10. Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі (оқыту тілінде таңдап алу) Оқу нәтижелерін бақылау түрлері Аралық бақылау:
1-7-аптада өткен лекция мен семинар тақырыптарының сұрақтарына дайындалу және БӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша қорытынды бағалау болады.
8-15-аптада өткен лекция мен семинар тақырыптарының сұрақтарына дайындалу және БӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша қорытынды бағалау болады.
Қорытынды бақылау (емтихан): емтихан билеттің 3 сұрағына жазбаша түрде жауап жазу арқылы өтеді.
Курстың саясаты мен процедурасы
Құрметті магистрант!
Сіздің әр сабақтағы белсенділігіңіз, шыдамдылығыңыз, орнықтылығыңыз бен жауапкершілігіңіз осы курс бойынша білім меңгеруге ең негізгі шарт болады.
Кешігуге және сабақтан себепсіз кетіп қалуға рұқсат етілмейді.
Магистрант әр сабаққа дер кезінде дайындалуы тиіс. Себепті жағдайларда болмаса, әр сабақтың тапсырмалары өз уақытында ғана бағаланады.
Магистрант сабақ барысында белсенді түрде қатысып отыруы қажет.
Магистрант БӨЖ тапсырмаларын силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша тағайындалған уақытта дайындап, өткізеді.
Сабаққа жауап пен бақылаудың қай түрінде болмасын, ұялы телефондардың, дыбыс және көрнекі ақпарат тасымалдайтын құралдардың (МП3, МП4, плэйер т.б.) көмегіне жүгінбеу талап етіледі және кез келген сырттан алынған көмек анықталғанда бақылау жұмысына 0 (нөл) балл қойылады.
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
Ахтаева Н.С., Абдижаппарова А.И., Бекбаева З.Н. Басқару психология. – Алматы: Қазақ университеті, 2018.