Дифтонгоид дауыстылар - қазақ және кейбір өзге түркі тілде-рінде кездесетін қосынды, яғни дифтонг дауыстылар. Олар -
у және и.
Денталь дыбыс – тіс дауыссызы
Дәстүрлі (тарихи) принцип - сөздердің әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы.
Диэреза - екі сөз аралығында кездескен екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалуы.
Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни
ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап
тұратын болса, дисси-миляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың
біреуінің (әдетте соңғысы) алыс-тау басқа бір дыбыспен алмастырылуы.
Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыс-тар тіркесін айтпау, үнемдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |