Индуизм-қазіргі Үнді елінде кең таралып, брахманизм ілімі негізінде елдегі әр түрлі діни нанымдарды бір жүйеге біріктірген дін . Ол 4—5 ғ.ғ. құл иеленуші қоғамның ыдырап, феодалдық қоғамның дамуы тұсында қалыптасты. Әдетте «Индуизм» деген атауды пайдаланбайды. Олар өз діндерін арьядхарма («арии заңдары») деп, сондай-ақ «санатана- дхарма» немесе жәй «санатана» деп те атайды. Индуизмде үш құдай бар : Брахма ( жаратушы) , Вишну (сақтаушы), Шива (бұзушы, қайта жаратушы). Брахма көптеген әр түрлі бейнелерге ие, соның ішінде әйел бейнесі Шакти де бар. Индуизмнің негізгі бағыттары : вишнуизм , шиваизм, шактизм. Бүкіл Үнді елінде осы құдайларға арналған мыңдаған үлкенді – кішілі храмдар салынған.Осы бағыттар үлкен құдайлар пантеонын құрайды. Храмдардан басқа қасиетті көптеген орындар , өзендер бар. Ең қасиетті өзен «Ганг» болып есептеледі. Үндістанда тек құдайларға ғана емес, сиырдың, өгіздің, маймылдың, жыланның мүсіндеріне де табынушылық кездеседі. Индуизмде бірегей шіркеу басшысы, шіркеу иерархиясы жоқ, сондай-ақ кононизация, ұйымдасқан шіркеу, клир де болған емес. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.
Даосизм.Бұл діни-философиялық бағыттың негізін салушы– Лао-Цзы. Оның еңбегі даналық сөздеерден тұратын «Дао-дә-цзин», яғни Дао туралы кітап.
Мағыналық тұрғыдан Дао ілімі әрі құдай, әрі табиғат, әрі даналық ілімі дегенді де білдіреді. Сол себепті табиғаттың қозғалыс заңына бағындау дао заңына немесе құдайға бағынбауды білдіреді. Дао ілімі зұлымдықтың қай түріне болмасын қарсы.
Сондай-ақ өте ертеде пайда болғандықтан ол да өз тарихында бірнеше кезеңдерден өтіп, қазіргі кезде түп нұсқасынан түрленген формасын ұшырату тарихта жаңалық емес.