Арамшөп: меңдуана.
Улы: сасық меңдуана.
Дәрілік: меңдуаналардың жапырағы мен тұқымын демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланады.
Сәндік: шырайгүл (петуния), қызыққұлақ (физалис).
Баклажан. Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлі жапырақ қолтығында жеке бірігіп, шоғырланып орналасады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады, 5 аталығы күлтенің түбінде бекінген, аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.
Жылу мен ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температураға 20-30oС жеткенде ғана өсіп дамиды. Жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа теспературасы 13oС баклажан өсуін тоқтатады.
Медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті (холестеринді) азайту үшін қолданылады.
Қызанақ. Шөптекті, біржылдық өсімдік. Жылу сүйетін болғандықтан, алдымен көшетте егіледі. Жемісінен алынған шырынды тағамға пайдаланады. Жеміс құрамында (C,P,B,A,K) витаминдер өте көп. Қызанақты тұздап, сүрмелеуге де болады.
Болгар бұрышы.Бұрышта C витамині болады.
Картоп. Тағамдық және техникалық өсімдік. Мал азығы ретінде де қолданылады. Жемісі - жидек. Картоп түйнегінде крахмал мол болады. Картоптан 200-ге жуық әр түрлі тағам әзірленеді.
Темекі. Шөптесін өсімдік. Гүлінің күлтежапырақшасы қоңырау тәрізді. Хош иісті болып келеді. Біржылдық өсімдік ретінде кеңінен өсіріледі: кәдімгі темекі, жабайы түрі Перуде және Эквадорда өседі; мохорка темекі. Сәндік өсімдік ретінде: орман темекі, ұзынжапырақты темекі және т.б. өсіріледі.
Белладона - көпжылдық шөптесін өсімдік. Бойында атропин және гиосциамин алколоидтары болады, сол себепті оны дәрілік өсімдік ретінде өсіреді.
Крестгүлділер тұқымдасы халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады.