«Функционалдық сауаттылық білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



бет7/123
Дата03.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#133522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123
Байланысты:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жар-emirsaba.org

Жаратылыстану бойынша
Жаратылыстану бойынша



13
өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті


тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1. TIMSS ашық тесттік тапсырмалар жинағы Баспа материалы Астана 2007
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді
әдістері. Атырау 2017
3. Оқу мен оқытудың белсенді әдістері. Астана 2013 ж



14
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 


САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 

Асия Джамбулатовна Азимбаева,


Екібастұз қ. №21 жалпы орта білім беру мектебі

Аннотация: Бұл мақалада жалпы математикалық – функционалды
сауаттылықтың маңыздылығы, білім беру процесіндегі алатын орны мен
математиканың пәнаралық байланысы, математика сабағында функционалдық
сауаттылықты дамыту үшін қолданылатын есептер мен мысалдар көрсетілген.
Кілт сөздер: математикалық сауаттылық, функционалдық сауаттылық,
есеп, мектеп, оқушы.
Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын
әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа
технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін
қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету,
білім сапасын көтеру.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік,
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына,
жасына
қарамай
үнемі
білімін
жетілдіріп
отыруы.

Математикалық сауаттылық дегеніміз – математикалық сөйлеу және
жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау,
оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру.Ой -өрісі
кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Қазіргі
кезде математика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті
мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс
жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор.Бүгінгі
күнде математика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып
отырған келелі мәселелердің бірі. Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз
заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы
артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға
үйренеді.Математика пәнін оқуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының
тиімділігі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа
технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабағында оқушылар өз
бетінше білу дағдыларын дамыту баға жетпес құндылықтарының бірі.
Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға
қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану
қажет. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі
стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді
шығара білу. Шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың
құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының



15
талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды


шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада шешім қабылдауға
көмектесетін бірден бір тиімді технология. Сыни тұрғыдан ойлау
технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының мүлдем өзгергенін
байқайды. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып
тұжырым жасау.Ой қозғай отырып оқушының өз ойымен өзгелердің ойына
сыни қарап естіген-білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп
білмегенін өзі реттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және
бірлесіп тұжырым жасауға шығармашылық жұмыс жасау.
Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сараланған тапсырмаларды
орындауда жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі көп. Айта кетсек,
жеке , жұптық және топтық жұмыстарда түрлі компьютерлік бағдарламаларды
қолдануға болады. Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру
оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық,
жүйелік тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер
математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы,
ал есеп шығару - оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі. Әрбір есептің
өзіндік әдістемелік мақсаты да бар.
Сондықтан оқушы есепті жылдам әрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге
ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды
жасай білуге тырысуы қажет. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор.
Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді
шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді.
Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:
• Талқылаудың, формальдік - логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру,
дәлелдеу, зерттеу);
• Ойдың ықшамдығы;
• Ойлау барысының нақтылығы;
• Математикалық символиканы дәл қолдану
Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың мынадай әдістемелік
ерекшеліктерін анықтауға жол ашты:
1) есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымилығы;
2) есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;
3) есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың
жүйелілігі және сабақтастығы;
4) есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;
5) есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;
6) есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық;
Осының бәрінде де математикалық ойлаудың жеткілікті түрдегі жоғары
деңгейін қалыптастыру қажет.
Ақпараттық
оқыту
технологиясынан
математика
сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы



16
оқушылар


жаңа
материалдарды
арнаулы
бағдарламалар
көмегімен
мүмкіндігінше меңгерумен қатар функционалдық сауаттылығы да артады.
Қазіргі таңдағы ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті
тақтаны тиімді пайдалана отырып, оқушының білім сапасын шығармашылық
негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер
арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмысының
нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай
туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында
оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен
бекітеді.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз
ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам
тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың
функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай
жұмысын жүргізуіміз керек:
1. Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр
тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану –
тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды
күшейту;
2. Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест
тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға
арналған қызықты есептер шығарту;
3. Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін
өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер
шығаруға үйрету;
4. Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған
белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену
Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-
жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға
қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін-бірі
бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлінеді. Осы
аралықта бастауыш сыныпқа арналған «Логикалық математика
№ 1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Әрбір үйде 5 мысық бар. Әрбір
мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, әрбір тышқан 4 уыс ұн
жейді. Егер әрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда
неше кг ұн сақтап қалады? (3,125 кг)
№ 2. Егер 8 адам 8 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, адамдардың
біреуі осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіре алады? (332 сағ)
№ 3. Делдал 3000 теңгеге тауар сатып алып, 3500 теңгеге оны сатты.
Келесі күні осы тауарын 4000 қайта сатып алып, екі күннен кейін 4500 теңгеге
сатса, делдал осы саудада қанша пайда не шығын көрді? (1000 тг пайда)
№ 4. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты –
Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны?
(Ахмет)



17
№ 5. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде есек болса,


ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, есек те бар? (30)
Әр түрлі қызықты есептер адай ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның
ішінде салу есептерінің де маңызы зор [5]. Осының дәлелі ретінде төмендегідей
бірнеше есептерді орындап, ойлау қабілеттерін тексеруге болады.
Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі
бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі
болып табылады. Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы
болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса,
«Математиканың қорғаның тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген
ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген
шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең
білім беру үшін аянбай еңбек ету.
Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту –
бүгінгі заман талабы. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен
жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.
Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан
шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып
қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім
осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет