«БЕКІТЕМІН»
«Мамлют ауданының білім бөлімі» КММ «Бексейіт орта мектебі» КММ директоры: __________________ Балағанов Е.Б.
« »
Мектепішілік «Үздік сабақ жоспары - 2021» тақырыбында қысқа мерзімді жоспарлар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Мамлют ауданының білім бөлімі» КММ
«Бексейіт орта мектебі» КММ
1. Жалпы ережесі
1.1 Жаңартылған білім беру бағдараламасы аясында өткізілетін мектепішілік «Үздік сабақ жоспары – 2021» - Бексейіт орта мектебінің мұғалімдеріне арналған байқау (бұдан әрі – Байқау).
2. Байқау мақсаттары
2.1 Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қолданатын белсенді әдіс-тәсілдер мен өзінің іс-тәжірибесімен бөлісуге дайын педагогтарды анықтау;
2.2 Білім беру үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру;
2.3 Білім беру қызметкерлерінің кәсіби шығармашылық жұмысы – үздік жұмыстарды анықтау (сабақтың ең үздік жоспары).
3. Байқау қатысушылары
3.1 Бексейіт орта мектебінің мұғалімдері, мектепалды даярлық сыныбының, «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешілері байқау қатысушылары бола алады.
3.2 Байқауға қатысатын жұмыстар және өтінімдер қағаз күйінде қабылданады.
4. Байқауды өткізу шарттары
4.1. Байқау бір кезең бойынша өткізіледі:
1-кезең: «Үздік ашық сабақ - 2021» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауына барлық материалдарын жинақтау.
5. Бағалау критерийлері
Ашық сабақтарды бағалау критерийлері:
Жіберілген қысқа мерзімді жоспар ашық, толық жазылу керек;
Сабақтың мазмұны сындарлы оқытудың қағидаларына сәйкес келуі керек;
Байқауға ұсынылып отырған жарияланым оқу үдерісіндегі мұғалім мен оқушының жұмысы барысында пайдаланылуы тиіс;
4. Оқу үдерісіндегі критерийлері;
5. Мұғалім шеберлігі;
6. Өтілген материалды оқушылардың өз бетінше меңгеруі және өзін - өзі реттеуі;
7.Сабақта бағалау түрлерін тиімді пайдалануы;
8.Тапсырмалардың оқушы деңгейіне бағытталуы;
9.Мұғалім мен оқушы тарапынан кері байланыстың жасалуы;
10. Оқу мақсаттарының жүзеге асуы
6. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
6.1 «Үздік сабақ жоспары – 2021» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарының мәтін форматы А-4, шрифті Times New Roman, кеглі 12, жол аралық - 1,0 барлық жақтарынан 1,5 см кем емес. Титул беті жеке толтырылады.
6.2 Жарияланым форматы Microsoft PowerPoint.
6.3 Слайдта қатысушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі қажет. Мысалы, Нысанбай Н.С.
7. Байқауды өткізу тәртібі мен қорытынды шығару
7.1 Байқауға өтінімдер мен жұмыстар 2021 жылдың 25-31 наурыз аралығында қабылданады.
7.2 Байқау жұмыстарын тексеру және қорытындыларды шығару 2021 жылдың 1-9 сәуір аралығында жүргізіледі.
7.3 Жеңімпаздардың тізімі мектептің Facebook әлеуметтік желісінде жарияланады, 2021 жылдың 13 сәуірінде орналастырылады.
8. Байқау қатысушыларын марапаттау
8.1 Байқау жеңімпаздары әр деңгейлі дипломдармен марапатталады.
1 - қосымша
«Үздік ашық сабақ - 2021» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар
байқауына
ӨТІНІМ
ТАӘ толығымен
|
|
Лауазымы
|
|
Сыныбы
|
|
Пәні
|
|
Сабақ тақырыбы
|
|
Байланыс түрі (электронды почта, ұялы телефон)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |