Фразеосемантика


§ 2. Коннотацияның функционалдық типологиясы  ................... 194



Pdf көрінісі
бет6/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123

§ 2. Коннотацияның функционалдық типологиясы  ................... 194
§ 3. Коннотация – фраземалық мағынаның микрокомпоненті  .... 201
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 215   
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  ........................................ 218
1-Қосымша ................................................................................................. 226
ҚОЛДАНЫЛҒАН ФРАЗЕМАЛАРДЫҢ АЛФАВИТТІК  
КӨСЕТКІШІ     ........................................................................................... 226
4


СӨЗБАСЫ
М
онография  қазақ  тілінің  лексикалық  қорындағы  ұлттық 
болмыспен,  тарихпен,  әдет-ғұрыппен,  салт-санамен,  мәде-
ниет пен,  саяси-экономикалық  және  т.б.  жағдайлармен 
тығыз байланысты туған тілдің бейнелі бай, сұлу, өткір, «өңменнен өтіп, 
қолқаны  қозғайтын»  (Ө.  Айтбаев)  айшықты  тіркестері  фразеологизм-
дер  мағынасының  қалыптасу  деректеріне,  этномәденилингвистикалық 
қалыптарына, олардың ұлттық-психологиялық және таңбалық-символдық 
ерекшеліктерінің та биғатына арналады.
Қазақ  тіл  білімінде  фраземалар
1
  құрылымдық-типологиялық, 
семан тика-морфологиялық,  тақырыптық,  түрлі  аспектілік  (этно-
линг  вистикалық,  мәдени-лингвистикалық  және  т.б.)  тұрғыдан  XX 
ғасырдың  40-жылдарынан  бастап  зерттеле  бастады.  Қазақ  фразеоло-
гия  саласының  көшбасшысы  І.  Кеңесбаев  алғаш  рет  жалпы  түркі  фра-
зеология  ғылымының  теориялық  негізін  салды.  Қазіргі  уақытта  қазақ 
лингвистикасында  фразеологизмдердің  теориялық  және  практикалық 
мәселелері (Ә. Қайдар, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, С. Исабеков, А. Алдаше-
ва, Г. Смағұлова, С. Сәтенова т.б.), фраземалардың стильдік қызметі (М. 
Серғалиев,  Г.  Құсимова,  Г.  Боранбаева),  олардың  көркем  шығармаларда 
қолданылуы (Ө. Айтбайұлы, Б. Шалабай, Х. Қожахметова, М. Жәнібеков), 
фразеологизмдердің  мағыналық,  тақырыптық  тұрғыдан  топтастырылуы 
(А.  Елешова,  Р.  Жайсақова),  фразеологиялық  бірліктердің  жеке  катего-
риялары  (Ф.  Оразбаева,  А.  Байталиев,  Р.  Таева),  фразеологизмдердегі 
диалектілік ерекшеліктер (Ш. Сарыбаев, Қ. Қалыбаева, С. Мұстафаұлы), 
фра зео логизмдердің  жеке  тілдер  деректерімен  салыстыра  зерттелуі  
(А.С.  Аманжолов,  З.  Ахметжанова,  Р.  Валиханова,  М.  Әбдіғалиева,  
1
 Фразема термині еңбекте тіл білімінде синоним ретінде жарыса колданылып жүрген 
фразеологиялық оралым, фразеологиялық единица, фразеологиялық бірлік, тұрақты сөз 
тіркестер  атауларының  орнына  қолданылды.  Терминді  алғаш  рет  Ресейдің  фразеолог 
ғалымы  Н.Ф.  Алефиренко  ұсынған  (Теория  языка.  Введение  в  общее  языкознание. 
Волгоград, 1998, 295-296 б.) Тілдің фразеологиялық бірліктерін фразеология деуден гөрі 
(себебі ғылым саласымен омонимдес болғандықтан) морфема, лексема, сема терминдеріне 
сәйкестенді-ріп фразема (фраземика ғылымы) деп атадық. 
Ардақты əкем − Əмірден Ебилдаұлы  
 мен аяулы анам − Роза Мұхаметқызына зор денсаулық, 
 ұзак ғұмыр тілеп, бас иіп, тағзым етемін. 
Қызы Раушангүл Əмірденқызы  
5


Авакова Р.А. Фразеосемантика
6
П.  Дәулетова  және  т.б.)  мәселелері  тіл  білімінің  түрлі  аспектілерінде 
зерттелді.  Сонда  да  қазақ  тілінің  фразеологиялық  қорын  кешенді  түрде 
зерттеу бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Халықтың  тұрмыс-тіршілігінің,  салт-санасының,  экономикалық-саяси 
көзқарасының айнасы болып табылатын фразеологизмдер – тақырыптық 
және  семантикалық  тұрғыдан  көп  аспектілі,  ойлау  мен  танымның  ерек-
ше  бейнелі,  эмоционалды-экспрессивтік  реңкіне  ие,  тіл  қабаттарының 
ішіндегі  құрылымдық  типтері  мен  синтаксистік  модельдері  қалыптасқан 
тілдік бірліктер. 

Тұрақты тіркестер XX ғасырдың соңғы онжылдығында дами бастаған 
тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – қазақ тілі 
фраземаларының  семантикасын  зерттеудің  теориялық  дәйектемелерін 
негіздеу;

фраземалардың  пайда  болуына  ұйытқы  болатын  уәждерін  анықтау, 
әлемнің  тілдік  бейнесіндегі  олардың  ішкі  формасының  фразеологиялық 
мағынамен сабақтастығын көрсету;

қазақ  тілі  фраземаларының  семантикасын  ашуға  мүмкіндік  беретін 
этномәдени  ерекшеліктерді  көрсетіп,  олардың  мифологиялық  табиғатын 
айқындау;

фраземалардың  мағыналық  қасиеттерін  ашуда  таза  тілдік  және 
семиотикалық аспектілердің біртұтас көрінісін бағамдау;

бейнелі тіркестер семантикасындағы архисемалық «қалдықтардың» 
ерекшеліктерін саралау;

ерекше  тілдік  бірлік  болып  табылатын  көнерген  сыңарлы 
фраземалардың мағынасына талдау жасау;

фраземалық  бірліктерде  көрініс  тапқан  плеоназм  құбылы-сына 
лингвистикалық тұрғыдан баға беру;

қазақ 
тілі 
фраземаларының 
құрамындағы 
символдардың 
се ман тикалық ерекшеліктерін ашу;

фраземалардың ішкі формасындағы ұлттық-мәдени кон-нотацияның 
терең құрылымдық табиғатын көрсету және олардың бойындағы «шағын 
мәтіндік» қасиетті анықтау.
Қазіргі тілдік қорда жиі қолданылатын, ұлттық-мәдени ерекшеліктерді 
мейлінше мол сақтаған фраземалар зерттеу нысаны болды. 
Қазақ  тілі  ғылымында  фраземика  тіл  білімінің  деңгейаралық  саласы 
ретінде кешенді түрде алғаш рет зерттелініп отыр. Адамзаттың танымдық 
ойлауының жемісі болып табылатын фраземалар семантикалық аспектіде 
талданылып, мына мәселелер ғылыми тұрғыдан шешімін тапты:
•  тіл  қабаттарынан  қазақ  фразеологиялық  жүйесінің  алатын  орнына 
теориялық және методологиялық тұрғыдан баға берілді, фраземика және 
фразема терминдері қазақ фразеологиясында ал ғаш рет қолданылды;
•  фраземалардың құрамындағы мифологемалардың мәдени-ұлттық си-
паты танымдық тұрғыдан талданылды;


7
Сөзбасы
7
•  фраземалардың  ішкі  формаларының  этномәдени  және  экстралинг-
вистикалық дерек көздері ашылды;
•  компоненттік  анализ  арқылы  көнерген  фраземалар  құрамының  се-
мантикасына талдау жасалынды;
•  тіл  білімінде  тавтология  ретінде  танылатын  плеоназм  құ былысына 
фразеологиялық материалдар негізінде ғылыми дәйектеме берілді;
•  фраземалардың  таңбалық-символдық  белгілері  бірінші  рет 
ассоциативті-бейнелі ойлауының жемісі ретінде танылды;
•  «шағын  мәтін»  болып  табылатын  фраземалардың  конно-тациялық 
мағыналарына тілдік талдау алғаш рет жасалынды.
Фразеология  теориясы  мен  оның  методологиялық  негіздемесіне 
төмендегідей ғылыми дәйектемелер жасауға болады:
1.  Фразеологизмдер семантикасының теориялық және мето дологиялық 
негіздері:
•  фразеология  тіл  білімінің  ерекше  мағынаға  ие  сөз  тіркестерін 
зерттейтін  синтаксиспен,  сөздердің  мағынасын  зерттейтін  лексикологи-
ямен  байланысты,  фонетика,  морфологиямен  қатар  деңгейаралық  қабат 
ретінде қалыптасқан, өзіндік сипаттары бар лингвистикалық сала болып 
табылады.
•  тіл бірліктерінің ішінде ерекше феномен болып танылатын фразе-
малар – құрамындағы лексикалық сыңарларының мағыналары мен оның 
біртұтас  мағыналарының  арасында  еш  байланыс  жоқтығын,  ауыспалы, 
бейнелі мағынада тілдік қолданысқа түсетін, экспрессивті-эмоционалдық 
табиғатымен,  фразеологиялық  номинация  тұтастығымен,  компонент 
құрамының  жекелігімен,  даяр  қалпында  қолданылу  ерекшелігімен, 
тұрақтылығымен сараланатын тіл бірлігі.
2.  Тілдік  фактілер  мен  фразеологизмдердің  ішкі  формаларына 
жасалынған  талдау  фразеологизмдер  семантикасын  байланыстыру-
шы  «прототиптер»  мен  фразеологиялық  бейненің  пайда  болу  шарт-
тарын,  қазақ  фразеологиясының  ұлттық  ерекшеліктері  көрсететін 
экстралингвистикалық  факторларды  қалпына  келтіруге  септігін  тигізді. 
Сонымен  қатар  фраземалардың  ішкі  формадан  туындайтын  мағыналық 
жақтары қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, еңбек ету болмысымен, та-
рихымен, рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпымен және наным-сенімдерімен 
байланысты дәлелденеді. Фраземалардың ішкі формасы негізінде сараланған 
мағыналық-тақырыптық (соматизмдер, зооморфизмдер, алғыс-қарғыс, діни-
мифологиялық  т.б.)  топтастырулар  тілдік  бірліктердің  негізгі  деректерін 
анықтауға,  олардың  пайда  болуының  экстралингвистикалық  жағдаятын 
қалпына келтіруге, фраземажасам үрдісі кезіндегі әлеуметтік факторларды 
«жандандыруға» мүмкіндік берді.
3. Ғасырлар  куәсі  болған  әдет-ғұрыптар  мен  салт-саналар,  аңыздар 
мен  дәстүрлер,  өте  ерте  заманда  қалыптасқан  мифоло-гиялық  түсініктер 
уәждерінің халық санасында қалып, шығу көзі белгісіз, дайын код ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет