1. Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала екені мәлім. Тіл дыбыстарының қолданылуы, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы меңгеру арқылы әдеби тілдің жасалу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін оқушыға жете түсіндіру қажет. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты болып табылады. Тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.
Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын еркін жеткізе алады. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей болады. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс.
Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Бірініші сабақта сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе солай қалыптасып кетеді. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды. Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге жетсе де, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Мұғалім дыбыстардың жасалуын оқытқан кезде олардың жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу мүшесінің де қимыл-қозғалысын үйретеді. Сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым түрелері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты болады. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін, графикалық талдау дұрыс жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.
Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытудың маңызы ерекше.
Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қандай тәсілді білесіз?
Қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш жазған қандай ғалымдарды білесіз?
Күнтізбелік жоспарды жасауда сүйенетін негізі құжат және жасалу жүйесі туралы не айта аласыз?
Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын өткенде тиімді саналатын әдістерді атаңыз.
Тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларын жете түсіну үшін әуелі нені білу керек деп есептейсіз?
1.Фонетиканы оқыту қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы.Тіліміздегі дыбыстарды,олардың жасалуын, қолдану ерекшелігін игертуді мектеп қабырғасында іске аысру шараларын көрсетесіздер. Фонетиканы оқытуда сөйлеу мүшелерінің рөлі қандай,қандай әдіс тәсілдерді қолданасыздар,қандай жаттығу қазіргі таңда тиімді болып саналады.Орфоэпиялық немесе орфографиялық сөздіктерді қалай қолдануға болады. Ондағы мақсат сауатты сөйлеу мен сауатты жазу. Соны қандай жолмен сіздер жетесіздер
Негізгі оқытылым түрі тындалым,оқылым,жазылым,тілдесім. Апроксимация принципы негіз ретінде қолдану.Яғни тіліміздің ерекшелігін,акцентін сақтай отырып әріпті,сөзді уйрету.
2. Оқыту прцесінде қандай технологияларымен таныссыздар. Технология бұл қандайда бір амалдардың жиынтығы. Қай жылдардан бастап білім беру Оқыту әдістемесі оқыту технологиясына қарағанда кең ұғымды білдіреді. Әлде қайда ауқымды.Технология әдістемені жүзеге асырады.Технология іс әрекетінің әдіс тәсілдері мен құралдарын іске асыру теориясы, Н.А.Оразахынова жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі пәнін сатылай кешенді талдау технологиясының әдістемелік жүйесін жасады , қазіргі таңда дамыта оқыту жүйесі ТМД елдерінің бірқатарында негізгі оқыту технологиясы ретінде бекітілгені белгілі. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. сатылай кешенді талдау технологиясының ,дамыта оқыту технологиясының қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары қарай, бастапқы сапалық жағдайдан жаңа жағжайға қарай қозғалатын күрделі үдеріс 2. Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушыәлардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысын түсінуіне, сөйтіп, бүкіл тілдің жүйені тұтас ұғып, оған материалистік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Лексиканы оқытуда алға қойылатын бұл екі мақсаттың бүгінгі жастарды заманымызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан да лексикалық ұғымдар жоғарыда айтылған 4-5-сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, тәжірибелік маңызы ашыла түсуі керек. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық таныта алмайды. Ондағы (сөздегі) сан алуан мән-мағына грамматикалық байланыста ашылып, жанды көрінісін, қабілетін таныта алады. Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі арнайы өтілетін курс та, екіншісі – өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. Әуелі 4-5-сыныптарда өтілетін арнайы курстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болады. Тіліміздегі сөздердің жалпы қызметін бірдей санауға болмайды. Оның үстіне олар қалай болса солай пайда бола салған, шашыранды атаулар емес. Олар – заңды түрде бір-бірімен байланысты, жинала келе тіл жасайтын аса күрделі дүние. Мысалы, сөз (тілдің кішкене бір бөлшегі) затты (парта, үй), құбылысты (жел, аяз), оның белгілерін (қатты, биік), мөлшерін (бір,екі), қимылын (оқы, тұр) білдірумен бірге сөз бен сөздің мағыналық қатысын (үйге дейін, ауыл жаны), әр түрлі сезім-сезікті (аһ, ойбай), кейде белгілі (іңгә, мияу) да аңғартады. Сондықтан тіліміздегі сөздердің жеке түрін дербес мағынаны аңғарту, аңғартпауына қарай атау сөздер, көмекші сөздер және одағай деп үшке бөлеміз. Немесе лексикалық мағыналы сөздер және грамматикалық мағыналы сөздер деп екіге бөлуге болады. Лексика бөліміне енетін материалдың лингвистикалық негізі де осы айтылғандай принциппен шектеледі. Яғни тек қана лексикалық мағынасы бар сөздер туралы мәлімет беріледі де, грамматикалық мағынаны аңғартатын сөздер ( көмекші есім, шылау, одағай) грамматика аясында ғана сөз болады. Әрине, лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық мағынасы болатынын мұғалімнің естен шығаруына болмайды. Дегенмен бұл жерде лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынуы керек.