БББ атауы БББкоды
7M01505 Биология,
7M05101 Биология,
7M05201 География,
7M01506 География,
7M01901 Дефектология,
7M01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие
7M01703 Шет тілі: екі шет тілі,
7M01501 Информатика,
7M01601 Тарих ,
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті,
7M01503 Математика,
7M01301 Бастауыш оқыту теориясы және әдістемесі,
7M01502 Физика,
7M05301 Физика,
7M01504 Химия,
7M05302 Химия,
7M05202 Экология,
7M04101 Экономика,
7M05202 Экология
Ауренова Мадина Даулеткановна
(Психология және коррекциялық педагогикаа кафедрасының қауымдастық профессоры, психология ғылымдарының кандидаты)
Байланыс ақпараты
8-705-520-45-77
danara-07@mail.ru
2. Пәннің қысқаша мазмұны: Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, демократиялық өзгерістеріндегі адамның, адами капиталының рөлінің өсуімен адам туралы ғылымдардың маңыздылығы арта түсті. Сондықтан, қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі әр тұлға үшін құнды басқару психологиясының негізгі мәселелерін зерттеу бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. Психологиялық және кәсіби құзыреттілікті кеңейту және тереңдету - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың, олардың шығармашылық әлеуетін ашудың, сонымен бірге жеке және мансаптық өсудің қажетті шарты болып табылады. Осыған байланысты басқару психологиясы саласындағы психологиялық білімдердің негіздерін, нәтижелі және сыни ойлау әдістерін, коммуникацияның жаңа түрлерін және бірлескен іс-әрекет үрдісіндегі адамдар арасындағы қатынастарды жоғары білікті мамандардың меңгеруі қажет.
Болашақ магистрларды кәсіби даярлау курсының мақсаты мен орны оның мазмұнының көлемі және интеграциялық сипатымен негізделген.
«Басқару психологиясы» курсының мәні бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы жетекші рөлімен анықталады.
Пәнді оқытудың мақсаты: таңдаған мамандық бойынша кәсіби қалыптасу үдерісіндегі басқару іс-әрекетінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін зерттеу және талдау негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми негізде даярлауды қамтамасыз ету.
Пәнді оқытудың міндеттерікурсты оқып шыққан магистранттардың негізгі құзыреттеріне бағдарланады:
1. Басқару психологиясының теориялық негіздерін тарихи тұрғыдан және басқарудың жаңа теориялары мен тұжырымдамалары тұрғысынан негіздеу.
2. Басқарушылық шешімдерін қабылдау және тұлғалық мансабын ынталандыру мақсатында басқарушы өзара әрекеттің субъектісі және объектісі ретіндегі тұлғаның рөлін анықтау.
3. Корпоративтік мәдениетті және психологиялық ахуалды қолдау үшін ұйымда тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастарды талдау.
4. Кәсіби іс-әрекеттің әр түрлі салаларында SWOT-талдау әдісімен басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық үрдістерін біріктіру және жіктеу.
5. Басқару стилін зерттеу негізінде басшы іс-әрекетін тиімді басқаруды сыни талдау.
6. Жүйелік талдау мен кросс-мәдени менеджмент әдістерін қолдану арқылы ұйымдағы коммуникативтік үрдістерді жіктеу.
7. Ұйымның басшылары мен қызметкерлерінің арасында психологиялық ахуалды және корпоративтік мәдениетті жақсарту үшін эмоциялық жағдайды реттеудің тренингтік бағдарламалары мен техникаларын әзірлеу және жүзеге асыру.
8. Ұйымды тиімді басқарудың болжау моделін құру.
9. Басқару психологиясының маңызды факторы ретінде ұйымдық құндылықтарды және өзін өзі таныстыру технологиясының тиімділігін ескере отырып, өзінің жеке мансабын құру бағдарламасын жасау.