Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет1/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              

 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ –ҰРПАҚ 
ТƏРБИЕСІНІҢ  ҰЙЫТҚЫСЫ
 
 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
материалдары  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ,  2009 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 

УДК 809. 434.2  
ББК 81. 2 Каз 
Қ 17 
 
Қ  17  Қазақ  тілі  –  ұрпақ  тəрбиесінің  ұйытқысы: 
Халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  конференция  материалдары. 
–Алматы, 2009. -357 бет. 
 
ISBN 978-601-228-115-6 
 
Жалпы  редакциясын  басқарған  –  қазақ  тілі  кафедрасының 
меңгерушісі,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  
Г.Т. Тұрсынова  
 
Редактор  –  аға  оқытушы  А.  С.  Итемирова,  аға  оқытушы 
Г.Д. Рыскелдиева   
 
Жинақта  «Жаратылыстану  –  гуманитарлық  ғылымдары 
жəне  олардың  Қазақстан  Республикасының  индустриалды  – 
нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты 
IV 
халықаралық 
ғылыми-тəжірибелік 
конференциясының 
еңбектері жаратылыстану жəне қоғамдық ғылымдардың өзекті 
теориялық 
мəселелеріне, 
жаратылыстану–гуманитарлық 
пəндерді  оқыту  мəселелеріне,  сондай-ақ  жаңа  технологияны 
жасау  мен  оны  қолданысқа  енгізуге  арналған.  Жинақы  қазақ 
тілінің 
кейбір 
теориялық 
мəселелері 
мен 
өзге 
тілді 
аудиторияларда  оқыту  əдістемесіне  қатысты  мақалалар 
енгізілді. 
 
                                                                          УДК 809. 434.2 
                                                                           ББК 81.2 Каз. 
 
 
К 4602020400 
    00(05)-09 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              

 
ISBN978-601-228-115-6                                         © ҚазҰТУ, 2009 
 
 
 
Г.Т. Тұрсынова 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ТІЛДІК ТƏРБИЕНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Еліміздің 
дамуы 
мен 
қалыптасуында 
сан 
түрлі 
қажеттіліктерге  сəйкес  ұлы  мақсаттар  айқындалып  отыр.  Оның 
ең  бастысы  -  еліміздің  тұғырын  берік  ұстап  тұра  алатын,  оны 
одан əрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлау. Осы қажеттілікті 
жүзеге  асыру  үшін  «Қазақстан-2030»  стратегиялық  даму 
бағдарламасы  қабылданды.  Қоғамды  дамытушы  негізгі  күш 
жастар  болғандықтан,  оның  бойында  ұлы  істі  жүзеге  асыра 
алатындай күш-қабілет болуы керек. Ол күш - білім, тəрбие, іс-
əрекетте жұмыс орны мəселесі.  
Қандай да бір ұлы іс болмасын, ол қашанда сол халықтың, 
елдің  саяси-əлеуметтік,  тұрмыстық-экономикалық  хал-жайына, 
көңіл-күйіне, сана-сезіміне байланысты болады.  
Еліміздің  нығаюына  халықтың  өзін-өзі  басқаруының  дами 
беруіне жастар жан-тəнімен мүдделі.  
Қазақстан  Республикасы  тəуелсіз  даму  жолына  енді  ғана 
түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, өркениетті елдер 
қатарына  қосылады.  Мұны  жүзеге  асыратын  Қазақстанның 
қазіргі жас азаматтары.  
Өркениет  жолында  алға  ұмтылған  ұлт,  ең  алдымен, 
жастарға  оқу  білім  жəне  тəрбие  беру  ісін  дұрыс  жолға  қоюы 
тиіс.  Ұлттың  бүгіні  де,  болашағы  да  тəрбиелі  ұрпаққа 
байланысты.  Жас  ұрпақтың  толық  жетіліп  қалыптасқан  ұлттық 
сана-қабілетін,  түсінік-талғамын,  мінез-құлқында,  өзіне  тəн 
ерекшелік  менталитеті  болатынын  ғылым  дəлелдеген.  Бірақ, 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 

мұны  басқаның  бойына  жуытпайтын  оқшаулық  деп  түсінсек, 
қатты қателесеміз.  
Дұрысы, оны ұлтымыздың өзек-мəйегі, ұлттық ерекшелігі-
міздің  негізі  деп  қарастырсақ  жөн  болмақ.  Қоғамымыздың 
іргетасын  нығайту  үшін  бүгінгі жастарға  үлгілі,  өнегелі  тəрбие 
беру  -  қазіргі  міндеттің бірі.  Имандылық, ізгілік,  адамгершілік, 
ұлтжандылық  жəне  де  толып  жатқан  кісілік  қасиеттер 
отбасында  қалыптасады.  Бұлар  арқылы  оқушыны  алға 
талпындыруға,  отанды  сүюге,  ата-аналарға,  үлкендерге  деген 
кішіпейілділікті  бойына  сіңіруге,  салауатты  өмір  сүруге, 
залалды əдеттерден аулақ болуға тəрбиелеуге тиіспіз.  
Отбасы,  балабақша,  мектеп  -  өскелең  ұрпақты  тəрбиелеу 
жүйесіндегі  шешуші  буындар.  Олардың  жас  ұрпақты 
тəрбиелеудегі  ролі  өте  зор.  Еліміздің  барлық  жастары  осы 
буындар  арқылы  өмірге  жолдама  алады.  Олар  ешуақытта 
отбасынан,  қоғамнан  бөлініп,  өз  бетінше  жеке  автономиялық 
мекеме  болған  емес.  Сондықтан  оның  іс-əрекеті  отбасымен, 
жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, 
бұлардың тəрбиелік функциясы осында.  
Жалпы  алғанда,  тəрбие  үрдісінің  тиімділігі  мен  нəтижесін 
зерттеудің  нақты  көрсеткіштеріне  мінез-құлықтың  негізгі 
дəлелдері, адамгершілік құндылықтар мен бағдарлар, оқушылар 
əрекеттері, шығармашылық қабілеттері алынады.  
Бала  тəрбиесі  –  ана  сүтінен  басталып,  біреудің  біреуге 
ықпалы  арқылы  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі  құбылыс. 
Тəрбиенің  ең  алғашқы  бастамасын  отбасында  алса,  жалғасы 
мектеппен  байланысты,  яғни  бала  тəрбиелене  отырып  білім 
алады.  
Отбасы мен мектеп қабырғасында қаланған ұлттық тəрбие 
ұстанымдары  жоғары  мектепте  өзінің  жүйелі  түрде  жалғасын 
табады.  
Ал  кейінгі  кездегі  бала  тəрбиелеу  бағытындағы  күрделі 
өзгерістерге  байланысты  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне 
Ғылым 
Министрлігінің 
«Ұлттық 
тəрбие 
туралы» 
Тұжырымдамасында:  «Тəрбие  -  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтап, іріктеп алған озық тəжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              

ұрпақтың  бойына  сіңіру,  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-
қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жəне соған 
сай  мінез-құлқын  қалыптастыру»  деген  түсінік  береді.  Екі 
анықтама  да  əртүрлі  кезеңде  берілгенімен,  тəрбиеде  көзделген 
мақсат біреу - ұрпақ пен ұрпақты байланыстыру, сабақтастыру, 
тəжірибеде шыңдалған тəрбие түрлерін, əдістерін келесі ұрпаққа 
жеткізу,  солар  арқылы  тəрбиелеу  болып  табылатындығын 
айғақтайды.  Жоғарыда  аталған  Тұжырымдамада:  «...  Тəрбиенің 
негізгі  мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани 
ойлау  дəрежесі  биік,  мəдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол, 
еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан 
адамды  тəрбиелеу»  делінген.  Бұл  қоғамға  қазіргі  кезде  қандай 
адам  тəрбиелеп,  өсіру  керек  деген  сауалдарға  толыққанды 
түсінік береді. Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін 
ең алдымен, ұлттық сана-сезімінің басым болуы керек екендігін 
баса айта кету керек. Басқалай айтқанда, бүгінде қоғам алдында 
ұлттық сана сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін 
(біздің  жағдайымызда  қазақ  ұлты)  сезінетін  азаматтарды 
тəрбиелеу  міндеті  тұр.  Ол  жөнінде  белгілі  тарихшы  –  ғалым 
Қойшығара  Салғараұлының  «Ұлттық  сана деген абстракт  ұғым 
емес, ол - ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, 
сол  ұлтты  құрайтын  халықтың  бүкіл  ғұмырнамасының,  əдет-
ғұрпының, салт-дəстүрінің, əдебиеті мен мəдениетінің, өнерінің, 
тұрмыс-тіршілігінің  тарихын  білу  дəрежесін,  яғни  халықтық 
өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға 
негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы 
өріс  жайып,  ұлттық  дəстүр  арқылы  өз  болмысын  -  танытады» 
дейді.  Осыдан  шығатын  қысқаша  қорытынды  ұлттық  сана-
сезімді  ояту  үшін  халықтық  дəстүрлерді,  əдебиеті  мен 
мəдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу, 
үйрету  керек.  Жастардың  ұлттық  дүниетанымын  халықтық 
ерекше  қасиеттері  арқылы  кеңейтіп  тəрбиелеу,  оны  əрі  қарай 
дəстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады.  
Тəрбие 
мəселесіне 
байланысты 
ғылыми 
зерттеу 
жұмыстарды жүйелейтін болсақ, оны үш топқа бөлуге болар еді. 
Олар:  əлеуметтік,  биопсихологиялық  жəне  өзара  байланысты 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 

синкретті  тəрбиелер.  Бұл  тəрбие  түрлерімен  айналысушылар 
мектептегі  бала  тəрбиесімен  тікелей  айналыса  отырып,  оны 
жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруда,  оқу  орындарында 
қалыптасқан  үрдіске  бейімдей  отырып  жаңа  идея  тұрғысында 
шыңдалған азамат етіп шығаруда көп еңбек сіңіреді.  
Əлеуметтік тəрбие беру
 ісі - тəрбиеленушіде болатын туа 
біткен  мінез-құлықты,  тұқым  қуалаушылық  қасиеттерді  қажет 
жағдайда өзгерту керек деген мақсатта «жұмыс атқарады». Бұл 
тəрбие түрі көбінесе жас жеткіншекке көтерілу, жандану белгілі 
бір  дəрежеге  жету  сияқты  алға  ұмтылушылық,  оптимистік 
көзқарасты үйретеді.  
Биопсихологиялық  тəрбие  адамның  қоршаған  ортамен, 
əлеуметтік – əдени өмірмен өзара байланыс жасау іс-əрекетінің 
маңыздылығын  айқындап  береді.  Тəрбиенің  бұл  түрі 
тəрбиеленушіні дербес тəрбиелеуде көп септігін тигізеді.  
Үшінші  тəрбие  түрі  -  тəрбие  процесіндегі  əлеуметтік  , 
биологиялық,  психологиялық  жəне  тұқым  қуалаушылық 
құраушылардың  өзара  синкретті  байланыстылығына  көп 
көңіл  бөледі.  Сондықтан,  тəрбиенің  бұл  түрі  –  тəрбиенің 
салыстырмалы түрі ретінде де қолданылуы мүмкін.  
Тəрбиенің  жұмысының  негізгі  мақсаты  -  оқушының  кез-
келген  іске  белсенділігін  арттыру,  адамдармен  мəдени  қарым-
қатынасын  қалыптастыру,  кішіпейілділікке,  сыпайлыққа  жəне 
адамгершілік  пен  имандылыққа  тəрбиелеу  болғандықтан,  əрбір 
тəрбие  тегіне  ұлы  адамдардың  нақыл  сөздерін  ұран  ретінде 
алып, сол ұранның орындалуын тікелей қадағалау көрсеткіштеріне 
қол жеткізеді.  
Адамзат  тарихында  Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстаз 
атанған ұлы Əбу Насыр əл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім 
емес, тəрбие беру керек, тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас 
жауы,  ол  келешекте,  оның  өміріне  апат  əкеледі»  дегенін  біз, 
ұстаздар  қашанда  жадымызда  ұстауымыз  керек.  Өйткені,  білім 
мен  тəрбие  -  егіз  ұғым.  Сапалы  білім  мен  саналы  тəрбие 
шынайы  астасқанда  ғана  ұлт  тілегі,  мемлекет,  халық  мүддесі 
орындалмақ, қоғам өзінің рухани дамуына сай асыл қасиеттерге 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              

қол  жеткізбек.  В.  Дальдің  анықтамасына  сүйенсек,  білім  беру 
ақыл-ой мен адамилық қасиеттері қалыптастырады.  
Бүгінгі таңда заман талабына сай жеке тұлғаны тəрбиелеу, 
оларға  білім  берудің  озық  үлгілерін  ұсыну  қазіргі  заман 
талабынан туындап отырған негізгі мəселелердің бірі.  
Жеті  атаны  білу
  –  абзал  ата-бабаларымыздың  аруағына 
тағзым  етіп,  құрмет  көрсету,  жеті  рулы  елдің  мұң-мұқтажын, 
асыл  арманын  бойына  жинап  жүрген  ел  жақсыларының  кісілік 
қасиеттерін,  ерлік  келбетін,  ұлт  тазалығын  жастарға  үлгі  етіп 
ұсыну. 
Халықтың  қарым-қатынас  тəрбиесінде  обал,  сауап  деген 
ұғымдарға  ерекше  мəн  беріледі.  Обал  -  жақсы  нəрсені  қадірін 
біл,  оны  тастама,  оның  зарын  түбінде  тартасың  деген  ұғымды 
білдіреді.  Мысалы,  «сүтті  төкпе,  обал  болады»-  деп  ескерту 
арқылы  халық  ұрпағын  адам  мен  жан-жануарлардың, 
табиғаттың  қадірін  білуге,  олардың  қасиеттерін  жоғары 
бағалауға тəрбиелейді.  
Сауап 
-  басқаға  жақсылық  істеу.  Табиғатқа  қамқорлық, 
яғни сауап ізгі жасау. Сауап болсын деп қайнардың көзін ашқан. 
Қазақ  дəстүрінде,  қарым-қатынасында  «сауап  жасау,  сауабын 
алу»  -  əрбір  адамның  адамгершілік,  азаматтық  борышы.  Қазақ 
халқының  бір-бірімен  қарым-қатынасында,  сондай-ақ,  кесір-
кесапат, ысырап деген ұғымдар бар. 
Кесір 
–  қалыптан  тыс  анайы  қылық,  зиянды  əрекет, 
ақымақтықтың көрінісі. Кесірдің арты кедергі, кесепат, өйткені 
кез келген теріс қылық адамды жамандыққа ұшыратады. «Көпті 
жамандама,  көңілсіз  қаласың»,  «Асты  қорлама,  құстырады»  - 
деген мақалдарды халық кесір, кесапат жасамау үшін шығарған.  
Ысырап 
-  əр  заттың  құнын,  бағасын  білмей  тапқан-
таянғанды  босқа  шашқанды,  еңбекті  қадірлемеуді  білдіреді. 
Сондықтан  «судың  да  сұрауы  бар»  -  деген.  Халық  өсиеті  жас 
ұрпақты əр нəрсені тиісінше өз орнымен пайдалануға негіздейді. 
Міне,  осының  бəрі  халықтың  қарым-қатынас  тəрбиесіндегі 
негізгі құндылықтары, ұлттық аспектілер болып есептеледі. 
Əдеп  сақтау
  –  ол  əулет,  əлеумет  қоғам  мүшелерін 
қалыптасқан  əдептілікті  бұзбауға  міндеттейді.  Əдептілікті  бұзған 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
10 
адамға қауымдастың атынан сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға, 
типті,  тыйым  салуға  де  ерікті,  өйткені  əдеп  сақтау  -  əлеуметтік 
дəстүр.  Əдеп  сақтаудың  экологиялық  та  астары  бар.  Əдепті  адам 
табиғатты  қорғай  білуі  керек.  Əдеп  сақтау  -  мінез-құлық  ережесі. 
Осы  ереже  бұзылса,  халықтық  дəстүрде  де  бұзылады.  Ұлттық 
намысқа  нұқсан  келеді.  Əдеп  -  сақтау  халықтық  рəсімге,  жол-
жоралғыға,  тəртіпке  құлдық  етіп  амалсыз  бағыну  емес,  сол 
заңдылықтарды 
құрметтеу, 
қастерлеу, 
дəлірек 
айтқанда, 
адамгершілік  борышын  өтеу  болып  табылады.  «Əдептілік  - 
əдемілік»  -  дейді.  Халық.  Əдеп  сақтаудың  психологиялық  астары 
да терең. Əдептілік - ізеттік, кішіпейілдік деген сөз.  
Бауырмалдық 
–  қазақтың  ұлттық  психологиясына  тəн 
адамгершілік қасиеттің ерекше бір көрінісі. Бала – бауыр еттен 
жаралған  –  деп,  қазақтың  бауырмалдығы  баланы  əлпештеуден, 
баланың  ата-анасын  құрметтеуден  басталады.  Ата-текті  жақсы 
білу  бауырмалдықтың  белгісі.  Иманды  адам  ата-текті  ажырата 
білуді рушылдық емес, бауырмалдық деп біледі.  
Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария 
келіп сəлем береді» деген сөз бар. Мұнда жасы үлкен кісі өзінің 
кішіпейілділігін  көрсетеді.Оңтүстік  қазақтары  оң  қолмен  төсін 
басып  сəлемдеседі,  енді  бір  жақтың  адамдары  қолдасып, 
құшақтасып  амандасады.  Осылардың  бəрінде  де  кісілердің  бір-
біріне деген ізгі-тілегі мен мейірбандылығы жатыр.  
Техникалық  оқу  орындарының  орыс  бөлімдерінде  қазақ 
тілін  оқытуды  жалпы  дидактикалық  ұстамдар  ескеріліп, 
жұмыста  олардың  негізгі  əрі  қажет  принциптері,  ұстанымдары 
қолданылады. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келгенде  төмендегідей 
түйін жасалады.  
Техникалық негізде жоғары білім беретін оқу орындарындағы 
Қазақ тілі пəнінің басты міндеттері – студентке қажетті ақпаратты 
өз  бетінше  алу  дағдыларын  қалыптастыру,  өзіндік  қорытынды 
жасай  білуді  үйрену,  фактілерді  салыстыру,  құбылыстарды 
бағалау,  өздері  алған  ақпараттарды  интерпретациялау,  өз  пікірін 
дəлелді  түрде  қорғай  білу,  кəсіби  лексиканы  жетік  жəне  шебер 
меңгертумен  қатар  жоғарыда  көрсетілген  қазақ  халқының  ұлттық 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
11 
тəрбие  аспектілерін  студенттердің  санасына  сіңіру  болып 
табылады.  
Əдебиеттер 
1.
 Сейітқазы  П.  «Ұрпақ  тəрбиесінің  кейбір  мəселелері»  // 
Ұлт тағлымы. 2003. №1. 
2.
 Қазақстан  мектебі  2003  №11.  Халық  тағлымы  -  ұлттық 
тəрбиелеу. 
3.
 Бастауыш мектеп 2003 № 9. Ұлттық тəрбие - ұлағатты іс. 
4.
 Егемен  Қазақстан  2005  сəуір.  Ұлттық  тəрбие  қоғамдық 
пікір тұтастығының кепілі.  
 
 
Тұрсынова Г.Т., Рысқұлбекова Р.С. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ЖЕТІ САНЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ 
 
Халқымыздың  ұғымында  əбден  қалыптасқан,  салт-дəстүрі 
мен дүниетанымында ерекше орын алып келе жатқан сандардың 
бірі  –  жеті.  Жеті  санының  киелі  қасиетке  ие  болуы  тек  қазақ 
халқында  ғана  емес,  дүниежүзінің  барлық  халықтарына  тəн 
құбылыс.  «Число  семь  признавалось  священным  не  только 
всеми  цивилизованными  народами  античности  и  востоке,  но  и 
глубоко  почиталось  даже  позденейшими  народами  западе. 
Астрономическое  происхожедение  сего  числа  не  вызывает 
сомнений»,  дей  келе  төмендегідей  мысалдар  келтіреді.                
Е.П.  Блаватская  «-  у  египте  было  семь  изначальных  высших 
богов, у финикийцев – семь кабиров, у персов – семь священных 
коней  Митры,  у  персов  –  семь  ангелов,  противостоящих  семи 
демонам,  а  также  семь  небесных  обителей,  соответствовавших 
семи  нижним  сферам».  Сол  сияқты  түркі  тектес  халықтардың 
барлығында кездесетін «Жетім келді дегенше жеті бөрі келсін» 
мақалы  қырғыздарда  жеті  атадан  əрі  ғана  қыз  алысу  дəстүрі 
ғасырлар бойы сақталып келеді. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
12 
Қытай  мəдениетінде  адам  қайтыс  болған  соң  жетінші, 
жиырма  бірінші,  қырық  тоғызыншы  күндері  аза  білдіру  салты 
бар.  Бұл  күндерді  олар  «жетінші»,  «үш  жетінші»,  «жеті 
жетінші», «жеті ай» деп атап өтеді.  
Ал,  үнділерден  «жеті  мүше»,  «жеті  нан»  киелі  қасиет 
ырымы  тараған.  Ал  ежелгі  Вавилондықтар  əрбір  жеті  күннен 
кейін  мерекелеп  отырған.  Аспан  əлеміндегі  жеті  шырақ:  Күн, 
Ай,  Меркурий,  Сатурн,  Марс,  Юпитер,  Шолпан  жеті  құдай 
атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті 
сатылы күмбез орнатылды. 
Француздың  археологы  Бусце  де  Порт  сүйектерге 
түсірілген сызықтарды тауып, оларды мұқият зерттеп, мынадай 
қорытынды жасайды, ... бұл ертедегі адамдардың қолданған Ай 
күнтізбегі»  -  деді.  Бұл  ұзақтығы  жеті  күн  тəулігіне  тең  Ай 
күнтізбегіне  байланысты  туған  уақыт  өлшемін  білдіреді,  жаңа 
туған ай жеті күнде жарты айға, келесі күнде толық айға, үшінші 
аптада ай оң жақ шетінен азая бастайды да, төртінші аптада ай 
күнмен  тұспа  –  тұс  келеді.  Осы  аралықта  ай  бір  –  екі  күн 
көрінбей  кетеді,  ол  кезеңде  халық  «өлі  ара»  деп  атайды.  Осы 
өзгерісті  бұдан  4000  жыл  бұрын  байқаған  ассириялықтар  мен 
вавилон абыздары ай күнтізбегін жасаған. 
Басқа  халықтар  сияқты  қазақтардың  да  жеті  санын  киелі 
тұтуының түп негізі парсылар арқылы вавилондықтардан келген 
деген деректер бар. Жеті санының төңірегінде кездесетін бір топ 
мақал  –  мəтелдерден  халқымыздың  өткен  өмірінен  мəлімет 
аламыз,  таным  –  түйсігін,  əдет-ғұрпын,  салтын  көреміз.  Ол 
мақал-мəтелдер  бүгінгі  таңда  ұрпақ  тəрбиесінде  де  өз  құнын 
жоймай келеді, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып өшпес мұра болып 
қала беретіні де хақ. Мысалы, «Жеті атасын білмеген – жетесіз» 
жəне  «Жеті  атасын  білген  жеті  рулы  елдің  қамын  жейді» 
дегенде, біріншіден əкесінен бастап арғы аталарын біліп жүрсін, 
олардың  аттарын  өшірмесін,  өзінің  сол  ұрпақтың  жалғасы 
екенін  ұмытпасын,  сол  жеті  атаның  берген  үлгісін,  қамқорын 
ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырып  жүрсін  дегенді  білдіреді.  Бір 
атадан  тараған  ұрпақ  жеті  атаға  жеткенде  ақ  түйе,  боз  қасқа 
сойып,  үлкен  жиын  жасап,  бұдан  былайғы  жерде  қыз  алысып, 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
13 
қыз  берісуге  болады  деп  жариялаған.  Қырғыз  халқында  жеті 
атасының  атын  білмеген  түксіз  құл  деп  саналған,  ал 
алтайлықтарда  жеті  аталарының  аты  арқылы  берілген. 
Халқымызда  сонымен  қатар  «жеті  атасынан  бай»,  «жеті 
атасынан  жарымаған»,  «жеті  атаңнан  түк  көрмепсін»,  деген 
тіркестер  де  бар.  «Жетіге  келгенше  жерден  таяқ  жейсің»  деген 
мақалы да бар.  «Жеті  қарақшыны  таныған жеті  түнде адаспас» 
деген  сөз  бар,  бұл  жерден  де  жеті  санының  қасиетін  көреміз. 
Ата-бабаларымыз  осы  жеті  қарақшыға  қарап  көшіп-қону, 
жайылым бағытын болжаған, аспан сағаты деп қолданған, себебі 
жұлдызға қарап түнгі уақытты, ауа райын анықтаған. Осы жеті 
қарақшы  туралы  əр  түрлі  аңыздар  да  бар,  соның  бірі:  «Ерте 
заманда  Қыран  атты жігіт  пен  Үлпілдек  атты қыз  көңіл  қосып, 
жігіт  қызды  алып  келе  жатқанда  жеті  қарақшы  алып  қашып, 
ешкім жете алмасын деп аспаннан орын тапқан екен. Содан бері 
Жетіқарақшы  аталыпты.»  Осы  аңыз  туралы  ұлы  ғалым 
Ш.Уəлиханов: «Бұл ерте заманнан келе жатқан аңыз болуы тиіс, 
өйткені  монғолдар  жеті  қарияның  жұлдызы  деп  атайды. 
Халқымыз  Жетіқарақшы  жұлдызын  жеті  сақтаушы,  күзетші 
ретінде қастерлеп дəріптеген» деп айтады. 
Əз  Тəуке  ханның  заңдарының  ішіндегі  ең  бастыларының 
бірі  «Жеті  жарғыдан»  да  жеті  санының  қасиетін  көреміз. 
«Қасым  ханның  қасқа  жолы»  мен  «Есім  ханның  ескі  жолы» 
заңдарына Тəуке хан (1680-1718жж) күл төбенің басында күнде 
кеңес өткізіліп, «қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы екі 
тарау  қосылып,  «Жеті  жарғы»  деп  аталады.  Тəуке  хан 
«Ережесінің»  жалпы  бағыты  –  қазақтың  феодалдық  жоғары 
тобының  артықшылық  жағдайларын,  оның  саяси  үстемдігін 
қорғау, феодалдық меншікті жəне патриархаттық əулетте үстем 
болған тəртіптерді қорғау, мұсылман дінін қолдау. 
«Жеті  амал  жаман  жоқ,  қыс  сірə,  жайлы  болар»  деп, 
табиғаттың  құбылыстарын  жіті  көзбен  бақылап  отырған 
бабаларымыз ауа  райы туралы болжамдар айтқан.  Ы.Алтынсарин 
«Жұт туралы» еңбегінде «есепшілер жұттың болатынын алдын-ала 
біліп,  елді  сақтандырған»  дейді.  Бұл  жеті  амалға  табиғаттың 
төмендегідей  құбылыстарын  жатқызады:  күннің  тоқырауы, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет