Синдром- өзара тығыз байланысы бар ұлпалармен жүйелердегі патологиялық өзгерістерді көрсететін симптомдар. Мысалы: ісіну синдромы (ісінулер, асцит, терінің бозаруы немесе көгеруі), диспепсиялық (жүрек айну, лоқсу, қусу, іш өту).
Сканерлеу- бұл радиоизотопты зерттеу әдіс.
Спирография - тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.
Спирометрия- спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу.
Cтационарлық медициналық көмек – госпитализацияны талап ететін өткір және созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету нысаны болып табылады.
Стресс - күшті әсердің әсерінен адамда пайда болатын кернеу жағдайы.
Субъективті зерттеу - ауру адамды немесе оның жақындарын сурастыру әдісі. Оны белгілі жоспармен өткізеді: науқас туралы жалпы мәлімет, пациенттің шағымдары, ауру анамнезі (тарихі), пациенттің өмірінің анамнезі.
Тасымалдау - көшіру.
Термография- медициналық интроскопия әдісі.
Термометрия - адамның дене қызуын өлшеу.
Томография- қабатталған ретгенография. Рентген түтікшесі бір белгілі жылдамдықпен жылжып отырып мүшенің әр терендіктегі кесінділерін фотосүретке түсіреді.
Ультрадыбыспен зерттеу - бұл әдіс ультрадыбыс толқындарының мүше және ұлпалардан өткенде, олардың тығыздығына байланысты, әр түрліғып тойтарыс беруіне негізделген.
Фитотерапия - шөптермен емдеу, шырындармен емдеу әр түрлі жеміс жидектің шырынымен емдеу, ара өнімдерімен емдеу - бал, прополис, металлотерапия, рефлексотерапия, уринотерапия, магнитотерапия және т.б.
Флюорография – кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосүрет етіп түсіріп алу. Бұл тәсіл қысқа уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады.
Фонокардиография /ФКГ/ - жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстарды графикалық түрде тіркеу әдісі.
Электрокардиография /ЭКГ/ - жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын электрлік құбылыстарды (биотокті) графикалық тіркеу әдісі.
Эмоционалдық стресс - адам психикасына қатты күшті эмоцияның әсер етуі.
Вальсалваның әсері - тыныс алу биіктігіне шағылысқан кезде жүрек ырғағының және жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етуінің бұзылуы .
Эндоскопия- ағзадағы қуысты мүшелердің ішкі қабатын тікелей арнайы эндоскоп деген аппаратымен көру.
Этиология – аурудың себептерін зерттейтін ғылым.