ӘБ отырысында қаралды: КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН: ӘБ жетекшісі: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі «Ziyatker» мектеп-лицей директоры
_______ Г.Б.Ергалиева орынбасары _______ Б.Т.Бекпанова________ Р.А.Нуралиева Хаттама №1 «___» тамыз 2022 ж. «___» тамыз 2022 ж. « ___» тамыз 2022 ж.
КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
2022-2023 оқу жылы
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Ергалиева Гульнур Бекхожаевна
Сыныбы: 6 «Ә»
Түсінік хат Пәні: Қазақ тілі Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Үлгілік оқу жоспары:Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу бағдарламасы: ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат.
Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
тыңдалым және айтылым;