«Функционалдық сауаттылық білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



бет18/123
Дата03.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#133522
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123
Байланысты:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жар-emirsaba.org

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту


жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан
Республикасы
2. Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев //
Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар
3. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А.,
2006ж. \
4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.
Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
5.Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б.
6.Мұғалімге арналған нұсқаулық, Астана, 2016 жыл



39
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП 


ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Мусабаева Зауреш Камалиденовна
Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
musabaeva_66@mail.ru
Түйінді сөздер: мысалдар, әдістеме, қалыптастыру, математикалық
сауаттылық, ойлау стилі, педтехнология.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын табысты
қалыптастыру үшін оқыту жаңа сапамен және мазмұнмен толтырылуы тиіс.
Функционалды сауаттылық-бұл белгілі бір ортада адамның өмірін жүзеге асыру
үшін, адамның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін білім, дағды деңгейі.
Математикалық сауаттылық -бұл адамның математиканы түсіну және
онымен айналысу, математиканың рөлі туралы жақсы негізделген
пайымдауларды айту қабілеті,білімді өмірде қолдана білу.
Қазіргі қоғам математикалық білім беру мазмұнына көзқарасты өзгертуде.
Негізгі назар оқушылардың мектепте алған білімі мен дағдыларын өмірлік
жағдайларда қолдану қабілетін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда бізге
сыртқы ортамен қарым-қатынас орнатуға, тез бейімделуге және онда жұмыс
істеуге қабілетті функционалды сауатты түлектер қажет.
Оқушыларға математика оқытудағы оқу іс-әрекетінің маңыздысы түрлі-
есептерді шеше білуі. Оқулықтардағы оқу материалын ұсыну (тіпті
соңғыларында да) көбінесе тек ақпараттық , ал жаңа материалды оқып-үйрену
кезінде де алған білімі мен дағдыларын қолдануда өзгермелі сипаттағы
тапсырмалар, оқушылардың шығармашылық белсенділігі үшін тапсырмалар
жоқтың қасы.
Шартты түрде функционалдық сауаттылық деңгейі төмендегі тіркестерде
белгіленеді:
«Қазіргі оқушы білу және істей алуы керек...». Дамудың қазіргі кезеңіне
қатысты функционалдық сауаттылықтың келесі түрлері ең өзекті болып
табылады:
-оқу сауаттылық;
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылық,
- құқықтық сауаттылық,
- қаржылық сауаттылық,
Білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі оқушыларды
өзін-өзі барынша жүзеге асыру үшін ақпаратты өз бетінше алуға және талдауға,
құрылымдауға және тиімді пайдалануға үйрету болып табылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезінде функционалдық
сауаттылық тұжырымдамасы халықаралық бағалау зерттеулерінің ең
танымалысы.



40
Математикалық ойлау стилі логикалық ойлаумен сипатталады, белгілі бір


ережелерге сәйкес шешім қабылдау, оқу материалын сәтті игерудің қажетті
шарты болып табылады.
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудағы
маңызды аспект ол логикалық сауаттылықты қалыптастыру,сондықтан сабақта
қызығушылығын ояту кезеңінде миға шабыл тапсырмалары беріп отырған
тиімді,олардың бірі көзбен көре отыра есте сақтау,шапшаң есептеу т.б.
Ал сөз есептерге келетін болсақ, оқушыға тапсырманы яғни мәтінді
түсіне оқыту,сол есептің шартына байланысты 2-3 жоғары деңгейлі сұрақ
құрастыру ,сұрағын анықтай білу осы жерде оқушының жан –жақты білімі
байқалады.Көбіне оқушылар сөз есепті шығару жолына келгенде мәнін
табудан шатасады,сондықтан өз тәжірибемде мәтіндегі кездесетін мына
берілген сөз мағынасына көңіл аудару маңызды деп санаймын.
«Сөздердің мағынасы: «және», «немесе», «барлығы», «кейбіреулері»,
«әрқайсысы», «бұл», «бұдан», «содан».
«Салыстыру әдісі, заттардың қасиеттерін анықтау».
«Салыстыру әдісі, маңызды және маңызды емес қасиеттер».
«Мәлімдемелер» (ақиқат, жалған).
«Жіктеуді қабылдау».
«Талдау және синтездеу әдісі».
«Жалпылау әдісі».
Келесі төмендегідей тапсырмаларды орындату оқушының терең
ойлауын,әдіс тәсілдерді қолдануын байқауға болады.
1-мысал: әр топта бір-біріне ұқсас сандар болатындай етіп сандарды топтарға
бөліңіз:
53, 33, 84, 75, 22, 13, 11, 44
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру сонымен қатар ақпаратты
түрлендіруге, диаграммалармен, кестелермен, сызбалармен жұмыс істеуге
бағытталған символдық мәтіндерді қолданатын тапсырмаларға ықпал етеді. Бұл
жұмыс бастауыш сынып оқушыларын ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету болып
табылады, онсыз қазіргі уақытта мүмкін емес.
2-мысал, кинотеатр залының диаграммасында әр түрлі билет құны бар
орындар әр түрлі люктермен белгіленеді, ал бос емес орындар сары түспен
боялған. Бес дос бір қатарға отырғысы келеді және ең арзан нұсқаны таңдайды.
Олардың орындарын, қатарын және билеттердің құнын анықтаңыз.
Осылайша, мұғалімнің мақсаты оқушыларды білім, білік, дағды алуға
және оларды практикалық жағдайларда қолдануға, фактілерді, құбылыстарды,



41
оқиғаларды бағалауға және алған білім негізінде шешім қабылдауға, әрекет


етуге үйрету.
Бұршақтар
Майшам
металл сызғыш
Мысалы-3
Бұршақ металл сызғышқа, суретте көрсетілгендей, маймен бекітілген. Бір жақ
шетінен сызғышты ысытады. Сонда бұршақ қандай ретпен түседі?
A.
1; 2; 3; 4; 5
B.
5; 4; 3; 2; 1
C.
1; 3; 5; 4; 2
D.
Бәрі бір уақытта
Мұғалім сабақты жоспарлағанда ,тапсырманы орындату кезінде түрлі әдіс
–тәсілдерді қолданатыны сөзсіз, өз тәжірибемнен төмендегідей тәсілдерді
қолдану жоғары нәтиже береді олар:
«Миға шабуыл» әдісі
Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар
білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Оқушыға
сұрақ
қою,
проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Бұл
тәсіл арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
«Бэкроним» әдісі
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту.Бұ ләдіс сөз
есепті шығаруда тиімді.
SMART-мақсаттар
Мақсат құруда нақты, өлшемді, қол жетімді,
шынайылыққа негіздеу.
«Мюллердің ғажайып саны» тәсілі жаңа таруды бастағанда қолдануға болады,
өзім 3-4 сыныптарда қолданамын .
«Қара жәшік» әдісін қортындылау,жинақтау кезеңінде қолданамын. Тәсілдің
тиімділігі оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту.
Оқушының оқуға деген
ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал етеді. Сабақ соңында оқушыларға бір-
біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді
қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады
«Шахмат» әдісі
Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу кезінде
тиімді.Маңызды ақпарат туралы ой бөліседі қортынды шығаруға



42
үйренеді.Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ


ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
«МИКС» Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасауды
үйренеді.Идеяларды жинақтау, түйіндейді. Әр топ шығармашылық көзқарас
білдіреді.
«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі Ойды жинақтау, тақырып бойынша
қажеттіліктерін анықтау.
Тақырып бойынша ойларды түйінделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет