Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
38
дауыссыздар шындығында да «жарты дауыссыздар» (полугласные)
деп аталады. Өйткені оларды айтқанда дауыс біршама мол
қатысады жəне өзге дауыссыздарға тəн артикуляциялық кедергі
жоқ. Тіптен, бұл дауыссыздар чех тілінде буын құрайтынын
ескерсек, А.Байтұрсыновтың өз кезінің теориялық лингвис-
тикасынан мол хабардар болғанын көреміз. Дыбыстарды қатаң-ұяң
деп бөлгенде дауыс қатысын, ал ымыралы-ымырасыз деп бөлгенде
жасалу тəсілін ескерген. Соңғы екі атау қазіргі кезде ұмыт болған,
олардың орнына ызың-шұғыл деген атаулардың орнығып кеткенін
айта кеткеніміз жөн сияқты.
Енді ғалым мұрасының бір ғана кітапшасында кездескен
лингвистикалық атау-ұғымдардың кейбіреулерінің тізімін
беретін болсақ, олар төмендегідей:
Атауыш сөздер, аяқ дыбыс, буын, буынға бөлу, дауыс
жеделдігі, дауыссыз, дауыссыз дыбыс, дауыссыз таңба,
дауысты, дауысты дыбыс, дауысты таңба, дəйекші, демеу
(
демеуіш), дыбыс, дыбыс жүйесі, дыбыс тану, дыбыс таңбасы,
дыбыс түрлері, ереже, жазу, жазу-сызу, жалғамалы тіл,
жалғаулық, жалқылағыш қос сөз, жалпылағыш қос сөз, жарты
дауысты дыбыстар, жауап, жіңішке сөз, жуан сөз, сөз жүйесі,
сөз мағынасы, сөз туғызу, сөз тұлғасы, сөз тұрпаты, сөз
тұтастығы, сөз түбірі, сөз тізіп жазу, сөз тізіп сөйлеу, сөйлем
жүйесі, сөйлеу, сұрау, таңба, тап, туынды демеу, тұтас жазу,
түбіршік тіл, тысқарғы (тікелей) жалғау, тіл байыту, тіл
білімінің жүйесі, көмекші белгі, қарып, қопармалы тіл, қосалқы
сөз, мағына, райлар: билік рай, ереуіл рай, реніш рай, сенімді
рай, сенімсіз рай, мұң рай, болжалды рай, көніс рай, азалы рай,
теріс рай; үстеулер: нықтаулық үстеу, сынаулық үстеу,
өлшеулік үстеу, ілездік үстеу; етіс: беделді етіс, дүркінді етіс,
шығыс етіс, өсіңкі етіс; танықтық есімдігі, тіл тану, үзілетін
қарып, ымыралы дыбыстар, ымырасыз дыбыстар, ішкергі
(
тікелей) жалғау (жұрнақ), қосарлы бастауыш, қосарлы
баяндауыш т.б.
Сонымен, А. Байтұрсынов өзінің «Тіл-құралында» лингвис-
тикалық атаулардың бүтін бір жүйесін жасаған. Ол атаулардың
көпшілігі осы күнге қаз-қалпында жеткен, ал жоғарыдағы
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
39
тізбеден көріп отырғанымыздай көпшілігі дəл сол қалпында
біздің бүгінгі тілдік қолданысымызда жоқ жəне ұмыт болған
атаулар. Əрине, өзгермей сол қалпында жеткен атаулардың
күнделікті сөзімізге сіңісіп, əбден үйреншікті болып
кеткендіктен, олардың бастау шағында қандай қиындықпен
қалыптасқанын біле бермейміз. Автор əрбір лингвистикалық
атауды қазақтың байырғы сөзінен туындатып, қазақи
ұғымдардан сабақтап шығарып отырған. Жаңа атау-ұғымдардың
тілімізге тез сіңісіп кетуінің жəне ұзақ сақталып қалуының
басты себебі осында екені даусыз.
А.Байтұрсынов тілімізге жаңа ұғымдарды екі жолмен
сіңістірген. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бірі – қажет деген
жерде сөзге анықтама беріп, оның жаңа мағынасын түсіндіріп
отырған, екіншісі – мəн-мағынасын түсіндіріп жатпай, тек
көрнекі мысалдар келтіріп кеткен.
Əрине, ат қою, атау беру (жасау) шартты нəрсе. Дегенмен,
атау сөз ел ұғымынан туындап жатса, оны тез түсініп, оңай
жаттап алып кетуге болады. А.Байтұрсынов ендірген
лингвистикалық атаулардың басты сипаты, міне, осында сияқты.
Əдебиеттер
1. Ахмет Байтұрсынов. Тіл-құрал. Кітапта: Тіл тағылымы.
Алматы, 1992.
2. Сонда, 176, 177, 178, 143, 154-ші беттер.
3. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов.
М., 1969.
Шүленбаева Ұ.Р., Оспанова Ш.М., Ускенбаева Р.М.
Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҮНДЕСТІГІ
Белгілі бір тілдің фонологиялық мəселесін шешу үшін,
кірме сөздердің фонетикалық құрылымын зерттеу нəтижесінің
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
40
маңыздылығы көпшілікке белгілі. Осыған орай, қазақ тіліндегі
кірме сөздер арнайы зерттеу объектісі болуға тиіс. Оның үстіне
қазақ тілінде араб, парсы, монғол, орыс, грек, латын тілдерінен
енген сөздер, элементтер аз емес.
Тілдің талай-талай тарихи кезеңдерді басынан кешіргені
мəлім. Өмірдегі сан қилы құбылыстар адамның тіліне ықпал
етеді. Қоғам өміріндегі оқиғалар тілдің фонетикалық
салаларына жанамалап əсер етеді. Өзге тілдер сияқты қазақ тілі
де халқымыздың көне тарихымен бірге жасасып келеді. Қашан
да ең алдымен тарихи факторларға көбірек назар аударылады.
Басқа ғылым салалары сияқты қазақ тілі де өзінің дамуы
нəтижесінде ғылым болып қалыптасты.
Араб жəне парсы тілдері, əсіресе түркі тілдерінің даму
тарихында айтарлықтай қызмет атқарғанын кезінде бірқатар
ғалымдар айтқан, ол тілдердің кейбір элементтері жайындағы
біраз мəселелер ХІХ ғасырдың соңынан бастап зерттеу объектісі
болып отыр.
Көптеген тарихи кезеңдерді басынан кешірген қазақ
халқының тілдік құрамы екі қабаттан тұрады: 1. Төл сөздер;
2. Өзге тілдерден еніп, сіңісіп кеткен лексикалық элементтер.
Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуының негізінде
(бұл процесс ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде басталып, ХІХ
ғасырда толық аяқталды), екі елдің арасындағы экономикалық,
саяси жəне мəдени қарым-қатынастар қазақ халқы мен оның
ұлттық тілінің дамып, жетілуіне өзінің игілікті əсерін тигізді.
Орыс жəне түркі тілдерінің арасындағы өзара байланыс
ерте заманнан басталатынын тарих ғылымы көне жазба
ескерткіштер, шежірелер арқылы дəлелдеп отыр. Бұл байланыс
бірнеше тарихи кезеңдерден тұрады. Ең алғашқы кезеңі – біздің
жыл санау дəуіріміздің алғашқы ғасырларынан бастап, Киев
Русі құрылғанға дейінгі аралықты қамтитындығын тарихи
зерттеу еңбектерінен білеміз. Біздің дəуіріміздің ҮІ-ҮІІ
ғасырларында-ақ славяндар алғашта түркі-аварлармен, кейінірек
хазарлармен, сосын Еділ бойындағы бұлғарлармен, түркі тілдес
тайпалармен сауда қатынасын жасап тұрған.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
41
Бұдан кейінгі Киев Русі (X-XII ғасырлар) кезеңінде
көршілес
халықтар
арасындағы
осы
қарым-қатынас
бұрынғысынан да нығая түсті. Бұл кезеңде орыстар, əсіресе оғыз
жəне қыпшақ тайпаларымен тығыз қарым-қатынаста болды.
Россия татар-монғол шапқыншылығына ұшыраған (ХІІ-ХҮ
ғасырлар) кезеңде де көптеген түркі сөздері орыс тілінің
құрамына енген еді. Орыс тіліне ертеден енген көне түркі
сөздері бірте-бірте сіңісіп, қалыптасып, орыс тілінің
фонетикалық заңдары мен нормаларына сəйкес едəуір өзгеріске
ұшырап отырған.
Сондай-ақ орыс тілінің элементтері де қазақ тіліне еніп,
қалыптасып, қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық
нормаларына сəйкес өз тұлғасын өзгертіп жіберген [1, 1982].
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс сөздері қазақ
тіліне көптеп ене бастады, ал араб жəне парсы тілдерінен енген
сөздер ұзақ уақыттар бойы бірте-бірте тілімізге ауысып отырды.
«Оған орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтардың
ислам дініне енуі, там-тұмдап болса да мұсылманша (арабша)
оқу-ағартудың орын алуы, ортағасырлық түркі əдебиетінің қазақ
қауымына да таныс болуы сияқты факторлар себеп болды»
[2, 1993, 199] дегендей əртүрлі жағдайлардың əсері, ықпалы
болды. «Оның үстіне қазақ тіліне бұрын еніп, фонетикалық
жағынан қазақыланып кеткен сөздердің өзі Дулат, Шортанбай
текстерінде түркі тілге жақындастырылып берілген. Мысалы: ақл
(ақыл), айб (айып), руза (ораза) т.б.» [3, 200].
Тіл – үнемі өзгеріп, тоқтаусыз дамып отыратын тарихи
категория, қарым-қатынас құралы, халықтың мəдениеті
болғандықтан, ол өзінің даму тарихында əртүрлі кезеңдерді
өткерді. Мысалы, тілдің дыбыстық жүйесіндегі дыбыстық
ерекшеліктер, ішкі заңдылықтар, дыбыстық сəйкестіктер, алмасу-
лар, ғылыми-теориялық жаңалықтар, əртүрлі қайшылықтар,
қалыптасу кезеңдері, бір жағынан ақсап жататын жайлар да,
тілімізге араб, парсы жəне орыс тілі сөздерінің орыс тілі арқылы
басқа да еуропа тілдерінен сөздердің, терминдердің көптеп енуі
сияқты тағы да көптеген құбылыстар болды.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
42
Бұндай құбылыстардың тіліміздің дамуына тікелей əсері де
болды. Қазақ тілінің сөздік қорын байыту үшін, біріншіден ішкі
заңдылықтарымызды пайдалану, яғни жұрнақтар арқылы сөз,
форма тудыру тəсілдерін, екіншіден тілімізге енген кірме
сөздері үзбей қолданудың нəтижесінде бірте-бірте сіңісіп, сөз
байлығын көбейту.
Арабы, парсы, орыс тілдерінен енген кірме сөздердің,
терминдердің көбісі тілімізге сіңіп, өз сөзіміздей болып кеткен.
Мысалы: рұқсат (ұлықсат), айуан (хайуан), пенде (бенде),
космос, революция, трактор т.б. Бəрімізге белгілі, бұл тілдер
жəне қазақ тілі типологиялық жағынан əртүрлі тілдер тобына
жатады. Сол себепті, кірігу (заимствования) процесі кірме
сөздің
өзіне
бөтен
фонологиялық
ортада
дыбысталу
(артикуляторлық) мүмкіндігі фонетикалық жағынан өте күрделі
жəне көп қырлы болатынын естен шығармағанымыз жөн. Қазақ
тіліндегі кірме сөздердің фонетикалық механизмін көрсету жəне
сипаттау қазақ тілі мамандарының ең көкейкесті мəселелерінің
бірі болып саналады. «Қазақ тілінің лексикалық жүйесіне бөгде
сөз, оның құрамына тек қана оның фонетикалық кейпін
қабылдап, қазақ тілінің үндестік құрылымына сəйкессе ғана сол
лексикалық жүйеге ене алады. Дыбыстау, теориялық жағынан
алғанда төрт вариантты болады, ал іс жүзінде екеу ғана»
[4, 1988, 22].
Осыған орай, мынадай пікірлерге тоқталуды жөн көрдік:
«Қазақ тіліне басқа тілден, біздің жағдайымызда орыс тілінен
кіретін сөздер қазақша алынғанда, ұлттық тіл қатарына біздің
киімімізді киіп, біздің тілімізбен сөйлеп енуі тиіс. Əйтпесе, ол
қазақ тілімен жымдасып, үйлесіп кете алмайды» [5, 1972, 139].
«Ол
сөздерді
тіліміздің
төл
заңына
бағындырып
қолдануымыз қажет. Өйтпеген жағдайда жазуда ала-құлалықтың
пайда болатыны сөзсіз. ...оларды өзіміздің төл дыбыстарымызбен
ғана жазуымыз керек. Яғни, əр сөз қазақша айтылуы бойынша
жазылсын» [6, 1994, 6].
Кірме сөздерді өз сөзіміздей етіп тілімізге сіңіріп, үндестік
заңына бағындырып, төл дыбыстарымызбен дыбыстап, таза
қазақшалап алу үшін, кейбір дыбыстарды (ю, я, ё ) тілімізден
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
43
шығарып тастауымыз керек деген бұл сияқты көңілге қонымды
ой төңірегінде соңғы уақыттарда бірер зерттеуші ғалымдардың
арасында əңгіме қозғалып жүр. Əрине, бұндай маңызды
ойларды, дəлелдемелерді қолдап, əрі қарай жалғастыру – тілін
сүйер қауымның парызы болмақ.
Сонымен, қазақ тілі, сондай-ақ өзге түркі тілдерінің ең
басты
фонетикалық
ерекшелігі
болып
саналатын
–
сингармонизм құбылысы, яғни үндестік заңы байырғы
сөздерімізге ғана емес, кірме сөздерге де қатысты екені
бəрімізге мəлім. Жоғарыдағы айтылған ойлардың түп түркіні
осыған келіп тіреледі.
Енді кірме сөздердің сингармонизміне тоқталу үшін араб,
парсы, орыс тілдерінен енген сөздерге назар аударайық: стол,
булка, бочка, кружка, номер, бутылка, плюш, сумка, ботинка,
бревно, корзинка, кровать, резинка, сатин, ящик, батист,
мемлекет, мұғалім, рұқсат, айуан, пенде, əділ, əдет, айып,
құбыла, парыз, періште, Сəлима, Махамбет т.б.
Бұл сөздердің түп нұсқасы осындай болғанымен, олар ұзақ
жылдар бойы тілімізде қолданылудың нəтижесінде келе-келе
өзгеріп, фонетикалық заңдылықтарға бағынудың нəтижесінде
қазақыланып кеткен. Егер бүгінгі күннің талабына сай
орфоэпиялық нормасына мəн беретін болсақ, онда оларды
бірнеше топқа бөліп қарастыруымызға тура келеді.
1. Сингармонизмнің жіңішке ерін үндестігі (орфоэпиясында)
сөздің барлық буынында сақталған кірме сөздер [үстөл], [бөлкө],
[бөшкө], [күрөжкө], [нөмүр], [бөтөлкө], [пүлүш], [сөмкө],
[бөрөнө].
2. Орыс, араб жəне парсы тілдерінен енген сөздердегі
жіңішке езу үндестігі сақталғандары: бəтеңке, кереует,
кəрзеңке, рəзеңке, сəтен, жəшік, бəтес, мемлекет, пенде, əділ,
əдет, періште. Бұл сөздер тіліміздің бүкіл дыбыстық жүйесін
қамтитын сингармонизм заңына бағынып қалыптасқан.
3. Жуан езулікпен айтылатын сөздер: айуан, айып, парыз.
4. Кірме сөздердегі езу жəне ерін үндестіктерінің де аралас
(жуан-жіңішке) келе беретіні заңды жəне жиі кездесетін
құбылыс: [құбұла], Сəлима, Махамбет.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
44
Əрине, тіліміздің іргелі заңдылығы сингармонизм екені
белгілі. Өзге сөздер секілді кірме сөздерде, оның ішінде кісі
аттары да көп жағдайда үндесіп айтылады. «Нағыз түрік сөзінің
ішінде жуан, жіңішке айтылатын дыбыстар аралас келмейді»
[7, 1991, 94] деген төл сөздерімізге қатысты заңдылық болса,
екіншісі « .... тілімізде аралас буынды түбірлер кездессе, оларды
кірме сөздер деп түсіну керек» [ 8, 1993, 76 ] деген соңғы пікірге
қайшы келетін жақтарын да аңғардық.
Кірме сөздердің кейбіреулері тілімізге əбден сіңіп, үндесу
заңына бағынып, өз сөзіміздей болып кеткені соншалықты,
тіптен бірыңғай жіңішке езулік, немесе бірыңғай жіңішке
еріндікпен келетін жайларын да (орфоэпиясында еріндікпен
айтылуы) кездестіріп отырамыз. Мысалы: [үстөл], [бөлкө],
бəтеңке, кереует т. б. Ал көп жағдайда араласып ( жуан-
жіңішке, еріндік-езулік) келетіні де дау туғызбайды.
Кірме сөздерді талдау, зерттеу мəселесіне арнайы ден
қойған дұрыс болар, олардың тілімізге ену жолдары жайында
мына пікірге назар аударайық : «... кірме сөздердің ана тілімізге
сіңу процесі ұзақ жəне күрделі. Олардың ана тілімізге икемделу
жолдары төмендегідей :
1. Ана тілімізде жоқ дыбыстарды төл дыбыстарымызбен
үйлесімді алмастыру керек.
2. Ана тілімізде кездеспейтін дыбыс тіркестерін жіктеп,
үйлесімін табу керек.
3. Артикуляциялық кедергілерді жою керек.
4. Буынның саны ретке келуі керек.
5. Ең бастысы - сөздің фонетикалық тұлғасы - сингармонизм
заңына бағыну керек.
Бөгде сөздер ана тіліміздің қорына ену үстінде осы
айтылған фонетикалық құбылыстардың бəрінен өтуі керек»
[9, 1992, 40].
Əрине, осы процестің бəрінен өтіп келіп, сингармонизм
заңына икемделген кірме сөздер ғана жатық, бірыңғай
айтылады. Жоғарыдағы келтірілген кейбір мысалдарымыз осы
айтып отырғанымыздың дəлелі іспетті.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
45
Біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ тіліне бөгде сөздердің
тағы да бір кірігу процесі төмендегідей үндестік варианттардан
(сингармовариант) туындайды.
- егер орыс тілінен енген сөз екпінсіз буыннан басталса,
онда түбірдің «жуандығына» қарамай-ақ, қазақша үндестік
жіңішке вариантты қабылдайды (газета - кəзит, огурчик -
əгүршік, ящик - жəшік);
- араб, парсыдан енген сөздер екі үндестік вариантта аз
кездеспейді (асыл - əсіл, қазыр - кəзір, қары - кəрі). Бұл жерде
орфографиялық дұрыс жазылмаған «қазір» сөзін есепке
алмаймыз;
- араб, парсыдан енген сөздер еріндік жəне езулік вариантта
қабылданады (кінə - күнə);
- араб, парсыдан енген сөздер үндестік жуан (басқы
дыбысы қатаң) жəне жіңішке вариантты (қатаң дыбыссыз)
қабылдайды (қажы - əжі, қазыр - əзір).
Кейбір кірме сөздердің фонетикалық талдауының алдын-
ала зерттеуінің нəтижесі осындай. Бұл мəселені толық, əрі жан-
жақты зерттеу болашақтың ісі .
Əдебиеттер
1.
Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме
сөздігі. Алматы, 1982.
2.
Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993.
3.
Сонда, 200 бет.
4.
Жүнісбеков Ə. Докт. дисс. авторефераты. Алматы, 1988.
5.
Қарағұлов Ə. Жарыс сөз. Кітапта: Тіл мəдениеті жəне
баспасөз. Алматы, 1972.
6.
Қалиев Б. Үндестік заңы - ұлы заң. Ана тілі. 1994, № 18,
мамырдың 5-і, 6-бет.
7.
Досмұхамедұлы Халел. Аламан. Алматы, 1991.
8.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1993.
9.
Шүленбаева Ұ. Қазақ тіліндегі кісі аттарының
фонетикалық тұлғалары. ҚР ҒА-ның Хабарлары. Алматы, 1992,
№ 4, 40-бет.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
46
Бұхарбаева Қ.Н.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
ТІЛДІҢ ТƏРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЖОЛДАРЫ
Еліміздің
дамуы
мен
қалыптасуында
сан
түрлі
қажеттіліктерге сəйкес ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның
ең бастысы - еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны
одан əрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлау. Осы қажеттілікті
жүзеге асыру үшін «Қазақстан-2030» стратегиялық даму
бағдарламасы қабылданды. Қоғамды дамытушы негізгі күш
жастар болғандықтан, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра
алатындай күш –қабілет болуы керек. Ол күш - білім, тəрбие, іс-
əрекетте жұмыс орны мəселесі.
Қандай да бір ұлы іс болмасын, ол қашанда сол халықтың,
елдің саяси - əлеуметтік, тұрмыстық – экономикалық хал-
жайына, көңіл-күйіне, сана-сезіміне байланысты болады.
Еліміздің нығаюына халықтың өзін-өзі басқаруының дами
беруіне жастар жан - тəнімен мүдделі.
Қазақстан Республикасы тəуелсіз даму жолына енді ғана
түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, өркениетті елдер
қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның
қазіргі жас азаматтары.
Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен,
жастарға оқу білім жəне тəрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы
тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тəрбиелі ұрпаққа
байланысты. Жас ұрпақтың толық жетіліп қалыптасқан ұлттық
сана - қабілетін, түсінік - талғамын, мінез - құлқында, өзіне тəн
ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дəлелдеген. Бірақ,
мұны басқаның бойына жуытпайтын оқшаулық деп түсінсек,
қатты қателесеміз.
Дұрысы,
оны
ұлтымыздың
өзек–мəйегі,
ұлттық
ерекшелігіміздің негізі деп қарастырсақ жөн болмақ.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі,
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
47
өнегелі тəрбие беру - қазіргі міндеттің бірі. Имандылық, ізгілік,
адамгершілік, ұлтжандылық жəне де толып жатқан кісілік
қасиеттер отбасында қалыптасады. Бұлар арқылы оқушыны алға
талпындыруға, отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген
кішіпейілділікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге,
залалды əдеттерден аулақ болуға тəрбиелеуге тиіспіз.
Отбасы, балабақша, мектеп - өскелең ұрпақты тəрбиелеу
жүйесіндегі шешуші буындар. Олардың жас ұрпақты
тəрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің барлық жастары осы
буындар арқылы өмірге жолдама алады. Олар ешуақытта
отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық
мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-əрекеті отбасымен,
жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне,
бұлардың тəрбиелік функциясы осында.
Жалпы алғанда, тəрбие үрдісінің тиімділігі мен нəтижесін
зерттеудің нақты көрсеткіштеріне мінез-құлықтың негізгі
дəлелдері, адамгершілік құндылықтар мен бағдарлар, оқушылар
əрекеттері, шығармашылық қабілеттері алынады.
Бала тəрбиесі – ана сүтінен басталып, біреудің біреуге
ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.
Тəрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы
мектеппен байланысты, яғни бала тəрбиелене отырып білім
алады.
Отбасы мен мектеп қабырғасында қаланған ұлттық тəрбие
ұстанымдары жоғары мектепте өзінің жүйелі түрде жалғасын
табады.
Ал кейінгі кездегі бала тəрбиелеу бағытындағы күрделі
өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Білім жəне
Ғылым
Министрлігінің
« Ұлттық
тəрбие
туралы»
Тұжырымдамасында: «Тəрбие - халықтың ғасырлар бойы
жинақтап, іріктеп алған озық тəжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-
қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жəне соған
сай мінез-құлқын қалыптастыру» деген түсінік береді. Екі
анықтама да əртүрлі кезеңде берілгенімен, тəрбиеде көзделген
мақсат біреу - ұрпақ пен ұрпақты байланыстыру, сабақтастыру,
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
48
тəжірибеде шыңдалған тəрбие түрлерін, əдістерін келесі ұрпаққа
жеткізу, солар арқылы тəрбиелеу болып табылатындығын
айғақтайды. Жоғарыда аталған Тұжырымдамада: «... Тəрбиенің
негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани
ойлау дəрежесі биік, мəдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан
адамды тəрбиелеу» делінген. Бұл қоғамға қазіргі кезде қандай
адам тəрбиелеп, өсіру керек деген сауалдарға толыққанды
түсінік береді. Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін
ең алдымен, ұлттық сана-сезімінің басым болуы керек екендігін
баса айта кету керек. Басқалай айтқанда, бүгінде қоғам алдында
ұлттық сана сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін
(біздің жағдайымызда қазақ ұлты) сезінетін азаматтарды
тəрбиелеу міндеті тұр. Ол жөнінде белгілі тарихшы – ғалым
Қойшығара Салғараұлының «Ұлттық сана деген абстракт ұғым
емес, ол - ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда,
сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, əдет-
ғұрпының, салт-дəстүрінің, əдебиеті мен мəдениетінің, өнерінің,
тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дəрежесін, яғни халықтық
өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға
негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы
өріс жайып, ұлттық дəстүр арқылы өз болмысын - танытады»
дейді. Осыдан шығатын қысқаша қорытынды ұлттық сана-
сезімді ояту үшін халықтық дəстүрлерді, əдебиеті мен
мəдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу,
үйрету керек. Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтық
ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тəрбиелеу, оны əрі қарай
дəстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады.
Тəрбие мəселесіне байланысты ғылыми зерттеу жұмыс-
тарды жүйелейтін болсақ, оны үш топқа бөлуге болар еді. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |