Дыбыстық құбылыстар - сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер.
Дыбыс - сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік. Дыбыс - сөздің өмір сүруінің формасы
Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен ал-масым (чередования) тән. Яғни фонемалардың әр түрлі
типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон
деп атайды.
Емле - дұрыс жазу ережелері.
Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы
Еріндік дауыстылар – еріннің алға қарай сүйірленіп, дөңгеленіп тартылуы арқылы жасалған дауыстылар
Езулік дауыстылар - еріннің артқа қарай, ерінге тартылуы арқылы жасалған дауыстылар
Инлаут – сөз ортасы
Консонантизм – дауыссыз дыбыстар жүйесі
Лингвальдық сингармонизм - дауысты дыбыстардың тілдің қатысы жағынан өз ара үндесуі.
Достарыңызбен бөлісу: |