ПЕТРОПАВЛ – ҚАРАҒАНДЫ
ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ
Ақмола губерниясының Петропавл уезінен жəне Атбасар
мен Көкшетау уездері кейбір болыстарынан, барлығы 21 ау-
даннан петропавл (қызылжар) округін құру туралы Қазақ
ССР орталық атқару комитетінің 1928 жылы 17 қаңтарда өт-
кен 2-сессиясында бекітілген шешім, бүкілодақтық оак «бо-
лыстық бөліністерді жойып, аудандар жүйесін енгізу тура-
лы» қаулысы бойынша қолдау тапты.
1928 жылдың басында Қазақ АССР-ы Орталық Атқару
комитеті Қызылжар округі деген атауды «Петропавл округі»
деп өзгертті.
1930 жылдың соңын ала, дəлірек айтқанда 17 желтоқ-
санда Петропавл округін жаңадан аудандастыру туралы
Қазақ АССР Орталық атқару комитеті мен Халық комис-
сарлары Советінің қаулысы жарық көруіне байланысты
Ақмола губерниясында жаңа аудандар құрыла баста-
ды. Петропавл округін жаңадан аудандастыру туралы
Қазақ АССР ОАК жəне ХКК қаулысы. (Қазақстанның
əкімшілік-аумақтық бөлінісі (1920 ж. тамыз-1936 ж. жел-
тоқсан) туралы Анықтамалық. А. –1959 ж. 212-251-беттер.
А. 1959. 76-81-беттер.) (Солтүстік Қазақстан облысы. 1973
жылғы 1 сəуірге əкімшілік-аумақтық бөлінісі.Петропавл.
1973.100,105,114,118,122,129,131,136-беттер.)
Солардың алғашқыларының бірі – Қарағанды ауданы-
ның аты Тельман ауданы деп өзгертіліп, орталығына қазіргі
Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жер-
де, бұрын Спас зауыты тұрған елді мекен белгіленуі 1931
77
жылғы наурыздың 20 жұлдызы еді. Демек, Солтүстік Қа-
зақстан облысының тарихында еліміздің маңызды өнеркəсіп
орталығы Қарағанды көмір ошағының дамуына тигізген ті-
келей ықпалы жарқырап көрінеді.
Болашақ ірі қала мен Сарыарқа кіндігіндегі əлуеті зор
Қарағанды облысының алғашқы қазықтарын қағу туралы
кесімді шешімдер біздің Петропавл қаласында қабылданға-
нын ұрпақтарымыз білуі тиіс. 1931 жылғы 22 мамырда Ок-
тябрь ауданының орталығын Көктал ауылы, Тельман ау-
данының орталығын Токаревка селосы жəне Еңбекшілдер
ауданының орталығын Казгородок кенті етіп бекіту тура-
лы Қазақ АССР ОАК қаулысы мəлім болды. Қазақстанның
əкімшілік-аумақтық бөлінісі 1931 жылғы шілденің 3 жұл-
дызында Бейнетқор ауданынан ауысқан сегізінші ауылдың
атауы Первомай деп өзгертіліп, Булаев аудандық атқару ко-
митетінің шешімімен бекітілді. (1920 ж. тамыз-1936 ж. жел-
тоқсан) туралы Анықтамалық. А. –1959 ж. 212-251-беттер.
А. 1959. 216-бет.) Күзге қарай Булаев, Ленин, Совет жəне
Төңкеріс аудандарының əкімшілік-аумақтық бөлінісіне өз-
герістер енгізу туралы ҚазОАК Төралқасының қаулысы
шығарылып, аудандардың бас-аяғы бүтінделе берді
1932 жыл басталысымен, қазір өзіміз көріп жүрген аудан-
дар қалыптасты. Ленин ауданының орталығы Явленск се-
лосынан Мəуліт (өкінішке қарай орысша Мамлют деп қате
жазылып, осы уақытқа дейін түзетілмей кеткен. – авт.) се-
лосына көшірілді. Ал, Бейнетқор ауданының орталығы Шо-
лақ Досжан ауылынан (қазіргі Смирнов стансасы) Қиялы
станциясына қоныс аударды.
Бір айға жетер-жетпес мерзімде Петропавл ауданы тара-
тылып, оның бір бөлігінен Мамлют ауданы құрылды. Осы
өзгерістердің соңы Солтүстік Қазақстанда тұңғыш рет об-
лыс құру қажеттігіне алып келді. Қазақ АССР Орталық
атқару комитетінің 1932 жылы 20 ақпандағы қаулысымен
Республикада құрылған алты облыстың біреуі 10 наурызда
шаңырақ көтерген Қарағанды облысы деп аталды, орталығы
– Петропавл қаласы.
Тарихтан мəлім, бұл бір ел басына нəубет түскен қиын
жылдар болатын. Халқы ашаршылыққа ұшырап, көрші
78
мемлекеттерге босып кеткен, оларды бұрынғы мекеніне
қайтармақ болып əлек болған үкімет орындары өз басымен
өзі əлек, үркіншілік заман еді. Ауыртпалықтың беті қайт-
ты-ау деп, шет елден Қазақстанға мал əкеліп, шаруаларға
үлестіріп болған кезде, облыстағы аудандардың орталық
мекендерін ретке келтіру, əкімшілік-аумақтық бөліністі тия-
нақтау шаралары жасалды. 1935 жылдың алғашқы күндері
мен апталарында мынадай шешімдер қабылданды:
Арықбалық ауданының орталығы Арықбалық селосы,
Бейнетқор ауданының орталығы Шолақ Досжан селосы бо-
лып еді, көп ұзамай, бұл шешім өзгертіліп, аудандық меке-
мелер Қиялы станциясына көше бастады.. Есіл ауданының
əкімшілік орталығына Қима селосы, Қызылту ауданы – Қы-
зылту селосы лайық танылды. Көкшетау ауданы – Көкшетау
селосы, Қорғалжың ауданы – Казгородок кентін орталық
қылатын болды. Еркіншілік ауданының орталығына Благо-
датное селосы таңдалды.
Қазақстанның солтүстігінде облыс құрылуына дайын-
дық шараларының бірі ретінде солтүстіктегі Ресеймен екі
арадағы шегара жігіне байланысты айқындалмаған мəсе-
лелер бірте-бірте шешіле бастады. Батыс Сібір өлкесінің
Есілкөл ауданынан: Бар (кейін Октябрь аталған), Березняк,
Зарослый, Камышлов, Куломзин, Суворов селолық совет-
терін алып, Булаев ауданына беру жəне Есілкөл ауданы-
на Первотар сельсоветін беру туралы Бүкілодақтық атқару
комитетінің арнайы қаулысы 1932 жылғы 2 наурызда жа-
рия көрді. Бір аптадан кейін, 10 наурыз күні орталығы Пе-
тропавл қаласы болатын Қарағанды облысын құру туралы
Мəскеудегі ең жоғары биліктің шешімі Қазақстанның эконо-
микалық дамуында жаңа қадам болды.
1935 жылдың басында орталығы Петропавл қаласы
болған Қарағанды облысы құрамында мына аудандары бар
жаңа əкімшілік аумақтық бірлік болып қалыптасқаны жария
етілді: Ақмола, Айыртау, Арықбалық, Атбасар, Бейнетқор,
Булаев, Вишневский, Есіл, Зеренді, Калинин, Қарағанды,
Қызылту, Көкшетау, Красноармейский, Қорғалжың, Ленин,
Макинский, Мамлют, Молотов, Нұра, Петропавл, Преснов,
Пресногорьков, Приишим, Полудин, Рузаев, Сталин, Тель-
79
ман, Төңкеріс, Щучье, Еңбекшілдер жəне Еркіншілік ауда-
ны. Бұл, сөз жоқ, облыс тұрғындары өмірінде есте қалған-
дай тарихи оқиғалар еді.
Облыстың ішкі аумақтық бөлінісі де өз жөнін тауып,
тəртіпке келе бастауы заңды құбылыс. Айталық, № 13, № 20
ауылдар мен Александровский, Вишневский, Волгодонский,
Вячеславский, Михайловский, Николаевский, Ново-Вла-
димировский, Ново-Георгиевский, Ольгинский, Сарыо-
ба, Харьков селолық советтері Ақмола ауданынан алынып,
Вишневский ауданына беру туралы Қарағанды облыстық
атқару комитеті 1935 жылғы 10 ақпанда маңызды шешім қа-
былдады. Сол жолы № 3 ауыл, Бірлік жəне Сұлукөл село-
лық советтері Ақмола ауданынан шығарылып, Қорғалжың
ауданына берілді.
Ол кезде кейін, 1939 жылы, жеке облыс болған Ақмо-
ла аймағы да осы Петропавлға жүгінетін. Мысалы, Ақмола
қаласы орталығы болған Ақмола ауданының əкімшілік-ау-
мақтық бөлінісін мына құрамда көзге елестетіңіз: № 1, № 2,
№ 4, № 5, № 6, № 10, № 12 ауылсоветтері, Воздвижен, Ели-
заветград, Елизавета, Красноярский, Максимов, Мирзоян,
Приречное, Рождественский, Романов, Семенов, Софиев,
Шалқар селолық советтері.
Немесе, орталығы Володар селосы болған Айыртау ауда-
нына мына Айыртау, Ақсу, Володар, Горноозёрный, Ерна-
зар, Жаңасу, Жетікөл, Интернациональный, Каменноброд,
Қамсақты, Карамсыл, Камышный, Қаратал, Қоскөл, Крас-
нозёрный, Красный, Луначарский, Октябрьский, Тереңкөл,
Трудовой, Украинский, Шалқар селолық советтері қарады.
Арықбалық ауданына тəн Балкашин, Балкашин совхоз,
Бастримов, Богородский, Богословский, Васильев, Веселов,
Владимиров, Дорогинский, Қалмақкөл, Каменский, Мак-
симов Михайлов, Ново-Городский, Ново-Дубровинский,
Ново-Кронштадтский, Ново-Никольский, Ново-Романов-
ский, Преображенский, Сандықтау, Тучнинский селолық
советтері Молотов ауданына берілді де, Арықбалық селосы
болатын Арықбалық ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық
бөлісін мына құрамда бекіді: Аққанбұрлық, Гусаков, Иман-
тау, Константинов, Лобанов, Матвеев, Мищенский, Төменгі
80
Бұрлық, Проньков, Привольный, Светлов, Тахтоброд, Цури-
ков, Жақсы Жаңғызтау селолық советтері.
Орталығы Атбасар қаласы болған Атбасар ауданы да
Қарағанды облысының аумағына кірді. Бейнетқор ауданы-
ның орталығы Шолақ Досжан ауылы болатын. Бұл ауданға
жер ыңғайы жəне қарым-қатынасқа оңтайлы болуы себепті
мына селолық советтердің елді мекендері бағынатын: Ара-
лағаш, Аяқкөл, Голощёкин, Григорьев, Иванов, Исаев, Қи-
ялы, Көктерек, Кучков, Молотов, Полтава, Сарытомар, Сен-
ный, Шағалалы.
Тəуелсіздік алғаннан кейін туған ауылының атын иелен-
ген қазақтың ұлы ақыны, Алаш көсемдерінің бірі Мағжан
Жұмабаев атындағы ауданның əкімшілік-аумақтық құрылы-
мы алғаш рет орталығы Булаев селосы болған Булаев ауда-
ны болып, 1935 жылғы 10 ақпанда мына нұсқада бекітілген
болатын. Березняк, Булаев, Веселов, Возвышенский, Воро-
шилов, Воскресенье, Екатерина, Зарослинский, 2-Камыш-
лов, Колосов, Конюхов, Куломзин, Лебяжинский, Медве-
жинский, Надежда, Ново-Успенский, Октябрь, Первомай,
Писарев, Полтава, Пролетарский, Суворов, Успенс, Чистов,
Чистянский селолық советтері. Ресейдің Омбы облысымен
шектес бұл аудан ертеректе Полудин болысы деп аталған.
Полудин дегеніміз шығыс дегенге мегзейді, яғни Қызылжар
бекінісінің батысы деген сөз.
1935 жылғы 10 ақпанда Орталығы Полудин селосы бола-
тын Полудин ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін
мына құрамда бекіту туралы. Бугров, Ганькин, 1-Камыш-
лов, Ленин, Метлишин, Николаев, Ново-Бытовский, Но-
во-Георгиевский, Ново-Никольский, Полудин, Раевский,
Рявкинский, Скворцов, Совет, Тоқушы, Тоқушы-совхоз, Ең-
бекшілдер селолық советтері. Қарағанды облыстық атқару
комитетінің қаулысы. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс.
17-40-парақтар.).
Осы ауданмен бір кезде, орталығы Қима селосы болатын
Есіл ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісі мына
құрамда бекітіліп, заңдастырылды. Братолюбово, Бузулук,
Дальный, Дон, Елтай, Еркіндік, Есіл селолық, Есіл совхоз,
Жирен, Запорожье, Ишимский, Қызылсу, Қызылту, Краси-
81
вый, Қумақ, Савинков, Талдыкөл, Талдысай, Таңқан, Тасо-
ба, Тассуат, Таубасар, Терісаққан, Үлгілі, Шұрымсай, Ярос-
лавль селолық советтері. Содан бері өткен уақыт ішінде,
бірде Көкшетау, бірде Солтүстік Қазақстан облыстарының
қарауына өтіп, өзгеріске ұшыраған тағы бір ауданымыз
Сол 1935 жылғы 10 ақпанда 0рталығы Зеренді село-
сы болатын Зеренді ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық
бөлінісіне назар салсақ, оның өзі басқа аудандардан ауы-
стыру, алық-берік жолымен құрылғаны байқалады. Айта-
лық, Көкшетау ауданының Виктор, Дорогов, Зеренді, Ленин,
Лосев, Олжай, Тарағай, Темірбеков, Троицк, Шындəулет
селолық советтері Зеренді ауданына берілді. Сол сияқты
Молотов ауданының Красилов селолық советі мен Щучье
ауданының Исаков селолық советі Зеренді ауданына қосыл-
ды.
Облыстың шығысындағы қиырда жатқан Шоқан Уəлиха-
нов атындағы ауданның тұрғындары да сексен жыл ішінде
бірнеше əкімшілік-аумақтық бөліністерге куə боды. Əуелде
Қызылту селосын орталық етіп, Қызылту ауданы деген ата-
умен құрылғандағы құрамы мынау: Алабота, Борсықбай,
Жарқын, Карағаш, Қаратерек, Қаудантал, Кішкенекөл, Қу-
лыкөл, Кішіқарой, Мартын, Сағын, Сарыкөл, Теке, Үлкен
Қарой селолық советтері. Селолық советтер кей жылдары
ауылдық деп те аталды.
Орталығы Ново-Сухотино селосы болатын Красноар-
мейск ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін мына
құрамда бекіту туралы: Андреев, Богодуховка, Блюхер,
Большеизюм, Виноградов, Драгомировка, Қаратомар, Кел-
лер, Кременчуг, Многоцветный, Ново-Дворовский, Но-
во-Приреченский, Ново-Сухотинский, Тернов, Чермошнян
селолық советтері. Қарағанды облыстық атқару коми-
тетінің қаулысы 1935 жылғы 10 ақпанда шықты. (СҚО ММ.
1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-20-парақтар.)
Солтүстік Қазақстан облысы болып құрылғаннан кейін,
Красноармейск ауданындағы Омбы теміржолына қарасты
Тайынша станциясы маңындағы елді мекендерді жұмысшы
поселкелері қатарына жатқызып, Тайынша жұмысшы по-
селкесі деп атау туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Прези-
82
диумының 8 сəуірдегі 1940 жылғы Жарлығы шыққан соң,
аудан орталығы осылай атала бастады.
ҚазОАК Төралқасының 1936 жылғы 23 қазандағы қау-
лысы бойынша Волынск, Богодуховка, Глубокое, Горький,
Драгомиров, Келлер, Краснодольск, Краснополянск, Крас-
нокаменск, Кремечуг, Летовка, Нагорный, Озерный, Подлес-
ный, Ростов, Степной, Чернигов жəне Южный сельсовет-
терін Красноармейск ауданынан Келлер ауданына берілді.
(СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 12-15-парақтар).
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1939 жылғы
16 қазандағы «Қазақ ССР-нда жаңа аудандар құру туралы»
Жарлығына іштей өзгерту енгізіп, Солтүстік Қазақстан об-
лысының Красноармейск ауданына үш колхоздан тұратын
(Чкалов ауданына қосылған Сəуле, Жаңаталап колхозда-
рынан басқа) беру туралы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Пре-
зидиумының 1939 жылғы 28 қазандағы Жарлығы күшіне
кірді. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумының Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. – 1957
ж.). А. 1958. 124-бет.).
ХІХ ғасырдағы географиялық картада «Новоявленное»
деген атаумен таңбаланған қазіргі Явленка селосының та-
рихына түсінік бере кеткен артық болмас. Əуелде, жаңа
қоныстанушы келімсектер болашақ мекеніне ат қойған-
да, ырым көріп христиан дінінің Библия аңыздарын бас-
шылыққа алғаны мəлім. Сол аңыздың бірінде Ғайса пайғам-
бар қайта тіріліп келіп, үмметерімен қауышқан сəт қасиетті
саналған. Сондықтан да қазақ даласының бір пұшпағында,
ерке Есілдің жағасынан ойып алған құтты мекенін қазақша
«Ғайса пайғамбардың қайта оралуы», немесе орысша «Но-
вое явление Иусуса Христа» деген төрт сөзді ықшамдай
қысқарта беріп, тіпті сол діни түсініктің қасиетті астарын
түсінбей, əуелгі маңызын ұмытқан ұрпақтар немкеттілеу
етіп «Явленка» атай салғанын еске саламыз. Білетіндердің
айтуынша, бұл мекен Байтоқа, одан Жылғара болса, сол
Жылғараның Мұса деген ұлының қыстауы, не күзегі болса
керек. Сондықтан, кей уақытта орысша «Мусин» дегенді қа-
зақшалап, «Мүсін» деп атапты дегенді құлақ шалды. Жері
құтты, орналасу жағдайы тыныс-тіршілікке қолайлы осы бір
83
тұста Солтүстік Қазақстан облысының Ленин атын иелен-
ген, кейін Есіл өзенінің атымен аталған аудан құрылғалы да
не заман.
1936 жылғы 23 қазанда Вагулин, Глубокое, Долматов,
1-Дубровин, Красноярск, Кустовск, Лебедков, Налобин,
Сивков, Соколов, Сумский сельсоветтерін Мамлют ауда-
нынан алып, Соколов ауданының құрамына беру туралы.
ҚазОАК Төралқасының қаулысы жарық көрді. (СҚО ММ.
1189-қор. 1-тізбе. 166-іс. 12-15-парақтар). 1937 жылғы 25
маусымда Сталин сельсоветін тарату туралы Мамлют ауат-
комының шешімі қабылданды. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе.
293-іс. 29-парақ).
9 маусым 1940 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют
ауданындағы Омбы теміржолына қарасты Мамлют станци-
ясы маңындағы елді мекендерді жұмысшы поселкелері қа-
тарына жатқызып, Мамлют селолық советін Мамлют жұ-
мысшы-поселкелік советі етіп қайта құру жəне оны Мамлют
аудандық советіне бағындыру туралы.
10 ақпан 1935 жылғы ақпанның 10-жұлдызында Қараған-
ды облыстық атқару комитеті орталығы Явленка селосы бо-
латын Ленин ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін
өзінің қаулысымен мына құрамда бекітті. Александров, Бір-
лік, Заградов, Ивано-Павлов, Ивано-Петров, Ильинский,
Қарағаш, Красноармейск, Леонидов, Летовка, Малиновка,
Жаңаөзен, Петров, Покров, Совет, Тарангульский, Тұңғиық,
Явленка, Яснов селолық советтері. Осы тізімдегі «Таран-
гул» көл атауы екен.
Зер сала қарап, байыппен көңіл аударған адам, Қа-
зақстанның теріскейінде тораңғы ағашының өспейтінін
білсе керек. Жерсінбеген, өспейтін өсімдіктің аты жер-су
атына қойылмайды. Демек, бұл көлдің, тиісінше елді ме-
кеннің аты сол жердегі көлге тікелей қатысты «Тереңкөл»
дегенді білдірсе керек. Келімсектердің тілі келмеген соң,
шұбарланып, тіпті мүлде түсініксіз болып өзгерген гидро-
нимнің тағдыры осындай. Айта берсе, уақыт өткен сайын
шатысып-бытысып жүрген топонимдер жалғыз бұл емес.
Тəуелсіздік алып, ес жиып, осындай орынсыз бұрмалау-
ларды дұрыстау қажеттігі туды. Халықтың қазынасы, ға-
84
сырлар бойы сақталған зердесі болып табылатын жер-су
атауын құрметтеп, таза сақтай білсек, қандай жақсы. Қа-
зақстан Президенті Н. Назарбаев, қазақ үкіметі бұл шару-
аны естен шығарған емес. Осы облыстағы топонимдерге
байланысты ағаттықтар бірнеше мəрте түзетілді жəне бұл
іс тоқтамауға тиіс.
Облыс орталығымен қанаттасып, сабақтасып жатқан
елді мекендерді бұзып айту, қате жазуға байланысты
əкімшілік-аумақтық өзгерістер жиі болып жататыны бай-
қалады. Бұл турасында орталығы Мəуліт селосы болып
отырған Мəуліт ауданын мысалға келтіруге болады. Бұл
топонимнің Мамлют емес, ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жер-
лесіміз, Мəуліт Усманов деген адамның атымен байланы-
сты екені тарихи-танымдық дерек түрінде осы кітапта ар-
найы айтылғандықтан, оған тоқталмауға болады. Алайда,
бүкіл құжаттарға жазылып, ұрпақтар санасына сіңіп кет-
кен орысша қалпында «Мамлютка», қазақша Мамлют ата-
уы ресми түрде түзетілмегендіктен, орысша-қазақша жа-
зылуын сол күйінде қалдырудан басқа лаж жоқ. Əр нəрсе,
өз кезегінде ретін таппақ. Олай болса, Мамлют ауданының
сол 1935 жылғы жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісі мына
құрамда болғанын хабарлаумен шектелу керек.
Орталығы – Мамлют селосы, немесе ауылы. Оның қара-
уында Белово, Вагулинский, Воскресенов, Глубокое, 1-Ду-
бровинский, 2-Дубровинский, Долматов, Калугин, Коваль,
Кустов, Красноярск, Лебедков, Мамлют, Михайлов, Нало-
бин, Сенжар, Сивков, Сливнинский, Соколов, Становой-
совхоз, Сумский, Щучинский селолық советтері.
Орталығы Балкашин селосы болатын Молотов ауда-
нының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін мына құрамда
бекіту туралы. Балкашин, Балкашин-совхоз, Бастремов,
Богородский, Богословский, Васильев, Веселов, Владими-
ров, Дорогин, Каменский, Қалмақкөл, Ленин, Михайлов,
Максимов, Новогородский, Ново-Романовский, Ново-Ду-
бровинский, Ново-Никольский, Ново-Кронштадтский,
Преображенский, Сандықтау, Тучнин селолық советтері.
Қарағанды облыстық атқару комитетінің қаулысы 1935
жылы 10 ақпанда жарық көрді.
85
Сол күні Петропавл ауданы да құрылып, жаңа
əкімшілік-аумақтық бөлінісі мына құрамда бекітілді: Ор-
талығы Петропал қаласы, оған қарайтындар Архангельск,
Бескөл, Кривозёрный, Ново-Каменский, Ново-Павловский,
Петерфельд, Плоский селолық советтері. Қарағанды об-
лыстық атқару комитетінің қаулысы. (СҚО ММ. 1189-қор.
1-тізбе. 167-іс. 17-23-парақтар.)
Орталығы Полудин селосы болатын Полудин ауданы-
ның жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісі мына құрамда 1935
жылғы 10 ақпанда бекітілген: Бугров, Ганькин, 1-Камыш-
лов, Ленин, Метлишин, Николаев, Ново-Бытовский, Но-
во-Георгиевский, Ново-Никольский, Полудин, Раевский,
Рявкинский, Скворцов, Совет, Тоқушы, Тоқушы-совхоз, Ең-
бекшілдер селолық советтері. Қарағанды облыстық атқару
комитетінің қаулысы. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс.
17-40-парақтар.).
Облыстың өзінің, оның аудандары мен селолық, ауыл-
дық советтерінің əкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихына
қарап, отырсақ, олардың əкімшілік-аумақтық бірлік ретінде
1935 жыл бойы тоқтамай, бірінен кейін бірі қалыптасқанын
байқауға болады.
Айталық, 10 ақпанда Айымжан, Баян, Жарқын, Қарақа-
мыс, Майбалық, Николаев, Орман, Спас сельсоветтерін
Төңкеріс ауданынан алып, Преснов ауданына беру туралы
Қарағанды облыстық атқару комитетінің қаулысы шықты.
(СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-22-парақтар.).
Сол жылдың басында орталығына Преснов селосы бел-
гіленіп құрылған Преснов ауданына көрші Төңкеріс ауда-
нынан сегіз селолық жəне ауылдық советі қосылып, жаңа
əкімшілік-аумақтық бөлінісі былайша бекітілді: Айымжан,
Архангельск, Баян, Благовещенка, Екатериновка, Жарқын,
Железин, Казанск, Қарақамыс, Кладбинск, Лапушин, Май-
балық, Николаев, Новорыбинск, Ольга, Орман, Остров-
ский, Петровка, Преснов, Рождественский, Святодуховка,
Спас, Троицк сельсоветтері. Тиісінше жер жағдайына, ха-
лықтың əлеуметтік тұрмысы мен халық шаруашылығының
мүддесіне қарай, Преснов ауданынан 11 селолық советті
бөліп алып.
86
Пресногорьков ауданына беру туралы Қарағанды облы-
стық атқару комитетінің қаулысы шықты. Сондай-ақ, Төң-
керіс ауданының бес сельауылсоветі Пресногорьков ауданы-
на қосылды. 1940 жылғы 30 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы
Советі Президиумының Солтүстік Қазақстан облысы Прес-
нов ауданындағы Буденный ет-сүт совхозын Островский
сельсоветінің əкімшілік қамтуына беру туралы Жарлығы
шықты. (Қазақ ССР Заңдары мен Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті Президиумының Жарлықтарының жинағы. (1938 ж. –
1957 ж.). А. 1958. 136-бет.).
Нəтижесінде орталығы Пресногорьков селосы бола-
тын Пресногорьков ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық
бөлінісі мына тəртіпте бекітілгені байқалады: Евгеньев, Ел-
тай, Исаев, Кабан, Казанск, Камышловский, Ксеньевский,
Крутояр, Макарьев, Марков, Песчан, Петропавлов совхоз,
Починов, Пресногорьков, Пресноредут, Рясский, Сибирь,
Сретен, Фёдоров сельсоветтері. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тіз-
бе. 167-іс. 17-22-парақтар).
Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстарын құру
жəне Қарқаралы округін тарату туралы БО ОАК 1936
жылғы 20 шілдедегі қаулысы бойынша Қостанай облы-
сына берілген Усерденск жəне Екатерина сельсоветтерін
Қостанай облысы Пресногорьков ауданынан алып, Сол-
түстік Қазақстан облысының Преснов ауданына беру тура-
лы жəне Преснов ауданының Қарақамыс ауылсоветін Қо-
станай облысының Пресногорьков ауданына беру туралы.
ҚазОАК қаулысы шықты. (Солтүстік Қазақстан облысы-
ның əкімшілік-аумақтық бөлісі туралы (1920 ж. –1953 ж)
анықтамалық. П. 1953 ж. 115-бет).
1935 жылғы 10 ақпанда орталығы Боголюбов селосы
болатын Приишим ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық
бөлінісін мына құрамда бекіту туралы. Боголюбов, Бостан-
дық, Верхне-Чириков, Владимир, Вознесенский, Калинов,
Қызылəскер совхоз, Надежда, Ново-Михайловский, Но-
во-Никольский, Өрнек сельсоветтері. Қарағанды облыстық
атқару комитетінің қаулысы (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе.
167-іс. 17-23-парақтар) қабылданып, тиісті Республикалық
деңгейде қолдау тапты.
87
10 ақпан 1935 жыл. Орталығы Алексеев селосы бола-
тын Сталин ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін
мына құрамда бекіту туралы Богдан, Боярский, Ворошилов,
Голощёкин, Гуляйполе, Елтай, Интернационал, Каз.ЦИК
атындағы совхоз, Калинин, Канкринский, Кеңес, Қосқа-
рағай, Көшкін, Наумов, Никольский, Ново-Рыбинский, Өр-
нек, Приозёрный, Трудовой, Еңбек сельсоветтері Қарағанды
облыстық атқару комитетінің қаулысы шыққан күн. (СҚО
ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-24-парақтар.).
10 ақпан 1935 ж. Орталығы Токарев селосы болатын
Тельман ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісі
Ақтөбе, Арбайтер, Астахов, Вольный, Долинка, Жаңаауыл,
Колхоз, Красно-Кутский, Покорный, Ростов, Сенокос, Тока-
рев сельсоветтері болып Қарағанды облыстық атқару коми-
тетінің қаулысымен қалыптасты. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тіз-
бе. 167-іс. 17-24-парақтар.).
Орталығы Марьевка селосы болатын Төңкеріс ауда-
нының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісін мына құрамда
бекіту туралы. Голощёкин, Городец, Дмитриев, Есіл, Жал-
тыр, Исаев, Кеңес, Коновалов, Крещенский, Марьевска,
Төменгі Бүрлік, Семиполка, Сергеев, Степной сельсовет-
тері. Қарағанды облыстық атқару комитетінің қаулысы
шыққан күні –10 ақпан 1935 ж.. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тіз-
бе. 167-іс. 17-24-парақтар.).
Бұл күнде Ақмола облысына қарайтын Еңбекшілдер ау-
даны, орталығы Казгородок селосы болып, 1935 жыл, ғы 10
қаңтарда жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісі мына құрамда
бекіту туралы Қарағанды облыстық атқару комитеті қаулы
алды: Амандық, Беккер, Восточный совхоз, Жаңарқа, Зау-
рал, Исаев, Макин, Маркс, Мирзоян, Шошқалы совхоз сель-
советтері.. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-24-25-па-
рақтар.). Орталығы Благовещенко селосы болған Еркіншілік
ауданының жаңа əкімшілік-аумақтық бөлінісі сол күні мына
құрамда бекітілген болатын: Благодатный, Бестоғай, Еремин,
Звенигород, Каратал, Қарғалы, Қызылағаш, Көкшалғын,
Қоржынкөл, Нецветаев, Ново-Марковский, Павлов, Сілеті
сельсоветтері. Қарағанды облыстық атқару комитетінің қау-
лысы. (СҚО ММ. 1189-қор. 1-тізбе. 167-іс. 17-25-парақтар).
|