Метатеза (грек.metathesis – ауыстырып қою, транспози-ция) – дыбыстардың комбинаторлы өзгерісі, бір сөз немесе
буын ішіндегі буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.
Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұр-ған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға
қарама-қарсы құбылыс.
Гаплология – (грек.haploos – жалғыз, logia – сөз, ілім) ды-быстардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция
әсерінен өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы. Элизия (лат. elision – жаншу, итеріп шығара) – 1. Келесі сөздің
басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуіне байланысты бастапқы сөздің со-ңында тұрған дауысты дыбыстың түсіп
қалуы, айтылмауы. Афере-зиске қарама-қарсы процесс.2.Дауысты дыбыстар-дың қосылып ке-туі – қатар келген екі дауысты
дыбыстың бір монофтонгке немесе дифтонгке бірігу түрлері. 3.Эллипсис тең құбылыс. Элизия - бір бунақпен (ырғақпен)
айтылған екі сөздің арасында қатар келген екі дауыстының біреуінің түсіп қалуы (түсіріліп айтылуы). Әдетте көбінесе
алдыңғы дауысты түседі. Мыс: қара ала > қарала, сары ала > сарала, жиырма алты > жиырмалты. Элизия құбылысының
біразы біріккен сөздерге сақталынып жазылып жүр. Мыс: қарағаш (қара ағаш), сарағаш (сары ағаш), өзара (өзі ара),
Сарарқа (Сары арқа), Молдахмет (Молдаахмет), Торайғыров (Торыайғыров) т.б. Оқы сөзіне тұйық етістіктің жұрнағы
қосылғандағы өзгерісті де (оқу+ұу > оқұу > оқу) ғалымдар элизия құбылысына жатқызады. Бұл негізінен дұрыс. өйткені у
әрпі ұу деген екі дыбыстың қосындысы. Алдыңғы дыбыс (ұ) – дауысты. Ол түбір сөздің соңындағы дауыс-тымен қатар
келіп қалады да, оның алдыңғысы түсіп қалуға мәжбүр болады. Кейде қатар келген екі дауыстының соңғысының (кейін-
гісінің) түсетін кездері де жоқ емес. Мыс: не істейін > нестейін, не ішесің > нешесің т.б. «Не алдың?» дегенге келсек, бұл
тіркес нел-дың да емес, налдың да емес, тек не алдың болып айтылады және солай жазылады да. Оның себебі: бір буынды
не сөзінің өз болмы-сын (тұрпатын және мағынасын) сақтауға тырысуында болып отыр. Ал шылаулардың жөні бөлек.
Олардың құрамындағы дауыстылар түсіп қала береді. Мыс: жазып та алды > жазыпталды, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |