Техникалық пайдалану жүйесі Әрбір энергетикалық объектілерде энергетикалық қондырғылардың (жабдықтар,
ғимараттар мен құрылыстар) техникалық жай-күйін тұрақты және жүйелі түрде
бақылауының (тексеру, техникалық куәландыру) ұйымдастырылуы, олардың жай-күйі
мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлғалардың анықталуы, сондай-ақ техникалық
және технологиялық қадағалау жөніндегі персоналдың тағайындалуы және оның
лауазымдық міндеттерін бекіту қажет.
Энергетикалық объектілердің қатарына енетін барлық технологиялық жүйелер,
жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар, оның ішінде су құрылыстары жүйелі түрде
техникалық куәландандыруға ұшырайды.
Техникалық куәландыруды энергетикалық объектінің техникалық жетекшісін немесе
оның орынбасары басшылық ететін энергетикалық объектінің комиссиясы жүргізеді.
Комиссияға энергетикалық объектінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен
мамандары, мамандандырылған және сарапшы ұйымдардың мамандары кіреді.
Техникалық куәландыру 5 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі. Техникалық куәландырудың міндеттері пайдаланудың жай-күйін бағалау, мерзімі мен
пайдалану шарттарын белгілеу, сондай-ақ энергетикалық қондырғыларды белгіленген
ресурстармен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды айқындау болып табылады.
Кезеңдік техникалық куәландыру қатарына мыналар енгізілуі тиіс: сыртқы және ішкі қарап-тексеру, техникалық құжаттарды тексеру, жабдықтардың,
ғимараттар мен құрылыстардың (гидравликалық сынау, сақтандырғыш қақпақтарды ретке
келтіру, қауіпсіздік автоматтарын, жүк көтергіш механизмдерін, жерге қосу контурларын
сынау) қауіпсіздік шарттарына сәйкестігін сынау.
Техникалық куәландырумен бір уақытта энергетикалық объектінің жұмысын
бұзушылықтарды және оның қызмет көрсетуі кезінде жазатайым оқиғаларды тергеу
нәтижелері бойынша белгіленген іс-шаралардың және (қадағалау) органдарының
ұйғарымдарын, сондай-ақ бұрынғы техникалық куәландыру кезінде әзірленген ісшаралардың орындалуын тексеру жүзеге асырылады.
Техникалық куәландыру нәтижелері энергетикалық объектінің техникалық
паспортына енгізіледі.
Бақылау үдерісінде анықталған апатты-қауіпті ақаулары бар, сондай-ақ техникалық
куәландыру мерзімінің бұзушылығы орын алған энергетикалық қондырғыларын
пайдалануға жол берілмейді.
Жабдықтардың техникалық жай-күйін үнемі бақылауды энергетикалық объектінің
жедел және жедел-жөндеу жұмысының персоналы жүргізеді.
Бақылау тәртібі жергілікті өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтарымен
белгіленеді.
Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану үшін жауапты
тұлғалар жүйелі түрде тексереді.
Тексерудің кезеңділігін энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекітеді.
Тексеру нәтижелері арнайы журналға тіркеледі.
Жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен қауіпсіз
пайдаланылуын бақылаушы адамдар энергетикалық объектіні пайдалануда техникалық
жағдайын сақталуын, олардың жай-күйін тіркеу, энергетикалық қондырғылар мен
олардың элементтерінің жұмыстарындағы бас тартуларды тексеруімен тіркеуін,
пайдалану-жөндеу жұмыстары бойынша құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет