Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет47/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
1) А: а, ә а-на, ә-же,е-не,о-қы,ө-ре, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыра, ы-ды-сы;

2) ВА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де-не,же-лі, тә-те, да-ла;

3) ВВА: ста-нок, ста-кан, сти-мул, гра-нат, гра-фа, пра-во, пла-кат;

4) ВВВА: стра-тег, стра-тегия, стра-тификация, стра-тостат, стра-тосфера

 2. Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын.  Дыбыстық құрамы:



1) АВ: ат, ай ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар, әл-ден;

2) АВВ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс, акт;

3. Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссзға аяқта-латын буын.

1) ВАВ: бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ;

2) ВАВВ: қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, қарт;

3) ВАВВВ: пункт, центр, Маркс, фильтр, текст;

4) ВВАВ: шкаф, шлаг, шлем, шлюз, крем, штаб, шпал, стаж, граф, хлор, хром, стиль;

5) ВВАВВ: спорт, старт, скетч, трест, стенд, штамп, крест;

6) ВВАВВВ: спектр;

7) ВВВАВ: штрек, штраф, штрих, шприц, стрелка, структура.

Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізі-нен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай

алты түрге бөлінеді: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.

Академик   Ә.Қайдаров   қазақ   тілінде   1352   бір   буынды   түрі   барын

анықтады. Құрылымына қарай солардың 1053-і ВАВ, 158-і Ав, 117-сі ВАВВ, қалған үш түрі жиналып 40-тан әрең асады.

         Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бұған қозғау салған,

бас-тап айтқан М.Райымбекова қазақ тілінде қос дауыссыздан бас-талатын 20 шақты тұйық буынды сөзді экспериментті-

фонети-калық зерттеу арқылы анықтайды. Сөздердің қос дауыссыздан басталатынына күмәнданған А.Айғабылов сөз емес,

33



қос дауыс-сыздан сөз ішіндегі буын басталады дейтін жаңа пікірге мән берді. Бұл екі пікір де, айналып келгенде, бір жерге

тоғысады:   қазақ   тілінде   сөз   де,   буын   да   қос   дауыссыздан   басталмайды   дей-тін   ғасыр   бойы   айтылып   келген   пікірлер

сыңаржақ айтылған бо-лып шығады. Бұл тұжырым Қ.Жұбановтың сөздің жігін ажырату жөніндегі қағидасына қарсы пікір

болып табылады. Буынды қос дауыссыздан бастауды жақтайтын  пікір иелерінің ойынша: қатаңдардан соң да, ұяңдардан соң

да   үнділер   тұратын   болады;   олар   дауыссыздар   аралығындағы   қысаң   дауыстыларды   айтпауға,   елемеуге   тырысады.

өзінің алғашқы «оқу құралында» (1912ж.) осы қысаңдарды түсіріп: жрқ (жарық), сзқ (сызық), алтн (алтын), салқн

(салқын), арқ (арық), азқ (азық), қанқ (қанық) түрде жаз-ған А.Байтұрсынов бұл сөздерде ы дыбысы жоқ деген емес. Қайта :

«ы   сөздің басында, ортасында бек қысқа ћәм көмескі ай-тылады»,-дейді. Айтылса, естілсе, тіпті сезілсе дыбыс бар бол-

ғаны. Ал оны жазу, жазбау – емленің ісі. Жазылғанды жоқ ету үшін дыбыстық заңға сыйғызу керек болады. «Адам аты-жөн-

деріне келгенде, оларды екі дауыссыз дыбыстан бастап жазу атақты жазушы Ғабдол Сылановтың фамилиясын Сланов деп

жазудан басталып, бұл күнде Смаханов, Смайылов, Спатаев деп жазу етек алып кетті, дағдыға айналып бара жатыр, бірақ ол

дағды нормаға ауспауға тиіс, өйткені емле ережесі мұны мүлде көтермейді»,-дейді белгілі ғалым Р.Сыздықова. Дұрысы,

емле ережесі емес, дыбыстық заң көтермейді.

Буынның   қалай   пайда   болатыны,   жалпы   сипатын   аңғар-

ғаннан кейін, алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды ұғым – сөздің буын жігін табу, не-

месе   сөзді   буынға   бөлу.   Сөзде   қанша   дауысты   дыбыс   болса,   сон-ша   буын   болатыны   анық.   Буын   жігі   дауыстылардың

қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байла-нысты.

          Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан да А.Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп,

қалай   қалай   тасымалдауға   болатынын,   болмайтынын   тәптіштеп   түсін-діреді.   Бірақ   буынға   бөлудің     ішкі   механизмін,

ережесін ұсын-байды. Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас,ант, ұлт, ас-қа, ат-қа,

ант-ты, ұлт-тық. Сондықтан бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы

буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын

болмайды. «Осы қорытындыға сүйене отырып, - деп жазды Қ.Жұбанов отызын-шы жылдары, - буын жігін оңай, механик

түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң

келген дауыссызды елемей өте шығып, әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз. Сонда неше

бөлік шықса, сонша буын болады». Қазақ сөзінің буын жігін тап басып, дәл анықтайтын бұл қарапайым қағиданы меңгеруге

көп білімнің керегі жоқ. Осыны ұстанып небір көп буынды сөздерді де оп-оңай буынға бөлуге болады: қа-на-ғат-тан-дыр-ма-

ды. «Қазақ тілінің орфог-рафиясының негізгі ережелерінде» (52-бап): «и, у әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын

дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, ти-ын, жи-ын», - дейтін

ереже бар. Жасанды и,у әріптерінің алдындағы дәрменсіздіктен туған бұл ереже және сөз қос дауыс-сыздан да басталады

дейтін пікір буын жүйесіне, дыбыстық заң-ға мүлде қайшы, кереғар екенін түсінуге тиіспіз. Орыс тілінде буынға бөлудің

принципі біршама бөлек. Дыбыстар үнділігіне қарай дауыстылар (3), сонорлар (2) және үнсіздер (1) деп ажыра-тылады да,

буын көбіне үлкен цифр мен кішкене цифрдың ара-лығына ажырайды. Мысалы: вексель -131132, каска – 13113, маска –

2313, вельвет – 132331, паспорт – 13113223, костюм – 131131, семестр – 1323113 деген сөздер ве-ксель (13-1132), ка-ска (13-

1132),   ко-стюм   (13-1132),   се-местр   (13-23112)   түрінде   ажырайды.   Қазақ   тілі   оқулықтарында   да,   тіпті   «Қазақ   тілі   ор-

фографиясының негізгі ережелерінде» де мұндай сөздерді тасы-малдаудың жайы айтылмайды. Күнделікті практикада сөз

орта-сында екі-үш дауыссыздан басталатын кірме буындардың да же-ке дауыссыздан басталып жүргені аңғарылады. Яғни

тілміздің тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтар өз күшін сақтайды. Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық

құрамы жағынан мынандай болып келеді:

а) бір дыбысты:  а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ә,е, о, о-тыр.  Бір дыбысты буындар тек қана дауысты

болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;

ә) екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-ра, қа-ла-да-ғы-сы, ба-ла-сы, ал, ат, ақ, же, де, не;

б) үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл-шек-тер, тас-тақ, бал-шық, ұлт, үрт;

в)   төрт   дыбысты:  қант,   төрт,   былқ,   жалт,   жылт,   салт,   қарқ-қарқ,   күрк-күрк.  Тіліміздегі   байырғы   сөздердің

дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола

алады.


г) бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенді;

д) алты дыбысты: спектр, спринт.

Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тілінде-гі негізгі түбір сөздер мынадай болып келеді:

1) бір буынды: ай, ат, бал, бас, қол, көз, ал, кел, бар, ақ, көк, ібр, үш, мен, сен, біз, тез, тым, тарс, жылт, да, де, ғой;

2) екі буынды: а-на, а-та, ә-ке, ба-ла, тү-йе, жыл-қы, қа-зан, ке-се, қа-ра, қы-зыл, жа-сыл, жа-тыр, о-тыр, ал-ты,

е-кі, ке-ше, ер-те, тө-мен, дәп-тер, қа-лам, а-дам;

3) үш буынды:  мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет, а-бы-рой, а-йұ-уан, а-лұ-уа, а-рыс-тан, жа-ма-ғат, ді-йір-мен, ин-



тер-нат, инс-ти-тут, ин-же-нер, ка-ме-ра,ка-ни-кул, та-би-ғат;

4) төрт буынды:  ы-ра-қы-мет, і-рә-сү-уә, і-ре-зең-ке, і-ре-сі-мій, рес-пуб-ли-ка, про-фек-ту-ра, про-це-ду-ра, фо-не-



ти-ка;

5) бес буынды: у-ни-вер-си-тет, по-лик-ли-ни-ка, пуб-ли-цис-ти-ка.

Қазақтың байырғы сөздері негізінен бір буынды, қала бер-ді екі буынды болып келеді. Мұның өзі оның поэзия тілі

болуы-мен де байланысты. өйткені 11 буынды болып келетін қара өлеңде бунақтар 3-4 буыннан аспайды. Әлгі бір, екі

буынды сөздерге орамды болу үшін жұрнақ, жалғаулар жалғану керек болады. Ал төрт буыннан жоғары сөздер қара өлеңге

34



оралымсыз болып шығады. Түркі тілдері – жалғамалы тілдер. Сөздер, әсі-ресе етістік түбірлер қатынас қызметін атқару

үшін түрлі жұр-нақ, жалғауларды қабылдау керек болады. Бір ғана әже сөзі жал-ғаулармен түрленгенде 200-ге жуық, бір ғана

етістік сөз түрлен-генде 1,5 мыңға жуық формаға ие болады. Яғни қосымшалар  сөздің өмір сүру формалары деуге болады.

         Сөйлеу кезінде бір, екі буынды сөзге әлденеше қосымша үстеле келіп, бес-он буынды сөз формаға айналады:



ой-

лан-дыр-май-сың-дар, 

қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ған-дық-тан, 

ұ-йым-дас-тыр-ма-ған-дық-тан

Әрине,


мұндай көп буынды сөздер сөйлеу актісінде сирек қолданылады. Ал өлең жолдарында тіпті  кездес-пейді деуге болады

(өйткені сыймайды).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет