Г. И. Сал­ға­раева Л. А. Рса­ли­на А. Б. Есен­күл


§12–13. 3D па но ра ма және виртуалды тур



Pdf көрінісі
бет85/211
Дата15.02.2022
өлшемі10,63 Mb.
#25556
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   211
§12–13. 3D па но ра ма және виртуалды тур
3D  панорама  –  компьютер 
мониторында 
көрсетуге 
бейім-
делген қоршаған ортаның 360°-тық 
бейнесі. 3D панорамада көру бағы-
тын  өзгертуге,  суретті  үлкейтуге, 
жеке бөлшектерді қарауға болады.
3D панораманың түрлері:
1.  Жазық  панорама  –  бір неше  кадрдан  құралған  қара пайым 
кеңформатты фотосурет. 
2.  Сфералық  панорама.  Сфералық  панорамалар  көлденеңінен 
360° және тігінен 180°- ты қамтиды. Ол айна ла дағы барлық 
көрінетін  кеңістікті  қамтып,  фотосуретті  сфераға  жабады 
және тұтас көлемді суретті береді. 
3.  Цилиндрлік  панорама  (циклорама)  –  көлденеңінен  360°-
ты,  ал  тігінен  180-нен  төмен  градусты  ғана  қамти  алады. 
Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шека-
раларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады. 
Панорама 
айналадағы 
барлық 
көрінетін 
кеңістікті 
көрсетеді,  қолданушы  360°-қа  бұрыла  алады,  бірақ  төмен 
немесе  жоғары  қарай  бұрыла  алмайды.  Мұндай  панорама 
бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді 
желімденеді. 
4.  Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проек-
цияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі 
панораманың  артықшылығы:  дайындау,  сақтау,  тасымал-
дау  қарапайымдылығы  болып  табылады,  себебі  күрделі 
пішін  бетімен  емес,  тек  текшенің  алты  қырымен  –  жазық 
және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет