|
Жаттығу. Мәтіндегі сөздердің тасымалдау тәртібін анықта-ңыздарБайланысты: Фонетика дарис.Жаттығу. Мәтіндегі сөздердің тасымалдау тәртібін анықта-ңыздар.
... Әсет Қояндыда белгілі ақын қыз Рысжанмен айты-сады. Әдеттегі ақындардың елін, жерін, байларын, мырза-
биле-рін айтып мақтанатынына бұл екеуі бармай, салған жерден өздерінің жеке бастары жайлы әңгіме қозғайды. Әрине,
бір-бірінің қытығына тию үшін өткір сөздер қолданады. Рысжан Әсетті көріп:
Осы ма атақтыңыз Әсет деген,
Бере ме өнер пайда көрсетпеген.
Топастау, торшолақтау біреу ғой,
Мұның кім сөзбілгішке есептеген,- дейді. Әсет оған жауап бере қоймай, салмақ сақтайды. Әйел деп кеиітіп, менсінбей,
жауап беруді де артық көріп отыр ма деп ойлап қалған Рысжан:
Жіңішке бойым нәзік қылдырықтай,
Сүйтсе де сөзім ұшқыр бұлдырықтай.
Қызығып қыз екен деп далаңдама,
Тұйғынның жемін қуған кезқұйрықтай,- деп, өзін көтере та-ныстыра түседі. Айтушылар осы сапарда Рысжан мен
Әсет жеңісе алмапты дейді.
(А.Жұбанов.”Замана бұлбұлдары”кітабынан)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|