Француз ағартушылығы. Вольтер, Руссо, Монтескьенің деистік қағидалары. Гольбах, Дидро, Гельвеций, Ламетридің атеизмі
Франциядағы ағартушылық. Француз ағартушылары ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы идеяларды алғаш рет үгіттеушілер — қоғамдық тұлғалар мен ғалымдарды, журналистер мен жазушыларды біріктірді.
Франциядағы ағартушылар сословиелік теңсіздікке, ақсүйектер мен дін адамдарының әділет- Томас Джефферсонсіз артықшылықтарына, әртүрлі діни ағымдарға және жалған ырымдар мен сенімдерге қарсы болды.
Франциядағы ағартушылық қозғалыстың басқа да маңызды ерекшелігі өмірдің қоғамдық және саяси құрылым мәселелеріне деген қызығу шылықтары болды. Бұған француз жазушылары мен ғалымдарының еңбектері дәлел бола
алады.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында Монтескье мен Вольтер ең белгілі француз ағартушылары Шарль Луи болды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі Монтескье 1748 жылы Монтескье «Заңдардың рухы туралы» деген басты еңбегiн жариялады. Бұл еңбегiнде ол өкiметтi құрудың неғұрлым кең тараған үш түрiн көрсеттi: деспотизм, конституциялық монархия, республика. Ол деспо тизмге қарсы шықты.
Оның саяси идеалы конституциялық мо нархия болды. Бостандықтың қажеттi кепiлi ретiнде Монтескье үкi мет тiң үш билiгін: орындаушы, заң шығарушы, сот органдары деп бөлдi.
Ағартушылық ғасырының аса көрнектi қай раткерiнiң бiрi — Вольтер. Ол ақын, драматург, философ, физик әрі саяси қайраткер болатын. «Философиялық хаттар» деген кiтапта ол католиктiк дiнбасыларын қатал сынға алып, шiркеулiк әдет-ғұрыптар қарапайым халықты қараңғылықта, надандықта ұстау үшiн ойлап табылған әдiс дегендi айтты.
XVIII ғасырда француз ағартушылығының аса көрнекті өкілдері Жан Жак Руссо мен Дени Дидро болды. Жан Жак Руссо барлық адам үшін бірдей еркіндік идеясын ұсынды және халық мүддесіне сай келмейтін жағымсыз моральды әшкереледі.
1751—1780 жылдары «Энциклопедия» немесе ғылымның, өнердiң және кәсiптiң түсiндiрме сөздiгi» шығып тұрды. Энцикло педияның редакторлары аса iрi француз философы Äени Äидро мен атақты математик Æан Ëерон д’Аламбер Вольтер болды. Энциклопедия сол кездегi ең алдыңғы сындарлы бiлiмдердiң жинағы едi. Энциклопедия қызметкерлерінің ішінде ірі ғалымдар сол кездегі француз ғылымының ойшыл дары бола тын. Оларды энöиклопедистер деп атай баста ды. Энцикло педистер феодалдық-абсолюттiк мемлекет жүйесіне және като ликтiк шiркеуге қарсы шықты. Олар жаңа буржуазиялық мем лекет пен буржуазиялық идеологияның негiз гi қағидаларын жасады. Энциклопедистер қу ғын-сүр гiнге ұшырап отырды. XV Людовик король дың бұйрығы бойынша оның алғашқы екi томы өртелді. Одан Дени Дидро кейін энциклопедияға тыйым салын ды. Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі Энциклопедистер — 1751—1780 жылдардаӣы Францияда энциклопедия не месе ӣылымныӫ тӭсiндiрме сӹздiгiнӠӫ шыӣарушыавторлары. Олар ӧоӣамдаӣы консерваторлыӧ идеологиямен кӭресте ӭлкен рӹл атӧарды. Халықтың төменгі топтарының мүддесiн бiлдiрушi, демократия- лық идеологияның өкiлдерi, алғашқы коммунистiк идеяны туғызушылар — Æ.Ìелье, аббат Ìорелли, Г.Ìабли болды. Олардың ойынша, тек коммунистік қоғамда ғана барлығы бірдей тең және мүлікке ортақ иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам болады. Олар байлыққа қарсы болды, сән-салтанат пен байлық барлық қасiреттiң көзi деп санады. «Ағартушылық абсолютизм» саясаты. Сол кездердегі кеңінен тарал ған «ағартушылық абсолютизм» теориясы еді. Оның негі- зін қалаушы ағылшын философы Òомас Гоббс болды. Бұл тео- рия ға сәйкес адамдардың өмірін жақсарту үшін мемлекетті ақылды, білімді, барлық қажетті кешенді білімі бар ағартушы король басқару керек. Осындай монарх «жалпы игілік» идеалына, елдің экономикалық, мәдени өркендеуіне қол жеткізе алады. «Ағартушылық абсолютизмiнiң» жақтаушысы Âольтер болды. Белгілі ағартушы монархтар — Ресейдің патшайымы ІІ Åкатерина, Австрия императоры ІІ Иосиф және Пруссия королі ІІ Фридрих саналды. «Аӣартушылыӧ абсолютизм» — XVIII ӣасырдыӫ екӠншӠ жартысында Еуропаныӫ кейбӠр абсолюттӠ монархтары жӭргӠзген саясат. Осыныӫ нәтижесӠнде алӣашӧы зайырлы мемлекеттер ӧалыптаса бастады. ІІ Екатерина өзінің барлық қызметін Ресейдегі ағартушылық ке зеңімен байланысты екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол Дидроны Петербургке шақырып, Энциклопедия басылымын жалғастыруды ұсынды. II Екатерина басқарған уақытта көптеген реформалар жасалып, заңдар шығарылды. Австрияда Мария Терезия және оның баласы ІІ Иосиф басқарған жылдары жүзеге асырылған реформалар «ағартушылық абсолютизм» сая- сатына тән болды. Олар реформаларды бас қарушы ақсүйектердің мүддесінде жүргізіп, буржуазияға азғана жеңілдіктер берді. Мария Терезия басқару және әскер саласында ауқымды реформаларды жүзеге асырды, жалпыға бірдей білім беруді Пруссия королі мін детті етті, көпшілікке арналған кітапханалар II Фридрих Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі мен бір неше обсерваториялар салғызды. ІІ Иосиф кезінде Австрияда католиктік шіркеудің артық шы лық тарын шектейтін бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Ойлан Неліктен XV Людовик энциклопедияның шығуына тыйым салды, ал Ұлы Екатерина оны жарыққа шы ғаруды ұсынды? Ең ағартушы басқарушы Пруссияның королі ІІ Фридрих болды. Ол философ-король деген атқа ие болды. Оның кезінде алғаш рет мерзімді басылымдар еркіндігін негіздеуге мүмкіндік алды. ІІ Фридрих өзін ғылым мен өнердің қолдаушысы ретінде көрсетті. Ол Корольдық операны, Берлин ғылым академиясын құрды, Берлинде тұңғыш көпшілік кітапханасын ашты. ІІ Фридрихтің дінге еріктілігі барлығынан асып түсті. Таққа отыра салып: «Барлық діндер тең және жақсы, егер оны ұстанушылар адал адамдар болса», — деді. Ағартушылық монархтардың әрекеттері екі жақты сипатта болды. Олар ағартушылар болса да, алайда деспоттар болып қалды. Ағартушылық идеяларының қоғамдық дамуға ықпалы. Ағарту- шылық ғасыры Еуропада ортағасырлық қоғамдық қаты настарды толық жою iсiн жүзеге асырды. Ағартушылардың бұл тобы дiни сенiмдердi ғылым тұрғысынан сынады. Францияда көптеген ағартушылар католиктiк шiркеуден қол үзiп, оларды сынға алды. Олар жанның өлмейтiндiгiне, дүниенi құдайдың жаратқанына, табиғаттан тыс күштердiң бар екенiне сенбедi, олар құдайға сену табиғаттың барлық құпиялары ашылғанда өзiнен-өзi жойылады деп есептедi. Ағартушылық ғасырында шiр кеудiң қоғам мен мемлекетке ықпалы әлсiредi және ғылымға деген ынта күштi болды. Ғалым, ойшыл, философ адамдарды халық ерекше құрметтедi. Ағартушылар өздерiнiң кiтапта ры, пьесалары мен мақалалары арқылы өз елдерiндегi қо ғамдық пiкiрге елеулi ықпал ете бiлдi. Олар абсолюттiк билiк тәртiбiн, шiркеулiк қараңғылық пен сол заманғы бiлiм беру жүйесiн, адамгершiлiк азғындауды сынға алды. Ағартушылық ғасы рының ғалымдары жаратылыстану ғылымына ерекше көңiл бөлді. Олардың пайымдауынша, физика, химия, биология, геология және басқа жаратылыстану ғылымдары жер бетiндегі барлық құбылыстарды түсiндiре алуы тиiс болды. ХVIII ғасыр ағартушыларын адамзат тарихының мәселелерi, оның даму барысы, өткені мен болашағы толғандырды. Ағартушылық Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі ғасырында Еуропада өркениеттiлiкпен, бiлiм мен ғылымның дамуымен байланысты «қоғамдық прогресс» идеясы қалыптасты. Адамның ақылына сене отырып, ағартушылар адамзаттың болашағы жарқын деп есептедi. Ойлан Қоғамдық прогресс идеясының мәні неде? Көптеген француз ағартушылары болжаған XVIII ғасырдағы революцияның алдында болашақ қоғамдық қайта құрумен байланысты мәселелерді қарастыру аса маңызды еді. Олардың пiкiрi бойынша құқықтық мемлекетте әрбiр адам азат өмiр сүруге, жекеменшiк иесi болуға және жекебас бостандығына құқылы. Бұл құқықтар заңмен қорғалады және кепiлдiкке ие болады. Құқықтық мемлекетте заң бәрiнен жоғары тұрады және ол жалпыға бiрдей мiндеттi. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің қалыптасуы барысында дамиды. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Құқықтық мемлекет — әрбiр азаматтыӫ ӹмiр сӭру, жекеменшiк иелену және жекебасыныӫ ӧӯӧыӧтарына заӫмен кепiлдiк берiлген және ӧорӣалатын мем лекет. Ӧӯӧыӧтыӧ мемлекетте барлыӣы заӫӣа баӣынады, заӫ алдында теӫ, заӫды орындауӣа барлыӣы да мiндеттi. Мӯндай мемлекетте ӹкiметтi зорлыӧзомбылыӧ және бӯрмалаушылыӧтан тежейтiн механизмдер жолӣа ӧойылӣан. Азаматтық қоғам мен құқықтық мем лекет туралы идеялардың тууы мен дамуы ағартушылық ғасырының көрнектi қайрат- керлерi Томас Гоббс, Джон Локк пен Шарль Луи Монтескье атымен тығыз байланысты болды. Олардың ойынша, егер үкiмет басшылары билiктерiн асыра пайдаланатын болса, онда халық көтерiлiске шығуға және ондай билеушiлердi орнынан алуға құқықты. Дж. Локктың саяси теориясы еуропа континентінің қоғамдық ойы на үлкен төңкерістік ықпал етті. Бұл теория кейіннен Ж.Ж. Руссоның еңбек терінде көрінісін тапты. Монтескьенiң деспо- тизмге қарсы шыққаны, дiндi сынағаны, бостандықты қорғағаны – келесi ұрпаққа ерекше ықпал жасады. Ағартушылық идеялар қоғамдық ойдың дамуына әсер етті. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революцияларды дайындауда ағартушылықтың рөлі. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы капитализмнің даму үдерісі жағдайында терең әлеуметтік өзгерістер орын алды. Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі Буржуазия ең күштi, ең бай және эконо микалық жағынан қуатты тап болды. Қанша қуатты болғанымен оның саяси құқығы болмады. Мемлекеттiң саясаты оның мүддесiне сай келмедi. Ол өз мүддесiне сай келетiн жаңа қоғам орнатуға ұмтылды. Ағартушылық теориялары қоғамдық санада түбегейлі төңкеріс жасады. Америка, ағылшын және француз революцияларының ағартушылық идеялары, ең алдымен, адамдардың табиғи теңдігі мен қоғамдық келісім теорияларының негізінде өтті. Мемлекеттік құрылысты құлатуға тікелей шақырмағанымен, ағартушылар халық санасына қоғамды қайта құру үшін оның еркі мен білімінің жетіп жатқандығын сіңірді. ХVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңі Еуропа халықтарының өмiрiндегi iрi құбылыс болды. Ол Еуропа мен Солтүстік Америка қоғамының ортағасырлық өмiр салтынан толық ажырап, жаңа заманның игiлiктерiн жасауына зор ықпал еттi.
Достарыңызбен бөлісу: |