Синкопа. Сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасында-ғы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қыс-
қарып) қала алады. Мыс: алып бар > апар, алып бер > апер// әпер, алып кел > апкел//әкел, солай етіп > сөйтіп, болып > боп,
араластыр > арластыр, нағылет > налет//нәлет т.б. Тіл білімінде мұндай құдылыстарды синкопа деп атайды.
Эллипсис (грек.ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құры-
лымдық жағынан толымсыздығы.
Эпентеза (грек.epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес,
қо-сымша бір дыбыстың пайда болуы. Бұл кірме сөздерді қабыл-дағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс
тіркестеріне байланысты пайда болады. Бұл көбінесе эпентеза нормаға түс-пеген ауызекі тілде жиі айтылады.
Аккомадация – морфемалар жігінде қатар келген дауыс-ты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп,
бейім-деліп айтылуы.
Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады.
Дыбыстық өзгерістердің бәрі тілімізді икемді етеді, айты-луы қиын дыбыстар мен дыбыстар тіркесімін оңайлатады.
Сөй-тіп, тіліміздің икемділігі мен қолданылуын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |