105
§16. Виртуалды тур жобасын әзірлеу. Практикум
Виртуалды тур жасау үшін арнайы жабдықтар мен програм-
малық жасақтама қолданылады. Жоғары айқындылық пен нақ-
тылаудың
сфералық көріністері жасалады, сондықтан пайда-
ланушы суретті ұлғайтып, оларды жақсы қарастыру үшін кез
келген объектілерге жақындай алады.
Виртуалды тур жасау кезеңдері:
1. Бірінші кезекте нені және қалай
көрсету қажет екендігі
жайлы жоспар әзірленеді.
2. Суретке түсіру. Алынған суреттерден қолайлылары таң-
далып, өңделеді.
3. Фотосуреттерден үшөлшемді объектілер жасалады.
4. Соңғы қадам – толық виртуалды тур алу үшін барлық бө лік тер
жиналады.
Виртуалды турды көрсетілген
кезеңдер бойынша орындап
көрейік.
Бірінші кезең – жоспар құру. Алдыңғы сабақта орындаған
3D панорама бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ең көрнекті
ғимараттарының бірі «Бәйтерекке» саяхат жасайық. Ол үшін
ғимарат ішінің түсірілім нүктелерін таңдап, жоспарлау қажет.
Бәйтерек ғимаратының түсірілім нүктелерін жоспарлау