2.Бағдарлама. 2.1 Кіріспе. «Пациент күйінің клиникалық бағасы» пәнінің мақсаты білім алушыларды науқастарды зерттеу әдісіне үйрету, соның нәтижесінде білім алушыларда науқастарды тексеруде кәсіби машықтар, клиникалық ойлау қабілеттері, медициналық этика мен деонтология қалыптасады.
Осы үлгілік оқу бағдарламасы білім алушының «Анатомия», «Физиология», «Латын тілі», «Медициналық биофизика», «Молекулярлық биология және медициналық генетика», «Микробиология және вирусология» пәндері бойынша білімін, дағдыларын және іскерліктерін жетілдіруге негізделеді.
Пән оқыту барысында басқа клиникалық пәндермен (ішкі аурулар және хирургиялық аурулар, балалар аурулары, неврология, акушерия және гинекология) интеграцияны өткізу қажет.
Пәнді оқытудың нітижесінде білім алушы:
Зертханалық және аспапты тексеру әдістердің нәтижелерін бағалауды;
Кесте бойынша сырқатнаманы рәсімдеуді үйреніп алуы қажет.
2.2 Пәнді оқытудың мақсаты : клиникалық мейірбике ісі саласында мейірбике кәсібінің негізгі заңдарын білуді қалыптастыру және студенттерге терапевтік және профилактикалық қарым-қатынастарда құзыреттілік тәсілін бағалау дағдыларын үйрету.