Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж. Сенебье, Н. Соссюр және неміс химигі Ю. Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К. А



Дата06.01.2022
өлшемі18,23 Kb.
#14985
Байланысты:
Документ (6)


1. Фотосинтез (Фото...  және синтез) – жоғары сатыдағы  жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.

Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғ-ң басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғ-ң орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі,радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.

Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп клеткалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір клеткалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2  мен Н2О пайдаланылса углевод түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік углевод түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар  аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил спиртін) пайдаланады.

2.Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына жылудың белгілі саны керек, яғни жылу құбылымы (режим), ол температураның көлемге (ауа, топырақ, су беті) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз дәндер өнбейді. Бірақта жер шарында өсімдіктер өсіп-дамуға жылу әртүрлі және өзгерісті керек. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан өзгеріп тұрады. Ол тек жыл ішінде емес, тәулік және сағат шеңберінде өзгеріп тұрады.

Өсімдіктердің жылуға талабы әртүрлі және құбылмалы, жылу жағдайларына қойылатындай. Сондықтан жылу жағадайлары фактор ретінде орманның өсіуне әсер етеді. Ағаштар мен бұталар нольден жоғары температурада өсіп – дамиды. Ағаш өсімдіктерінің тамырлары топырақ температурасы 5º жоғарыда дамиды, фотосинтез 0-40 ... 50 º жүреді, ал жағдайлы температура 30 ... 35ºС. Дәннің өнуі, гүлдеу және тісу әр тұқымда өз қолайлы температурасында жүреді. Ағаш түрлеріне температуралық ауытқулар әсері әр түрлі болып келеді, бірақ, әсіресе, тым төмен және тым жоғары температуралардың зияны көпТым жоғары температура (аптап ыстық) тамыр мойнының күйіп кетуін, дің қабығы мен жапырақтардың күюін туғызады, олар сеппелер мен ағаштарға теріс әсер етеді.

3. Тым төмен температураларда мыналар орын алуы мүмкін:

-өркендердің, гүлдердің, жапырақтардың үсікке ұрылуы;

-қысқы суықтар кезеңінде өсімдіктердің үсіп кетуі;

-аяздан шытынаулар мен ойық жарылулардың пайда болуы.

Кеш түскен көктемгі және ерте түскен күзгі үсіктер ағаштарға аса зиянды. Күздің басындағы күтпеген үсіктер сүректенбеген өркендердің жойылуына әкеліп соғады.

Үсіктерге шаған, шырша, шамшат, майқарағай сезімтал, ал қайың, қарағай шетен, балқарағай, қандыағаш төзімді келеді.



Аяздан дің бойымен шытынаған жарылулар біршама жиі кездеседі. Бұл құбылыс- жер бетінде температураның шұғыл төмендеуінің нәтижесі. Ағаш сүрегінің жэылу өткізгіштігі төмен болу салдарынан, сыртына қарағанда ішкі бөлімінде аз қысылады, содан діннің сыртқы бөлігі тік бағытта жарылуы пайда болады. Аяздан болған жарылулар көбіне аз майысқақ қабықты ағаштарды (емен, шаған, шамшат, шегіршіндер) көбірек кездеседі. Мұңдай сүректің техникалық сапасы төмендейді, жарылуларды зиянды жәндіктер мекен етіп, ағаш бүлдіретін саңырауқұлақтардың споралары түседі. Қар аз түскен жылдары, ұзақ қатты аяздар (-40 С-қа дейін) кезінде ересек шырша ағаштарының қылқандары қызарып кетеді, содан соң жерге түсіп қалады. Егер шыршалар қылқанының 60 пайызға жуығын жоғалтса, олар құриды.

Әсіресе, тегіс қабықты жас ағаштар (шырша, граб, майқарағай) үшін ең көп тараған екі зақым түрі қауіпті: қабық күйігі және тамыр мойының күйіп кетуі. Қабық күйгенде камбий қабаты өледі және қабық діңнен сылынып қалады. Бұл саңырауқұлақ ауруларын туғызады. Күйік бәрінен жиірек жұқа, тегіс, қабығы қощқыл қара түсті ағаш түрлерінде (майқарағай, шаған, шамшат және т.б) байқалады. Топырақ үстінің жоғары температурасында (50-60С) тамыр мойнының күйіп түсуі орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет