1-жүргізуші: 5 кезең «Көрермендер сайысы» «Ойлы болсаң, тауып көр» Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).
Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)
Өз атын өзі шақыратын құс? (Көкек )
Сіз ұшақта отырсыз, Сіздің алдыңызда жылқы, артыңызда көлік тұр. Сіз қай жердесіз? (Әткеншекте)
Жасыл адамды көрген жағдайда не істеу керек? (Көшеден өту.)
Бір көз, бір мүйіз, бірақ, мүйізтұмсық емес? (Бұрыштан сығалап қараған сиыр.)
Бір қолшатыр астында алты бала, екі ит, төрт ересек қайткен жағдайда су болмайды? (Егер жауын жаумаса)
Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз? ("Дұрыс емес" сөзі.)
Шамды бұрау үшін қанша программист қажет? (Бірде-біреуі қажетсіз. Бұл программистер шешпейтін аппаратты проблема)
Көл үстінде түрлі-түсті таразы ілініп тұр... (Ақылдан алжасқандықтың белгісі)
Келесі 6 кезең «Қызықты ойыны» Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды орыс тілінде айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер одиннадцать дейсіңдер, мен 5 десем сендер шесть дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық
1 топқа: 13,21,54,212,10009
2 топқа: 11,25,45,313,11111
3 топқа: 18,32,65,345,10010,
Келесі ойын: «Қарандаш қай қалтамда». Ойынның шарты: ойынға бес адам шығады. Бір адам карандашты алып қалтасына жасырады Карандаш алған адамның нөмірін 2-ге көбейтеді.
Оған 3-ті қосады.
Оны 5-ке көбейтеді.
Карандаш оң қалтада болса 8-ді, сол қалтада болса 9-ды қосады.
Шыққан санды айтады.
Шыққан саннан 22-ні азайтамыз. Алынған санның біріншісі карандаш алған адамның реті, екіншісі 1-болса оң қалтада, екі болса сол қалтада. 1-жүргізуші:Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)