Су туризмі — белгілі-бір су обьектілері (өзендер, көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы (кайықтар, салдар т.б.) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс- әрекеттер. Су туризмінде қолданылатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон қайықтар, кильді қайықтар, катамарандар, тегіс табанды кайықтар т.б.) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше (желдер, толқындар, сарқырамалар т.б.).

Велосипед туризмі — ұзақ кашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілер бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.
Автомототуризм — арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут өтетін жерлердің жағдайына байланысты өтетін (батпақтар, тасты, қарлы жерлер, құмдақ жерлер мен өткелдер, тау жолдары мен тау асулары жорықты күрделендіреді), үлкен қашықтықтарға созылатын, топтық құтқару құралдарының (от сөндіргіштер, аптечкалар, қорғаныс шлемдері, қауіпсіздік белбеулері т.б.) болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастырып өткізу. Көлік құралы ретіиде туризмнің бұл тұрі бойынша автомобильдер, мотоциклдер, мопедтер т.б. қолданылады. Автомототуризм бойынша жарыстар, чемпионаттар өтіп тұрған.