Формуласы: Т2+2К4А2+4Ж(2) Таралуы



бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі17,74 Kb.
#142358
  1   2   3

  1. Крестгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің морфологиялық құрылысының ерекшеліктері.

Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3000 түрі белгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрі бар.
Формуласы: Т2+2К4А2+4Ж(2)
Таралуы: бүкіл жер шарында, бірақ көбінесе қоңыржай белдеуде кездеседі.
Тіршілік формасы: бір, екі және көпжылдық шөптесін, сирек жағдайда бұталы, жартылай бұталы.
Жемісі: бұршаққын, бұршаққынша. Тұқымы желмен, жануарлармен, өздігінен және су арқылы таралады. Қазақстанда кездесетін туыстастарына: ақбасқурай, қышабас, ымыртгүл, жұлдызшешек, ақшешек, шытырмақ, жұмыршақ, қанатжеміс т.б.
Мәдени өсімдіктер: қыша, ақжелкек.
Шаруашылықтағы маңызы: көбінесе тағам ретінде (орамжапырақ, шомыр. т.б.), май алуда (қыша, арыш т.б.) қолданылады. Барлық крестгүлділер мал азығы ретінде пайдаланылады. Олардың ішінде галофитті өсімдіктер де аз емес.
Крестгүлділер әр түрлі ортаға тез бейімделеді. Көптеген крестгүлділер - біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталылар да бар, олардың сабақтарының төменгі жағы сүректеніп бұтақтанған. Көптеген тұзды және рудеральды крестгүлділер - біржылдық өсімдіктер (жұмыршақ, қанатжеміс, сарбасқурай, сармала) бар.
Крестгүлділердің жапырақтары кезектескен, төменгі жағы жертағанды, жиі жағдайда гетерофильді және әртүрлі жапырақтар. Кейбір түрлерінің кіндік тамырлары жуандап, жемтамырларға (шомыр, шалқан) айналады. Басты ерекшеліктерінің бірі, бір немесе көп клеткалы бездеуітті түктері болады.
Крестгүлділерге шашақ және қалқанша гүлшоғыры мен басым көпшілігіне ақ және сары түсті гүлдер тән. Кейде гүлдері қызғылт, қызыл, сия көк, қоңыр түсті түрлері де кездеседі. Гүлсерігі күрделі, екі шеңберден тұратын тостағанша саны Ішкі шеңбердегі тостағанша жапырақшаларының түбінде шірнектер жинақталатын қуыстар бар. Крестгүлділер гүлінің құрлысымен тез танылатын тұқымдас. Күлте жапырақшасы 4, олар айқастана орналасады, гүлі қосжынысты. Аталығы 6, 2 қысқа, 4 ұзын. Жатыны үстіңгі, екі жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі ұзарған бұршаққын және қысқарған бұршаққынша, олар екі жақтаулары арқылы ашылады. Тұқымдарында эндосперім жоқ, ұрықтары әр дайым иілген күйде дамиды. Крестгүлділерді осы ерекшеліктер арқылы анықтайды: жеміс пішіні, күлтесінің түсі, түктену сипаты (түктері жай, екі рет тілімденген, бұтақты) ұрығының құрылысы, шірнеліктің орналасуы, жеміс жапырақшасының құрылысы.
Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Олардың ішінде кең тараған туыстарына: әжік (23 түр), сарбасқурай (10 түр), ақбасқурай (15 түр), ақшешек (10 түр) т.б. жатады.



  1. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің морфологиялық құрылысының ерекшеліктері.

Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда алқалар тұқымдасының 11 туысы, 23 түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет