Этникалық қауымдастық



Дата19.09.2023
өлшемі18,21 Kb.
#108751

Этникалық қауымдастық, этнос - бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді. 
Этникалық көші-қон тайпа, халық және ұлт жатады. Оның қалыптасуында ең алдымен аумағы мен тілі маңызды рөл атқарады. Кейде топтасқан сан алуан халықтардан да тұруы мүмкін (мыс., АҚШ, Австралия, Үндістан, т.б.). Этникалық көші-қонтардың қалыптасуында дін, нәсілдік жақындық қосымша рөл атқарады. Этногенез барысында, әсіресе белгілі бір табиғи жағдайлар әсерінен жүргізілген шаруашылық қарекеттер нәтижесінде Этникалық көші-қонтың рухани және заттай мәдениеттері, тұрмысы мен топтық психол. келбеті қалыптасады

2: Кез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктер ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса ұлттың мәдениеті, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Сондықтан да ұлттық құндылықтар деп мемлекет құрушы ұлттың рухани өмірін, болмысын, мәдениетін жалғастырып, болашағын айқындап отыратын және мемлекет мүддесінің негізін құрайтын, жеке адамды мемлекетімен, ұлттық болмысымен біріктіріп отыратын дүниелерді айтамыз. Ұлттық бірегейлілік санатына дүниетаным, ана тілі, ұлттың ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, ұлттық өнер түрлері, атамекен, осы атамекен жер рухын негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім, ғылым және т.б. жатады. Бір сөзбен айтқанда ұлттың табиғи ортасына сай өмір сүрудегі қол жеткізген тәжірибелері мен игіліктерін ұлттық бірегейлілік дейміз.




3: Білім беру əлеуметтік институт ретінде жəне оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары


Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
4: .Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар.
Бұқаралық ақпарат-кең жұртшылыққа ақпаратты жеткізудің барлық жолдарын біріктіретін ұғым.Олар деп бұқаралық көлемдегі ақпаратты жинау өңдеу мен таратуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік институттарды түсіну қажет. Қазіргі әлемдегі ақпарат ағымы соншалықты әр алуан және қарама- қайшы, мұнда оларды өздігінше түсінуге ешбір жеке адамның қабілеті жетпейді. Бұқаралық ақпарат әлеуметтенуге біршама бағытталған әсер етеді. Біріншіден: олар әлеуметтік нормалардың барлық жастағы адамдардың игеруі мен оларды саясат, экономика, құқық салаларындағы құндылықтардың қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді.Екіншіден: бұқаралық ақпарат халыққа ресми емес білім беруді білдіреді, сондықтан оларды көбінесе әлеуметтік бақыланатын әлеуметтену үдерісіне пайдаланады. 



  • 5: БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

  • БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

6: Бұқаралық сана — қоғамда кең тараған идеяларды, көзқарастарды, ұғымдарды, әлеуметтік сезімдерді қамтиды. Онда қоғамдық сананың күнделікті психологиялық, теориялық-идеологиялық дәрежелері ұштасып келеді. Бұқаралық санада теориялық-идеологиялық элементтерінің болуы мен олардың үлес салмағы Бұқараның әлеуметтік субъект ретінде даму деңгейі, тарихи жағдайлармен байланысты. Сонымен бірге ол бұқараның тұрмыс жағдайларының әсерімен стихиялы түрде қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет