Функционалдық сауаттылық информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру



бет1/3
Дата17.08.2022
өлшемі24,62 Kb.
#38161
  1   2   3
Байланысты:
баяндама


Функционалдық сауаттылық
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезеңі. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - дегендей заман талабына сай білім бере отырып, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, сыни көз қарастары қалыптасқан, ақпараттық және компьютерлік сауатты, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары. Жалпы оқушы мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмайтыны, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы ескерілді. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған деп есептеледі. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
«Функционалды сауаттылық» оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.
Информатика сабақтары оқушылардың мәдениетін, ойлау интелектуалды дағдыларын сонымен қатар функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмыстарда берілген материалдар оқушылардың әр түрлі деңгейдегі функционалды сауаттылығына талдау жасау арқылы оқушының қалыптасқан оқу – білу құзіреттілігінің өлшем бірлігі ретінде қолдануға болады.
Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс- тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Мектептің алдында тұрған үлкен мәселе – шынайы өмірге белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой – өрісі кең, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы білімнің қолданбалылығын дамытуды қамтамасыз ету. Функционалды сауатты болу үшін оқу және жазу, жаратылыстану ғылымдарындағы, математикалық, компьютерлік отбасылық өмір, денсаулық және тағы басқа сауаттылықтар қалыптастыру қажет. Соның негізінде өмірлік дағдылар қалыптасады. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. Мұғалім мен оқушының іс–әрекетінің байланысын әр түрлі кезеңдерде функционалды сауаттылығының қалыптасуын мақсаттылық, жоспарлау, шешім қабылдау, орындау, нәтежиге баға беру арқылы жүзеге асыруға болады. 1. Мақсат қою. Оқушы мәтінмен жұмыс істеу, тірек – конспектісін құру, бағдарланған сұрақтар құрау, сызбанұсқаны, суреттерді оқу, жаңа терминдермен жұмыс істеу, түсініктердің жүйелігін құру және алгоритімін анықтай білу.
2. Жоспарлау кезінде міндеттер қойып, проблемаларға талдау жасау. Ол үшін ақпарат көздерін таңдау қажет.
3. Шешім қабылдау үшін ақпараттарды пайдаланып, зерттеу жүргізу.
4. Орындалуы. Ол үшін білім беру обьектісімен жұмыс істей отыра орындау және оны өңдеу.
5. Нәтижелерді бағалау үшін жасалған жұмыстарға талдау жасау және егер қателіктер болса себептерін анықтау, өзіндік талдау, өзіндік бағалау жасау.
6. Білім обьектісімен жасалған жұмыс нәтижелерін қорғау және нәтижелерді бағалауға қатысу.



(Оқушының аты – жөні, сыныбы)

Деңгейлер

Жоғары



Орташа



Төмен



І тапсырма

ІІ тапсырма

ІІІ тапсырма

ІҮ тапсырма



1

























Осы кезеңдер арқылы оқушының іс–әрекеті анықталады. Оқушы білім алып қана қоймай, сонымен қатар білімді алу құралдарымен қарулану қажет. Бұндай сабақтар арқылы оқушының өзін – өзі бақылау картасының көмегімен қаншалықты интелектуалдық, ұйымдастырушылық және коммуникативтілік меңгерген деңгейін анықтауға болады. Сөйтіп, оқу үрдісі кезіндегі кемшіліктерді, алға басушылықтарды анықтай отыра қай жерде қателіктер жіберілді, нені қайталау керектігін түсінеді. Төмендегі кесте бойынша сыныптағы оқушылардың деңгейін анықтау арқылы сабақтың барысы кезеңдерінде функционалдық сауаттылықтың деңгейлерін анықтауға болады. Жалпы оқудың біліктілік және дағдыларының өзіндік бақылау деңгейлерінің анықтайтын картасы.
Осындай өзіндік диагностика әр кезеңде жеткіліксіз оқу біліктілігімен және дағдылардың «қалыс қалған» және әр кезеңде функционалды сауаттылықты қалыптастыру кезінде байқалады.
Білім беру саласының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады:
Оқу және жазу сауаттылық
Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық
Компьютерлік сауаттылық
Математикалық сауаттылық
Денсаулық сауаттылық
Құқықтық сауаттылық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет