Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет25/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
41
Ағзим билән йәм берәй
Булбул болуп кәлсиңиз.
Нан тутуп қәсәм берәй,
Маңа көңүл бөлсүңүз. 
 
 
 
 
 
 
(Ұйғыр халық ертегісінен).
Біреуге  қатты  күйзеліп  ренжігінде,  көңілін  қалдырған  адамға,  «нан 
ұрсын» деп қарғаған. Дәнің тонға тимей, аузың нанға тимес; Бейнетің 
қатты  болса,  жегенің  тәтті  болар;  Егіс  ырыс  таңдамайды,  еңбек 
таңдайды және т.б. мақал-мәтел архетипінде нан жатыр. Бұл мысалдар-
ды орыс тіліндегі: Есть чужой хлеб; Жить на хлебах у кого-либо; Хлеб 
–  соль  не  пропустить  зло  және  т.б.  тізбектермен  әрі  қарай  жалғастыра 
беруге болады.
Жер бетіндегі тіршілік иелері арасында жануарлар дүниесі адамға етене 
жақын келеді. Адамзат өркениеті, тіршілік санасы жануарлар дүниесімен 
тығыз байланысты. Жалпы қоғамның алғашқы синкреттік ойлау сатысын-
да, адам мен жануар арасына ешқашан теңдік белгісі қойылмаған. Мифо-
логияда  жануарлар  поэтикалық  бейне  ретінде  келтірілген.  Әр  халықтың 
танымына,  тіршілігіне,  ойлау  менталитетіне  қарай  жаруарлар  бейнесінің 
берілуі де әр қилы. Мысалы: кеміргіштер тобына жататын сүтқоректі жа-
нуар  қоян  ұғымына  байланысты  қазақ  этносының  дүниетанымындағы 
төмендегі сипаттамаларды атап көрсетуге болады:

жабайы хайуандардың бірі, үй қоянынан біраз айырмашылығы бар;

еті  –  қоректік  азық,  сондықтан  да  аңшылардың  кәсіп  ететін 
аңдарының бірі;

тым қорқақ және өте сақ аңдардың бірі;
Қоянның  мынандай  сыртқы  пішін-тұлғасы  ерекше  көзге  түседі:  түрі 
сұр, көк, ақ және ол жылдың әр мезгілінде түлеп, түсі өзгеріп отырады; 
бойы аласа, аяғы мысықтың аяғына ұқсайды; құлағы денесінен үлкендеу; 
көзі үлкен, әсіресе қорыққанда бадырайып кетеді; ерні түйенің ерніндей 
жырық; жүрісі  жылдам, секеңдеп  жортады,  секіріп-секіріп  қашады және 
т.б. [Н.Б. Оңғарбаева, 1992, 21 б.].
Бұл көрсетілген айрықша белгілер – халыққа таныс, олардың санасын-
да әбден қалыптасқан ұғымдар. Қоянның жоғарыда аталған сын-сипаты, 
мінез-құлқы,  бейне-тұлғасы  фразеологизмдерде,  мақал-мәтелдерде,  жұм-
бақ тарда, аңыз әңгімелерде, поэзия мен прозада және т.б. жанрларда кең 
орын тапқан. Мысалы: 
1.  Қорқақ ұғымындағы қоян:
Ел болуға алдымен білік керек,
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек.
Жалғыз ғана оқумен теңелмейді
Алты ауыз азған болсаң қоян жүрек. 
                             (С. Торайғыров).


Авакова Р.А. Фразеосемантика
42
Секең-секең жорытқан, көрінгеннен қорыққан (жұмбақ).
Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді (мақал).
2.  Қоянның жылдамдығына төмендегі мысалдарды келтіруге болады:
Екі қоянды бір таяқпен ұрып алу // бір оқпен екі қоянды ату.
Асықпаған арбамен қоянды қуып жетер (мақал).
Жылқыны басына қыстырып,
Есікті құлағына қыстырып
Қасқырды ат қылып мініп,
«Айт!» дегенде тұра қашқан
Ол не? (жұмбақ).
Қоян туралы тіл-тілде кездесетін мысалдар санын одан ары жалғастыра 
беруге  болады:  Бетегесі  шоңқайған  қояндай;  Қоянның  жымындай  жол; 
Тазы қуған қояндай; Сен тимесең мен тимеймін бадырақ көз; Бір жылға 
қоян терісі де шыдаған және т.б. 
Тілде  қалыптасқан  материалдар  көрсетіп  тұрғандай,  қоян  семасы-
мен  жағымсыз  (қорқақ,  ұсқынсыз,  шыдамсыз)  ассоциация  халық  дүние-
танымында көбірек сақталған. Ал орыс тілінде қоян (заяц), бір жағынан, 
рухтар әлемімен, жағымсыз күшпен байланысты, сондықтан да оның атын 
атамай  табу  түрінде  косой  (қыли)  деп  те  атаған.  Екінші  жағынан,  қоян 
ұғымы күн, жарық символымен тікелей байланысты. Мысалы, солнечный 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет