39
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
39
майды» – деген профессор Б. Сағындықұлының тұжырымы осы мәселеге
тура қатысты айтылып тұр [Б. Сағындықұлы, 1996; 3 б.]. Сөздің бейнелі
эквиваленті болып табылатын фразеологизмдерде халық менталитеті мен
озық мәдениетінің, танымдық болмысының негізгі қайнар көзі жатыр.
В.Н. Телия былай деп көрсетеді: … «но безусловными фаворитами в этой
области являются фразеологизмы, обретшие роль стереотипов культуры,
чья образно-ситуативная мотивированность связана с мировидением наро-
да – носителя языка, так как средством воплощения культурно-националь-
ной специфики является его образное основание, а
способом указания на
эту специфику будет интерпретация этого образного основания в установ-
ках, символах и т.п. культуры» [В.Н. Телия, 1991; 13 б.].
Сондықтан да фразеологизмдерді өткен тарихтың, әдет-ғұрыптың, салт-
сананың, аңыздар мен мифтердің және т.б. жиынтығы деп қарауға болады.
Лингвистика мен мәдениеттің тоғысуынан пайда болған лингвистикалық
мәдениеттану пәні этнос мәдениетінің тілге әсерін зерттейді. Мәдениет
тілдік форма арқылы атадан балаға беріледі, мәдениеттің жинақталуы және
оның сақталуы тілдің әлеуметтік қызметімен тікелей байланысты.
Кез келген мәдениет тіл арқылы көрініс табады. Мысалы, тілде
кездесетін
көз тиді, тіл-көз тиді фразеологизмдері халықтың наным-
сенімімен, тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты:
Құлагер
қуанышпен қосып едім,
Алдыңнан үмітпенен тосып едім.
Жиналып арғын,
найман қарағанда
Тіл мен
көз тиер ме деп шошып едім
Достарыңызбен бөлісу: