Фототрофты микроорганизмдер



бет1/6
Дата18.04.2023
өлшемі41,61 Kb.
#83852
  1   2   3   4   5   6

Жаратылыстану:76-80
76)фототрофты өсімдіктердің мофлологиялық эволюциясының ерекшеліктері
ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР (фото… және грек. throphe — қоректену) — жарықты клетка кешендерінің биосинтезі үшін пайдаланып, оның өсуін қамтамасыз ететін организмдер. Фототрофты микроорганизмдергеге жасыл және қарақошқыл бактерияларцианбактерияларпрохлорофиттер (Prochlorales), кейбір галобактериялар (Halobacterіum), сондай-ақ көптеген эукариотты организмдер (диатомды, эвгленді, сарыжасыл балдырлар, т.б.) жатады. Барлық aфтотрофты микроорганизмдерде фотосинтез процесі өсімдіктердегідей, хлорофилдің қатысуымен жүреді. Тек галобактерияларда бұл қызметті белок кешені — бактериородопсин атқарады. Цианобактериялар мен балдырларда фотосинтез кезінде О2 бөлінеді, ал одан басқа фототрофты микроорганизмдер Н2О орнына сульфид, тиосульфат, Н2, органикалық заттарды пайдаланғандықтан О2 бөлінбейді. Көпшілік aототрофты микроорганизмдер — автотрофтар. Бірақ кейбір aототрофты микроорганизмдер (мыс. галобактериялар, т.б.) органикалық қосылыстарды белсенді түрде ассимициялайды (қ. Анаболдану). Көптеген фототрофты организмдер молекулалық азотты сіңіреді. Фототрофты микроорганизмдер негізінен су қоймаларында кең тараған. Бұлар органикалық заттардың жиналуында, сондай-ақ табиғаттағы күкірт пен азот айналымында үлкен рөл атқарады.

77)Ылғалға,сусратқа,және күн сәулесіне байланысты экологиялық топтары:


Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай негізгі топтарын ажыратады:
1. Ксерофиттер (грекше «ксерос» - құрғақ, «фитон» - өсімдік) - топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер.
2. Мезофиттер («мезос» - орташа) - орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет