Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#648

Фонетиканың мақсаты мен 

міндеті, қарастыратын мәселесі. 

Дыбыс және оның түрлері. Тіл 

дыбыстары.  Дыбыс және таңба. 

Тіл дыбыстарының акустикалық, 

артикуляциялық сипаты 



Фонетика- гректің фоне деген сөзі 

негізінде қолданысқа еніп 

қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – 

дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл 

ғылымының, тілдердің дыбыстық 

жүйесін зерттейтін саласы.



Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл 

дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің 

тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өз ара 

тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас 

құралы да, пікір алысу құралы да бола 

алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның 

замандар бойында өмір сүруіне, ұрпақтан –

ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік 

жасайды. 


 

Сөздің айтылуы бар да, 

жазылуы бар. Әдетте 

мынадай көзқарас 

кездеседі: шын тіл-

жазылған тіл, яғни сөзді 

қатесіз жазу, жазылуындай 

етіп оқу. 



Сөздің өмір сүру формасы

дыбыс. Әріп-сол дыбысқа 

берілген шартты таңба. 

Бір ғана дыбысты әр түрлі 

(мәселен, д, d, т.б.) 

өрнектей беруге болады.  

Әріп пен дыбысты шатастыруға әсте  

болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа 

сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ү, ұ), 

кейде бір әріп (мәселен, ю,я)  

бірнеше дыбыстың қосындысын 

(йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, 

кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық 

мәні жоқ.   



    

 

Дыбыстың жалпы теориясын 



физиканың 

акустика

 деп аталатын 

саласы қарастырады.  Акустикалық 

тұрғыдан алғанда , дыбыс қандай да 

болсын бір дененің белгілі бір ортада 

теңселіп қозғалуының нәтижесінде 

пайда болады да , құлаққа естіледі. 

Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа 

кеңістігінсіз ешбір дыбыстың 

жасалып пайда болуы мүмкін емес.  

Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері 

арқылы жасалады. Дыбыстау 

мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір 

қызметі болады. Бірақ олардың 

әрқайсысының қызметі өз алдына жеке 

дара болмай , бірінің қызметі 

екіншісіне бағынышты және өз ара 

тығыз байланысты болады 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет