Авакова Р.А. Фразеосемантика
8
қолданылатын архетипті байланыс фразеологиялық қордың көне дәуірдің
жемісі екендігінің дәлелі.
4. Фраземалардың халықтық табиғатын түсінудегі, ұлттық мәдениетпен
байланысын көре білудегі негізгі факторлары олардың мағынасындағы
экстралингвистикалық себептерін анықтауға, ішкі формасындағы
ассоциативтік-символдық байланыстардың уәждерін саралауға мүмкіндік
берді. Фраземалардың пайда болу уәждері көбінесе универсалды сипатқа
ие, өйткені олардың қалыптасу кезеңіндегі түрлі жағдайлар фраземалық
мағынаның жасалуына септігін тигізеді.
5. Қазақ тіліндегі фраземалардың пайда болу көздері халық тарихы-
мен, өмір-тіршілігімен, қоғаммен, материалдық және рухани мәдениетімен
тығыз байланысты. Қоғамның даму барысында бұл атрибуттар ұмытылады,
соның нәтижесінде ұғымның тура мағынасы көмескіленеді, халық са-
насында, оның тілдік қорында бейнелі, астарлы, айшықты тіркестер
– архисемалық «тарихи қалдықтар» семиотикалық таңбалар ретінде
ұрпақтан-ұрпаққа сақталады.
6. Тілдің сөздік құрамының толығуы өзінің ішкі мүмкін-шіліктері
арқылы ғана емес, сонымен қатар сөз байлығы өзге тілдер элементтерін
кіргізу арқылы да жүзеге асырылады. Қазақ тілінің фраземалық қоры
тарихи-әлеуметтік жағдайлармен тікелей байланысты араб, парсы,
монғол тілдерінен енген сөздермен толыққан. Фразема құрамындағы
қазіргі сөйлеушіге түсініксіз, мағынасы күңгірт сөздердің шығу төркіні
мен фраземалық уәждері алтайлық, көне түркілік, орта ғасырлық тарихи
кезеңдермен тікелей байланысты.
7. Тілдік табиғаты ерекше басы артық, ой қайталанушылық деп таны-
латын плеонастық құбылыстар негізінде қалыптасқан фраземалар тілдік
қорды байытудың қайнар көзі болып табылады.
8. Фразема жасауға ұйытқы болған символ сөздер халықтың
мифопоэтикалық дәстүрлерімен тығыз байланысты. Сандық және түстік
символдар тірек болған фраземалардың бойында мифтік культуремалардың
таңбалық-символдық мағыналары сақталған, өйткені олардың қалып тасу-
ына халық санасындағы мифтік-ма гиялық түсініктер мен танымдар әсер
еткен.
9. Мәдени коннотациялық мәнге ие фраземалар «шағын мәтін» бо-
лып табылады. Олардың ішкі формасы «шағын мәтін» арқылы сақталып,
ұрпақтан-ұрпақка жетеді. Адамның рухани дүниесі, сенімдері мен жан
дүниесі тіл арқылы емес, мәтін арқылы көрініс табады. Шағын мәтін бо-
лып табылатын фраземалар – мәдениетпен тікелей байланысты әр алуан
«мәдени кодтарды» жеткізуші, тарих, этнография, ұлттық психология,
әдет-ғұрып, және т.б. ұлттық көріністерін өз бойына сақтаушы таңбалар
«экспоненті».
Тілдің негізгі байлығы жеке сөздерде ғана емес, сан жағынан одан
9
Сөзбасы
бірнеше есе артық сөз тіркестерінде шоғырланғаны белгілі. Сол сөз
тіркестерінің ерекше түрі, адамның бейнелі ойлауының жемісі болып табы-
латын фраземалардың мағынасын түрлі аспектіде қарастыру бұл мәселеге
жаңаша көзқараспен бағыттауға септігін тигізді.
Монографияда соңғы жылдары тіл білімінің шектес ғылымдар
тоғысуындағы пайда болған бағыттарға орай фраземалық бірліктерге
этномәденитанулық, семасиологиялық, когнитивтік және лингвистикалық
мәдениеттану аспектілерінде кешенді түрде зерттелді, фразеологиялық
фактілерді реконструкциялау арқылы ұлттық-мәдени дәстүрлер анықталды,
халықтың ертедегі мифологиялық түсініктері мен әлем моделінің дәстүрлі
ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан дәйектелді.
|