Г. И. Сал­ға­раева Л. А. Рса­ли­на А. Б. Есен­күл


-сурет. Google Photos терезесі 6. Dermandar



Pdf көрінісі
бет95/211
Дата15.02.2022
өлшемі10,63 Mb.
#25556
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   211
57-сурет. Google Photos терезесі
6. Dermandar 
Dermandar  –  бір не ше  рет  шер ту  ар қы лы  фо то су рет тер ді 
біріктіретін веб-сайт .
Веб-сайтқа кіріп, екі опцияның бірін таңдау керек (360°-тық 
шолу немесе кең бұрышты). Таңдалған фотосурет терді жүктеп, 
олардың біріктірілгенін бірнеше секунд күту қажет. Нәтижесінде 
бір бұрыштан екінші бұрышқа тінтуір көмегімен қозғалатын та-
маша нәтиже алынады. Суретті кеңейту үшін Fullscreen (толық 
экран)  белгішесін  басу  керек.  Options  батырмасы  файлды  ком-
пьютерге JPEG форматында жүктеуге мүмкіндік береді (http://
www.dermandar.com/) (58-сурет).
58-сурет. Dermandar терезесі


97
Сонымен қатар виртуалды тур жасауға арналған программа 
түрлері өте көп. Атап өтетін болсақ: 
•  3DVista Virtual Tour Pro
•  Kolor Panotour Pro;
•  Pano2VR;
•  Lapentor;
•  Marzipano; 
•  Panoroo;
•  OpenSpace3D және т.б.
Бұлар – виртуалды тур жасауға арналған күрделі програм-
малар. Себебі оларды орнату мен жұмыс істеу, қызмет түрлерін 
ажырату, 360°-тық кең бұрышты және сапалы тур жасау күрделі 
жұмыс пен көлемді уақытты талап етеді. 
Виртуалды  тур  жасауға  арналған  программаларды  таңдау 
кезінде бір ескеретін жайт – дербес компьютердің жүйелік та-
лаптарына сәйкес келетінін таңдау. 
Ең бастысы, сипаттамалары мен ерекшеліктерін, артықшы-
лықтары мен кемшіліктерін салыстыра отырып, өзіңе қолайлы-
сын таңдап, пайдалану.
Кейбір  программалардың  толық  нұсқасын  алу,  төлемақы 
жасауды  қажет  етеді,  ал  біреулері  тегін  сынақ  түріндегі  нұс-
қасын ұсынады. Соның бірі – Kolor Panotour Pro.
Kolor Panotour Pro – Krpano қозғалысына негізделген вир-
туалды  турлардың  көрнекі  редакторы.  Программаны  құрушы 
Kolor  компаниясы  жұмыс  жасауын  тоқтатқанымен,  сынақ 
түріндегі берілген нұсқаларын  пайдалануға болады. Сондай-ақ 
программа қарапайымдылығымен танымал. 
Визуалды интерфейстен басқа, бұл өнім кең мүмкіндіктерді 
ұсынады: 
•  турға панорамаларды байланыстыру
•  суреттерді кірістіру
•  видео және музыка
•  ауысу режимін баптау
•  визуалды интерфейс және т.б. 
Программаның  түрлі  нұсқалары  бар,  соның  бірі  –  Kolor 
Panotour  2.3.2  (https://kolor-panotour.ru.uptodown.com/windows/
download/113033). 
Бұл нұсқа түрімен алдағы уақытта жұмыс жасайтын бола-
мыз (59-сурет).


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет