1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері. Қан-ағзадағы ішкі сұйық ортадағы маңызды сұйықтардың бірі. Қан құрамы негізінен Плазма және формалық элементтерден тұрады.Плазма шамамен 52-58% құрайды.Формалық элементтер 42-48% құрайды.
Плазма негізгі құрамы: Су 90-92% және құрғақ қалдық 8-10% құрайды.
Формалық элементтер:Эритроциттер,лейкоциттер және тромбоциттер жатады.
Эритроциттер - қанның қызыл жасушасы.Ерлерде (4,0-5,1)*1012/л әйелдерде (3,7-4,7)*1012/л байқағанымыздай әелдерде ерлерге қарағанда азырақ. Ол ядросыз, екі жағы ойыс диск тәріздес, дөңгелек жасуша.
Эритроциттердің химиялық құрамы: Су 60% және құрғақ қалдық 40% тұрады.Құрғақ қалдықтың өзі гемоглобин 36% және басқа заттар 4% тұрады.
Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4,1-9,0х109/л. Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың жалпы санынан пайыздық мөлшері лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады.
Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл)
Қанның негізгі қызметтері:
Тасымалдау
2. Плазма құрма. Қаннның физикалық және химиялық қасиеттері.
Қанның физикалық-химиялық қасиеттері 1. Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты. 2. Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты. 3. Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты. 4. Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064 плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032
формалық элементтердің