Фонетика жєне оныњ салалары


Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі



Pdf көрінісі
бет16/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі

          Дыбыстау не сөйлеу мүшелері – тыныс алу және ас қабыл-дау сияқты негізгі физиологиялық қызметімен қатар тіл

дыбыс-тарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.

Сөйлеу мүшелері екі топқа бөлінеді:

1) тыныс мүшелері: өкпе, кеңірдек, көмей, кеңсірік арқы-лы ауа жүріп тұратын мұрын қуысы;

2) дыбыстарды жасауға тікелей қатысатын мүшелер: да-уыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, тіл, кішкене тіл,

таңдай, тіс, ерін.

Олар актив   (белсенді) және пассив (бейтарап) болып жік-теледі. Актив мүшелер: көмей, жұтқыншақ, тіл, кішкене

тіл, ерін. Дыбыс жасауға ең икемді мүшелер – тіл мен ерін.

Пассив мүшелер: қызыл иек, таңдай, кеңсірік.

Тіл  дыбыстары өкпедегі  ауаның  сыртқа  шығуы  арқалы  жа-салады.  Олардың жасалымына  міндетті  түрде  сөйлеу

аппараты қатысады. Дыбыстау мүшелері ауа  жүретін каналдың бойына орналасқан. өкпеден шыққан ауа тыныс алатын

кеңірдектің өк-пеге қосылатын тарамдарынан тамаққа, сосын көмейге, көмей-ден жұтқыншақ қуысына келіп, мұрын не ауыз

қуысы арқылы сыртқа шығады.

                    Дыбыстарды   айтуда   дауыс   шымылдығы   мен   тіл   айрықша   қызмет   атқарады.   Көмейде   орналасқан   дауыс

шымылдығының керілуінен діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осылай пайда болады. Көмейдің үстіндегі

ауыз және мұрын қуы-сымен жалғасып жатқан жұтқыншақ қуысы бар. Олар дыбыс ай-тылуы кезінде резонаторлық қызмет

атқарады.   Кейбір   үнді   да-уыссыздар   (м,   н,   ң)   мұрын   қуысы   арқылы   жасалады.   Дыбыс-тардың   басым   көпшілігінің

жасалуында, әсіресе, ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. 

         Ауыз қуысындағы мүшелерінің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше – тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуы-

нан,   бірде   жоғары   көтеріліп,   бірде   төмен   түсуінен,   сондай-ақ   оның   артқы   шені   мен   орта   шенінің   немесе   ұшының

қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс немесе денталь дыбыстар (т, д…),

ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюінен немесе жуықтауынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г) жасалады.

                 Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты

дыбыстар-дың (о, ө, у, ұ…) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м, п, б…) жасалуына да қатысы бар. Еріннің сүйірленіп

дөңгеленуі-нен   еріндік   дауыстылар   (о,   у,   ө…)   жасалса,   екі   еріннің   өз   ара   жымдасуынан   ерін   дауыссыздары   немесе

билабиаль  дыбыстар  (м,   б,   п…)  жасалады.   Астыңғы   еріннің  үстіңгі   тіске   тиюінен  немесе   оған  жуықтауынан  лабиаль-

денталь дыбыстар (ф, в) жасалады. 

          Сонымен, тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жа-салады. Дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір

қыз-меті болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке-дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты

және өз ара тығыз байланыста болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет