олардың құрамы, артикуляциясы, акустикасы мен перцепциясы, дыбыс тіркесте-рі, дыбыстық құбылыстар, дыбыстардың үндесімі, буын, екпін, интонация, морфонология, т.б. мәселелерге арналған. Осындай көп еңбектің жиынтық үлгісі соңғы шыққан «Қазақ грамматика-сының» (Астана, 2002) қазақ тілінің фонетикалық құрылымына арналған бөлімінде қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен жүйесі төмендегідей жолмен зерттелу керектігі көрсетіледі: «... дыбыс-тың жасалымы (артикуляциясы), яғни дыбыс жасалу тұрғысы-нан талданып-сипатталады; дыбыстың айтылымы (акустикасы), яғни дыбыс айтылу тұрғысынан талданып-сипатталады; дыбыс-тың естілімі (перцепциясы), яғни дыбыс естілу тұрғысынан талданып-сипатталады».
Қазақ тіл білімінде фонетикалық құбылыстар мен заңды-лықтарды моделдеу дәстүрін ең алғаш енгізген ғалымдар қатары-на Ә.Жүнісбеков, А.Жұбанов, С.Татубаев, Б.Тайлақбаев сияқты ғалымдар жатады. Модель жасау арнайы тәсіл ретінде Ж.Әбуов, М.Жүсіпов, А.Қошқаров, М.Райымбекова, А.Жүнісбек, Г.Қайдарова, Ә.Бәйімбетовалардың диссертацияларында да көрі-ніс тапқан. Бұған қазіргі қолданбалы лингвистиканың дамуы, ақпарат-сараптау, әдістеме саласындағы жаңа технологияларды пай-далану, қолғанат қондырғылар жасау, компьютерлік технология-ның кең тарауы тікелей әсер етті десек, еш қателеспейміз. өйткені тілдік моделдер жасау бүгінгі күннің сұранысынан туындап отыр.
Қазақ тілі дыбыстарының зерттелу жайын профессор Ж.Әбуов төрт кезеңге бөліп қарайды. Ғалымның пікірінше әр ке-зеңнің өзіне ғана тән теориялық деңгейі, зерттеу әдістері, ұстан-ған ережелері болған. Алғашқы кезеңге ХІХ ғасырда орыс және европа ғалымдары жүргізген зерттеулерді жатқызады. Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский қазақ тілінің дауысты дыбыстарын сан-сапа жағынан «тоғыз дауысты» деп дәл анықтаған. Олардың дыбыстардың артикуляциясын, сөз құрамындағы естілімін анықтауында қателіктер кеткен.
Екінші кезеңде ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов сияқты қазақ ғалымдары тіліміздің дыбыс құрамы мен дыбыс сипатта-малары, дыбыс өзгерістері мен үндестік заңы, буын құрылымын фонологиялық деңгейде зерттей отырып, фонетикалық қазақы терминдерді қалыптастырып, қазақ тілінің дыбыстық құрамын сан-сапа жағынан дұрыс анықтаған.
Үшінші кезеңге ХХ ғасырдың 50-70 жылдары аралығында І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Талипов, Б.Қалиев, М.Исаев, А.Қошқаров, С.Татубаев, Б.Тайлақбаев, М.Райымбекова сияқты фонетист ғалымдардың зерттеулері жатқызылады.
Соңғы кезең 70 жылдардағы С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбек, М.Жүсіпов, З.Базарбаева, А.Жұбанов, А.Айғабылов, т.б. ғалым-дардың зерттеу еңбектерімен бірге фонетикалық зерттеулерде жаңа бағыттар пайда бола бастады, дыбыстық құбылыстар жаңа қырынан қарастырылды.
Зерттеушілердің назарынан ешқашанда қазақ тіліндегі ды-быс құрамы, оның сан мөлшері, дыбыстардың сипаттамасы тыс қалып көрген емес.
Жалпы қазақ тіліндегі дыбыстардың құрамын анықтау әлі бір ізге түскен жоқ. Бұл қайшылықтар көптеген өзге еңбектерде де сол күйінде қайталанады.
Осы күнге дейінгі қазақ фонетика ғылымының өзінше да-му ерекшелігі болды. Қазақ фонетикасы, негізінен, теориялық тілтаным (лингвистика, языкознание) бағытында, сондай-ақ оқу-әдістеме мұқтажына лайық зерттеліп келді. Бұл бағыт-тағы зерттеу нәтижелерінің, сөз жоқ, жалпы түркологияның құрамындағы қазақ тіл білімі үшін орасан зор маңызы болды. Қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтап, артикуляция-сын сипаттап шыққан еңбектер мол. Әрине дыбыс құрамы мен дыбыстардың артикуляциясын анықтауда ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны жайлы да, олардың жасалымы (артикуляциясы) жайлы да осы-ны айтуға болады.
Ендігі жерде қазақ фонетикасының алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойыла бастады. Себебі жер-жердегі ел мен ел-дің, ұжым мен ұжымның, ғалым мен ғалымның, маман мен маманның араласымы күшейді. өзара мәлімет алмасу кеңейді. Ендеше кімге болса да (бала мен ересек, оқушы мен маман) жаппай тіл (тілдерді) үйрену бүгінгі күннің өзекті мәселесі-не айналды. Осыған орай қазақ тілін оқытудың әдістемесін да-мыту, оның мүмкіндігін арттыру, оқулықтар мен оқу-қүралда-рын дайындау сықылды қозғалыс басталды. Қазақ фонети-касындағы дәстүрлі сипаттама зерттеулердің нәтижесі мұн-дай үрдіс қозғалыстың талабын қанағаттандыра алмай қалып жатыр. Сондықтан да қазақ тілінің дыбыс құрамы мен оның жүйесін, қазақ тілінің өзіне тән дыбыстық ерекшеліктерін, тіл-дегі дыбыстық құбылыстарды абстракты түрде сипаттап емес, көрнекі және нақты түрде көзге елестетіндей етіп беру керек болып отыр. Оған тек сызба және құрастырма көрнекі қүрал-дар, сондай-ақ ойын құралдар, т.б. арқылы ғана қол жеткізуге болады. Оқулықтар мен оқу-құралдарының құрамында фонетикалық көрнекі құралдардың тапшылығын байқауға бо-лады. Оның үстіне компьютер технологиясы мен қолғанат қон-дырғылардың (оргтехника) үрдіске сай дамуы да тіл білімі ма-мандарының алдына тың талаптар қойып отыр. Компьютер оқу-лықтарын дайындау, қолғанат қондырғыларды қазақша сөйлету, ақпараттық сараптау (обработка информации) – бүгінде тіл бі-лімі алдында қойылып отырған келелі мәселелердің бірі. Бүл ба-ғыттағы мәселелер дәстүрлі тіл білімінің зерттеу нәтижелері-мен шешіле қоймайды. Компьютер үшін фонетикалық сипаттама тұрғысынан жасалған ереже қолайсыз болып табылады, тіптен оны машине түсінбейді. Ендеше компьютер мен қолғанат қон-дырғылар жүйесіне икемделген, машина тіліне түсінікті фоне-тикалық зерттеулердің нәтижесін ұсыну керек. Ондай зерт-теулер дыбыстың формальды белгілеріне сүйеніп жасалған мо-дельдер болу керек. Осының бәрі қазақ фонетикасы саласында-ғы зерттеулердің де бағыт-бағдарын өзгерте бастады, жаңа әдіс-амалдар іздестіруге тура келіп отыр. Сөйтіп әлемдік тілтаным әлдеқашан ден қойған қолданбалы лингвистикаға қазақ тіл білімінің де бет бұруы бүгінгі күннің талабынан туындап отыр. Қазақ тілінің фонетика-фонологиялық абстракты заңдылықтары кесте, сызба сурет және құрастырма фигуралар түрінде нақ-тыланбай, қазақ қолданбалы лингвистикасының дамуына жағдай жасалмайды. Қазақ фонетикасындағы зерттеулердің осылай ойыса бастағаны да сондықтан.Соңғы кезде жалпы фо-нетиканың (общая фонетика), оның ішінде түркі фонетикасы-ның (тюркская фонетика) жеке бір ғылыми саласы болып қа-лыптаса бастаған үндесім фонетикасы (сингармоническая фоне-тика) қазақ тілінің дыбыстық құрамын жаңа тұрғыдан зерттей бастады. Үндесім фонетикасына лайық өз ұғым-атаулары пайда болып, тілдегі үйреншікті болған дыбыс құбылыстары жаңаша түсіндіріле бастады. Әсіресе айырым белгілер теориясы жа-ңа фонетикалық мәліметтерге мұқтаж болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет