Байланысты: «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жар-emirsaba.org
АЛҒЫ СӨЗ Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру
саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін
ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық
сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу,
талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін
пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.
«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары
ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді.
Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы
әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық
сауаттылық – білім алушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық
қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал
ететін базалық фактор.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды
қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай
үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай
педагогтердің алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті,
әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы
құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру
деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – педагогтің құзіретті
тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін білім алушыны
субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін
арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша
ұйымдастыру, білім алуышының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын
жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі
арқылы іске асады. Педагог – бағыт беруші, ұйымдастырушы.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен
қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Сондықтан теория мен
практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша
берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың,
4
заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың
білім алушының өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге
көмегі тиетіндей, білім алушы оны қолдана алатындай практикалық маңызы
ескерілуі тиіс. Сондай-ақ білім алушылардың оқу материалын тек жаттап қана
алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып
саналады.