Фотосинтез журналы issn1254- 4892 (басылым) Баспагері


VI. Тыныс алу процесіне ішкі және сыртқа орта жағдайларының тигізетін әсері



бет19/24
Дата08.07.2022
өлшемі6,95 Mb.
#37550
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ФОТОСИНТЕЗ-журнал СӨЖ №2

VI. Тыныс алу процесіне ішкі және сыртқа орта жағдайларының тигізетін әсері
Тыныс алу процесіне әр түрлі жағдайлардың әсері
Өсімдіктердің тыныс алуы үнемі өзгеріп отыратын процесс, ол көптеген ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты. Тыныс алу субстраттары, физиологиялық процестердің жалпы активтілігі, өсімдіктердің жасы, тканьдердің түрлері және олардың орналасуы, өсімдіктердің географиялық шығу тегі осындай жағдайлар болып табылады. Сыртқы жағдайлардың ішінен оттегінің болуы, темпе-ратура, жарық түсу жағдайлары, ортаның ылғалдылығы тыныс алуға елеулі әсер етеді.
Клетка тіршілік әрекетінің деңгейі тыныс алу процесінің деңгейін анықтайтын аса маңызды фактор болып табылады. Клетка тіршілік әрекетінің деңгейі протопластың мөлшері мен күйіне байланысты. Ішіне жас және тіршілік етуге қабілетті протоплазма толған камбий клеткаларының
35
тыныс алу қарқындылығы аса жоғары болады. Саңырауқұлақ мицелийлері мен бактериялар жедел өсе бастаған кезде де тыныс алу қарқындылығы жоғары болады. Бұл жағдайлардың бәрінде де тыныс алу қарқындылығының жоғары болуы клеткалардың активті түрде өсетіндігіне байланысты, өйткені клеткалардың өсуі органикалық заттардың күшті синтезделуіне, протоплазманың жаңа түзінділері пайда болуы мен клеткалардың бөлінуіне байланысты. Бұл процестердің барлығына көптеген маңызды органикалық қосылыстар қажет болады. Ол қосылыстар тыныс алудың аралық өнімдері және энергиясы арқылы түзіледі.
Тыныс алу процесінің деңгейі көп жағдайда тканьдердің органдарда орналасу ретіне де байланысты. Органдардың сыртқы бетіне жақын орналасқан және оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілген тканьдердің тыныс алу қарқындылығы едәуір жоғары болады. Картоптың тыныс алу қарқындылығын 1 г құрғақ салмағына бөліп, тәулік ішінде өлшесек, ол жұмсақ түйнегінде 3,8 мг, қабығында 11,3 мг, көзшелерінде 13,8 мг СО2-ге тең болады. Лимон жемісінін, тыныс алу қарқындылығында да осындай айырмашылықтар бар. Тұтас жемісінің тыныс алу қарқындылығы 12,4 мг СО2, жұмсақ етінде—10,6, ал қабығында — 69,3 мг СО2 болады. Тканьдер қаншама тереңдікте орналасса, оттегін соншама аз қабылдайды және тыныс алу қарқындылығы соншама төмен болады.
Онтогенез барысында өсімдіктің дамуына байланысты оның тыныс алу қарқындылығы да өзгеріп отырады. Тыныс алу қарқын-дылығы өсімдіктің есе бастауынан оның толық қалыптасуына дейін үздіксіз арта береді. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде ол максимум шамаға жетеді де, одан соң біртіндеп кемиді. Өсімдіктің тіршілігін қамтамасыз ету шегінде оның темпера-турасының артуы тыныс алу процесін күшейте түседі. Мұнда тыныс алуға қажетті минимум, оптимум және максимум температураны ажыратуға болады. Өсімдіктің түріне, оның генетикалық табиғатына және экологиялық бейімделушілігіне қарай аса маңызды бұл нүктелердің жағдайы түрліше болып келеді.
Суық климатқа бейімделген өсімдіктер денесінің қалыпты тыныс алу процесі ететін минимум температурасы жылу сүйгіш өсімдіктер денесінің минимум температурасынан едәуір төмен болады. Өсімдіктердің шығу тегі мен бейімделушілігіне байланысты тыныс алуға қолайлы жағдай туғызатын тиімді температура да түрліше болып келеді. Алайда өсіп жетілу кезеңдеріне қарай ол бір өсімдіктің өзінде де өзгеріп отырады. Мысалы, лимонның пісіп келе жатқан жемістерінде тыныс алуға қажетті тиімді температура жемістер түзіле бастаған кездегіге қарағанда айтарлықтай төмен болады. Лимонның толық піскен жемістері үшін тиімді температура бұдан да төмен. Мұны ортаның температура режиміне жемістердің адаптациялануымен (бейімделуімен) түсіндіруге болады. Жемістер ауа райы ыстық болып тұратын жазда қалыптасатын болса, олардың пісуі ауа райы салқын болатын күз айларында өтеді. Тыныс алу процесінің барысына басқа да көптеген
36
факторлар бір мезгілде әсер етеді, сондықтан тыныс алу қандай да болмасын бір фактордың өзгерісіне тәуелді болмайды. Тыныс алу процесі үшін маңызды болып табылатын көптеген факторлардың тиімді ұштасып келуі де осындай себептерге байланысты тұрақсыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет