Ең маңыздысы — сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).
ТҰРҒЫН ЖАЙДА:
• газ, су, және жарықты сөндіріңіз;
• алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;
• сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз; • радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз; • аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз; • зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз; • жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.
Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар
• жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.
• биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.
• егер де жер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.
• төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін су мен тағам болу керек.
• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!