Дыбыстық құбылыстар
Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары – сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі – десек, сол тіл
өз-ге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Ондай сөздер азды-көпті дыбыстық өзгерістерге ұшырап, игеріледі.
Дыбыстың яғни фонетикалық өзгерістері әр түрлі болуы мүмкін. Кірме сөздің құра-мындағы кей алмастырылып, кейбір
дыбыстар ара-тұра буындар аласталып, керісінше, енді бір дыбыстар мен буындар жаңаланып айтылуы заңды. Сөйтіп, сөз
сапалық та, сандық та өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер төл сөздерде де болып жатады.
Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндай
өзгерістер-дің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, эпентеза, редукция, абсарбция, синкопа, гаплология, эпитеза,
метатеза, апокопа, эли-зия т.б. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік:
Протеза (грек.prothesis - алдында тұру) сөздің алдынан ба-сы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын
же-ңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бо-луы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен
қысаң да-уыстылар. Олар р,л дыбыстарынан басталатын кірме сөздің ал-дына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ,
лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атаушы сөздер бұл дыбыстардан басталмайды. Ы:
лаж, лай, лас, лашын, лау, рас, рақмет, разы, рай, рахат, ранг, распадия, рация.
І: леген, легер, леп, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регресс, ремс, редукция, республика, Ресей.
¦: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.
38
Ү: Рүстем, рөл.
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі өз алдына буын бо-лып тұратындықтан, жазуда да жағаласып жүреді.
Шынында, қазіргі көзі қарақты көкірегі ояу білімді қауымның айтуынша, р әсіресе л дыбысынан басталатын орыс
сөздерінде протезаның күші әлсіреп барады. Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөз-дері протезамен айтылады. Араб-
парсы тілдерінде де қос дауыс-сыздан сөз басталмайды. Парсы сөзі, бізде қосымша, -стан жазу-дың жұмысы. Дыбысталуы:
ыстан (қазағыстан-бағ-ыстан) –істан (тәжіг-істан), үстан (Түрк-үс-тан, гүл-стан), ұстан (башқұрт-стан).
Достарыңызбен бөлісу: |